Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялардың қызметі жаңартылды

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялардың қызметі жаңартылды

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қазіргі уақытта өңірлердегі комиссиялар жаңартылған тәртіп бойынша жұмысы жасауда. Құжат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 30 желтоқсанда қол қойған «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» Заңды іске асыру мақсатында 2026 жылғы 30 наурызда қабылданды.

Өткен жылғы көрсеткіштер комиссия қызметін жаңартудың өзектілігін айқындайды. Мәселен, 2025 жылы елімізде 4,1 мыңға жуық отырыс өтті. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 3,7%-ға артық. Қаралған істер саны 26,7%-ға артқан, бұл деректер комиссиялардың қызметі жанданғанын көрсетеді. Сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларға қатысты істердің үлесі 17,1%-ға азайған. Бүгінде республика бойынша 274 комиссия жұмыс істейді. Бұл комиссиялар- өңірлік деңгейде бала құқықтарын қорғау саласында шешім қабылдайтын бірден-бір ведомствоаралық орган.

— Жаңа ережелер мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тиімділігін арттыруға бағытталған. Құжатта республикалық деңгейден бастап аудандық және ауылдық деңгейге дейінгі комиссияларды қалыптастыру тәртібі нақты айқындалған. Олардың құрамына білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер, әлеуметтік қорғау салаларының өкілдері, психологтар, қоғамдық ұйымдар және Бала құқықтары жөніндегі уәкілдер кірді, — делінген министрлік хабарламасында.

Комиссиялардың негізгі міндеттері — балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, оларды қалпына келтіру, құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау, қараусыздықтың, буллингтің, зорлық-зомбылықтың және қоғамға жат мінез-құлықтың алдын алу.

— Ережелерде материалдарды қарау тәртібі, шешім қабылдау мерзімдері, отырысқа кәмелетке толмағандардың және олардың заңды өкілдерінің қатысу міндеттілігі, сондай-ақ балаларға және олардың ата-аналарына қатысты қолданылатын шаралар нақты регламенттелген. Сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайдағы балаларды ерте кезеңде анықтау, оларды әлеуметтік оңалту және қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылған. Бұл ретте бала құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігі күшейтілді, — делінген хабарламада.

Жаңа ережелер комиссиялар жұмысының жүйелілігі мен ашықтығын қамтамасыз етіп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу тиімділігін арттыруға және әрбір баланың құқықтарын кешенді қорғауға мүмкіндік береді.

Айта кетелік мектептер мен колледждерде «ДосболLIKE» антибуллингтік бағдарламасы жүзеге асырылып жатқаны туралы жазған едік. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:140
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Сәуір 2026 11:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see144

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see143

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see138

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see137

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see135

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see135

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see133

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see131

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see130

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see130

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see125

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see124

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see124

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see121

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see116

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see115

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see115

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see115

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see113

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары