Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Аида Балаева: Конституцияда сөз бостандығына кепілдік беріледі және цензураға тыйым салынады

Аида Балаева: Конституцияда сөз бостандығына кепілдік беріледі және цензураға тыйым салынады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жезқазғанда С. Қожамқұлов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Делегацияны ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап келді. Кездесуге сондай-ақ депутаттар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері, қоғам қайраткерлері, заңгерлер, білім беру саласының мамандары және өңір тұрғындары қатысты.

Жиында Премьер-министрдің орынбасары Жаңа Конституция жобасында білім беру, ғылым, мәдениет және инновацияларды дамытуға, сондай-ақ ұлттық бірегейлік пен тарихи-мәдени мұраны сақтауға бағытталған нормаларға ерекше назар аударды.

«Жаңа Конституцияда ұлттық мәдениетті дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау сияқты мәселелер де нақты көрініс тапқан. Мұның бәрі ұлттық болмысымызды сақтауға және рухани құндылықтарды келер ұрпаққа жеткізуге бағытталған маңызды қадам деп білемін. Жоба аясында білім беру, ғылым, мәдениет және инновация салаларын дамытуға ерекше назар аударылады. Өйткені қазіргі заманда адам капиталы – кез келген елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы. Қуатты мемлекеттің тірегі – озық ойлы ұлт, дамыған мәдениет және жоғары зияткерлік әлеует», – деді Үкімет басшысының орынбасары.

Сонымен қатар Аида Балаева Жаңа Конституция жобасы іргелі демократиялық қағидаттарды нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Оның ішінде сөз бостандығына кепілдік беру мәселесі ерекше көрсетілген. Сонымен бірге әрбір азаматтың ар-намысы, қадір-қасиеті мен құқықтарын қорғау да толық қамтамасыз етілетіні нақты айқындалған.

«Жаңа Конституция жобасы дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, сөз бостандығына толық кепілдік береді. Ұсынылып отырған нормалар сөз бостандығын шектеуге емес, әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін, жеке өмірін қорғауға бағытталған. Ең бастысы – негізгі қағида өзгеріссіз қалады. Конституцияда сөз бостандығына кепілдік беріледі және цензураға тыйым салынады. Сөз бостандығы мәселесіне тек журналистиканы дамыту тұрғысынан ғана қарауға болмайды. Қазіргі ашық қоғамда әркім өз ойын еркін білдіре алады, бірақ бұл құқық кең мүмкіндіктермен қатар белгілі бір жауапкершілікті де талап етеді. Әрине, қоғамда әртүрлі пікірдің айтылуы – қалыпты құбылыс. Дегенмен қандай сын айтылса да, тұтас бір халықты кемсітіп немесе оның болашағына күмән келтіретін тұжырымдар жасау дұрыс емес деп ойлаймын. Қазақ халқы ғасырлар бойы талай тарихи сыннан өтіп, өзінің тілін, мәдениетін және ұлттық болмысын сақтап қалған халық. Ең бастысы Президентіміз айтқандай, тәуелсіздік – бәрінен де қымбат құндылық. Тәуелсіздік бізге кездейсоқ келген жоқ, ата-бабамыздың күресі мен қаншама боздақтарымыздың еңбегінің нәтижесінде келді. Сондықтан оның қадірін төмендетуге немесе жоққа шығаруға болмайды. Ең маңыздысы – қоғамды бөлетін емес, біріктіретін ой айту, ұлт болып ауызбірлігімізді сақтап, татулық пен өзара сыйластық арқылы ортақ мүддемізді қорғау», – деді Аида Балаева.

Сөз соңында Премьер-министрдің орынбасары жаңа Конституция жобасының қоғамда кең талқылануы елдегі саяси мәдениет пен азаматтық жауапкершіліктің арта түскенінің айқын көрінісі екенін атап өтті. Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер әділетті мемлекеттік құрылым қағидаттарын нығайтуға, билік институттарына деген сенімді арттыруға және Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

«Қазіргі кезде жаңа Конституция туралы қоғамда әртүрлі пікір айтылып жатыр. Бұл – қалыпты құбылыс. Өйткені азаматтардың Ата Заңның әрбір бабына үңіліп, оның мазмұны мен болашақтағы ықпалын талқылауы – қоғамның саяси мәдениетінің өскенін, азаматтық жауапкершіліктің күшейгенін көрсетеді. Жасыратыны жоқ, Конституцияға енгізілген өзгерістерді Президенттің билігін күшейту әрекеті деп бағалап жатқандар да бар. Алайда бұл пікірдің еш негізі жоқ. Жаңа Конституцияда Президент өкілеттігіне белгілі бір шектеулер енгізілген. Мәселен, Жаңа Конституцияға сәйкес Президент жеті жылдық мерзімге бір рет қана сайланады, сондай-ақ оның жақын туыстары жоғары мемлекеттік қызметтерге тағайындала алмайды. Шын мәнінде, Мемлекет басшысы суперпрезиденттік модельге мұқтаж емес. Керісінше, бүгінгідей аумалы-төкпелі, күрделі геосаяси кезеңде бізге елдің тыныштығы мен тұрақты дамуына кепіл бола алатын, мемлекет мүддесін бәрінен жоғары қоятын Қасым-Жомарт Тоқаевтай Президент қажет», – деді Аида Балаева.

Кездесуде Жалпыұлттық коалиция өкілдері – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай, мемлекет және қоғам қайраткері, заңгер Серік Ақылбай, ғалым, қоғам қайраткері Нұрлан Дулатбеков, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткері Әбілғазы Құсайынов сөз сөйледі. Спикерлер өз баяндамаларында ұсынылып отырған өзгерістер қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға қосымша жағдай жасайтынын, сондай-ақ азаматтардың елдің қоғамдық және саяси өміріне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтетінін атап өтті.

Ұлытау облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Гүлбану Сейтжанова жаңа Конституция жобасы отбасы құндылықтарының, этносаралық келісімнің және қоғамдық диалогтың маңызын арттыра түсетінін ерекше атап өтті. Сондай-ақ ол өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен Аналар кеңесінің мүшелері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысып жатқанын және алдағы референдумды қолдайтынын айтты.

Кездесуде сөз алған қатысушылар жаңа Конституция жобасы қоғам тарапынан тек құқықтық құжат ретінде ғана емес, сонымен бірге тарихи сабақтастықты, мемлекеттің егемендігін, ел бірлігі мен тұтастығын және адами капиталды дамыту басымдығын айқындайтын құндылықтар жүйесі ретінде қабылданып отырғанын атап өтті.

«Мен 1995 жылғы Конституцияның преамбуласын жаңа Конституция жобасының преамбуласымен салыстырып көрдім. Менің ойымша, жаңа мәтінде тарихи сабақтастық, мемлекеттің унитарлық сипаты, аумақтық тұтастық, ел бірлігі мен қоғамдық келісім мәселелері өте айқын әрі нақты көрініс тапқан. Әсіресе преамбулада мәдениет, білім, ғылым және инновациялар ел дамуының негізгі бағдарлары ретінде жеке атап көрсетілгені ерекше маңызды. Сондықтан жаңа Конституция жобасын референдумда қолдау – Қазақстанның алға басуына және еліміздің болашағын нығайтуға қосатын ортақ үлесіміз болады деп санаймын», – деді жезқазғандық тұрғын Ғазиз Ештанайұлы.

Кездесу соңында коалиция өкілдері тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, қатысушылар 15 наурызда өтетін республикалық референдумға саналы түрде қатысудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Наурыз 2026 13:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары