Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Азаматтардың ақысыз негізде көмек алуына мемлекет кепілдік береді Аида Балаева

Азаматтардың ақысыз негізде көмек алуына мемлекет кепілдік береді Аида Балаева

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

— Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси реформаларының арқасында әділетті әрі ашық қоғам қалыптасты деуге толық негіз бар. Расында, азаматтардың Ата Заңның әрбір жолына үңіліп, оның мазмұны мен болашақтағы ықпалын терең пайымдауы — қоғамның саяси мәдениетінің кемелденгенін және азаматтық жауапкершіліктің артқанын аңғартады. Бұл мәселеде қолдау да, үміт те бар. Әрине, алаңдаушылық пен сын да жоқ емес. Мұның барлығы біз үшін маңызды әрі назардан тыс қалмауы тиіс. Бүгін мен қоғамды ерекше толғандырып отырған бірқатар көкейкесті мәселе мен әлеуметтік саладағы маңызды бағыттарға тоқталғым келеді. Біріншіден, әлеуметтік желіде мемлекет кепілдік беретін білім беру мен денсаулық сақтаудағы әлеуметтік міндеттемелер қысқартылады деген жаңсақ пікір тарап жатыр. Алайда жаңа Конституция жобасының преамбуласы мен бірінші бабында еліміздің әлеуметтік мемлекет екені нақты әрі айқын жазылған, — деді Аида Балаева.

Осы орайда ол ешкім медициналық көмек пен білім алу құқығынан айырылмайтынын атап өтті.

— Мына нәрсені айқын түсінуіміз керек: «тегін» деген ұғым құқықтық тұрғыдан нақтырақ — «азаматтар ақы төлемей, заңда белгiленген тәртіппен медициналық көмек алуға құқылы» деген тұжырымдамамен алмасты. Азаматтардың ақысыз негізде көмек алуына мемлекет кепілдік береді. Расында, аталған қызметтер ешқашан өздігінен тегін болған жоқ, олар әрдайым мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып келді. Осыған байланысты айтылып жүрген кез келген пайымның ешқандай негізі жоқ. Мемлекеттік бюджеттің 40 пайызға жуығы әлеуметтік салаға бағытталғанын да өздеріңіз жақсы білесіздер. Осы орайда, құжаттың 32 және 33-баптарында азаматтарымыз үшін ақысыз негізде медициналық көмек пен бастауыш және орта білім алу құқықтарының бекітілуі — шын мәнінде жоғарыда аталған адами капиталды дамытудың негізі екені сөзсіз. Сонымен бірге, бұл баптардың 3-ші тармағында көрсетілген ақылы көмек алу құқығы да азаматтардың денсаулығын сақтаудағы мүмкіндіктерін арттыратын маңызды норма. Бұл тұрғыда ұсынылып отырған құқықтық тұжырым орынды деп санаймын, — деді министр.

Оның пайымынша, десе де, осы баптарға қатысты кейбір ұғымдарда мазмұндық тұрғыда нақтылау қажет.

— Мәселен, 33-баптың 1-тармағында: «бастауыш және орта білім» деген тіркесті «орта мектеп» немесе «жалпы білім» ұғымымен алмастыруды ұсынамын. Өйткені, құқықтық тұрғыда елімізде мектеп қабырғасында алған білім бастауыштан емес, тек 9-шы және 11-ші сыныптардан кейін ғана құжат түрінде нақтыланады. Сонымен қатар, 33-баптың 2-тармағындағы: «Қазақстан Республикасы азаматының заңға сәйкес мемлекеттік жоғары оқу орындарында конкурс негiзінде жоғары білім алуға құқығы бар» қағидасынан «мемлекеттік» деген сөзді алып тастауды ұсынамын. Себебі, бұл Конституцияның бұрынғы жобасынан қалған норма ретінде жоғары білім саласындағы қазіргі заманауи өзгерістерге сай келмейді. Атап айтқанда, біріншіден, бүгінде барлық мемлекеттік жоғарғы оқу орындары коммерциялық емес акционерлік қоғам құқықтық статусында қызмет атқарады. Сондай-ақ азаматтарымыз мемлекеттің ақысыз жоғары білім алу құқығын тек мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында ғана емес, жекеменшік университеттерде де пайдалана алады, — деді Үкімет басшысының орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Kazinform агенттігінің қазақ және орыс тіліндегі Telegram арнасында Конституциялық комиссия отырысынан мәтін трансляциясы болады. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:180
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Ақпан 2026 14:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see129

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see126

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see124

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see123

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see123

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see122

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see121

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see121

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see120

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see120

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see120

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see120

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see119

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see118

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see118

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see117

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see117

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see117

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see117

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары