Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Аида Балаева: Конституцияның өзегінде адам, оның құқықтары, бостандықтары мен қауіпсіздігі

Аида Балаева: Конституцияның өзегінде адам, оның құқықтары, бостандықтары мен қауіпсіздігі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Жезқазған қаласындағы Kazakhmys Smelting компаниясына қарасты «Kazkat» зауытының алаңында кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесу өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Делегацияны ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап келді. Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай, мемлекет және қоғам қайраткері, заңгер Серік Ақылбай, ғалым, қоғам қайраткері Нұрлан Дулатбеков,  мемлекет және қоғам қайраткері Әбілғазы Құсайынов қатысты.

Кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесуде Аида Балаева жаңа Конституция жобасының негізгі қағидаты – адам құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ оның қауіпсіздігінің басымдығын қамтамасыз ету және еңбеккерлердің құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту екенін атап өтті.

«Жаңа Конституцияның өзегінде адам, оның құқықтары, бостандықтары мен қауіпсіздігі тұр. Өнеркәсіп саласы үшін еңбек ұжымдарына тікелей қатысты нормалардың маңызы ерекше. Ата Заң еңбек ету құқығын, қауіпсіз еңбек жағдайларын және кемсітусіз әділ еңбекақы алуды бекітеді. Бұл нормалар өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетуге және жұмысшылардың денсаулығын сақтауға бағытталған. Яғни еңбек жағдайлары үшін жұмыс беруші мен мемлекеттің жауапкершілігі ең жоғары деңгейде – Конституция деңгейінде бекітіледі. Заң үстемдігі қағидаты орныққан елде болжамдылық жоғары болады, тәуекел азаяды, ертеңгі күнге деген сенім күшейеді. Ал бұл өз кезегінде кәсіпорындардың дамуына және жұмысшылар отбасыларының әл-ауқатының артуына жаңа мүмкіндіктер ашады», – деді Аида Балаева.

Қатысушылар ірі өндірістік ұжымдар үшін конституциялық реформаның тек саяси оқиға ғана емес, сонымен бірге жұмысшылардың күнделікті өмірімен, кәсіпорындардың тұрақтылығымен, еңбек құқықтарының қорғалуымен және ертеңгі күнге деген сеніммен тікелей байланысты маңызды шешім екенін атап өтті. Сондықтан талқылау барысында қауіпсіз еңбек жағдайлары, әділ еңбекақы, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік шешімдердің болжамдылығы сияқты нормаларға ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында мемлекеттік-қоғамдық, сарапшылар және ғылыми қауымдастықтар өкілдері де сөз сөйледі. Олар өз баяндамаларында жаңа Конституция жобасының құқықтық маңызын, оның әділеттілік пен заңдылық қағидаттарын нығайтудағы рөлін, сондай-ақ референдумның халықтың тікелей өз пікірін білдіру тетігі ретіндегі мәнін атап өтіп, азаматтардың оған саналы түрде қатысуының маңыздылығына тоқталды.

«1995 жылғы Конституция ел қалыптасуының күрделі кезеңінде, бұрынғы экономикалық байланыстар үзіліп, мемлекет жаңа даму жолын айқындап жатқан жағдайда қабылданған еді. Ал бүгінгі Қазақстан – қалыптасқан мемлекет. Сондықтан Жаңа Конституция кездейсоқ қадам емес, жаңа жағдай мен ел дамуының жаңа міндеттеріне берілген жауап. Ең маңыздысы – құжат жобасы ашық түрде, отандық ғалымдардың, заңгерлер мен сарапшылардың қатысуымен, сондай-ақ азаматтардан түскен мыңдаған ұсыныстар ескеріле отырып дайындалды. Бұл оның шын мәнінде халықтық сипатқа ие екенін және мазмұны қоғамның сұранысына, тарихи тәжірибеге әрі ел болашағына қатысты стратегиялық көзқарасқа негізделгенін көрсетеді», – деді Серік Ақылбай.

Сонымен қатар кездесуге қатысушылар жаңа Конституция жобасы қоғамның әділетті ережелерге деген сұранысын, әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуды, еңбек адамының құқықтарын қорғауды, сондай-ақ мемлекет пен жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруды көздейтінін атап өтті.

Кәсіпорын ұжымының ұстанымын «Kazkat» зауытының қызметкері Алтынай Алпамысова білдіріп, еңбек адамы өндірістік тетіктің бір бөлшегі ретінде емес, мемлекеттің тірегі әрі оның басты құндылығы ретінде қабылдануы тиіс екенін атап өтті.

«Мен жас жұмысшы ретінде жаңа Конституция еңбек адамына тек сенімділік қана емес, сонымен бірге үлкен жауапкершілік жүктейді деп санаймын. Құжатта адамның өзі, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы екені айқын көрсетілген. Бұл біз үшін жұмысшы адам тек өндірістік процестің қатысушысы ғана емес, экономиканың негізі әрі ел болашағының маңызды тірегі екенін білдіреді. Біз адал еңбегімізбен Қазақстанды дамытып келеміз, ал мемлекет біздің құқықтарымызды, қадір-қасиетімізді және қауіпсіздігімізді қорғауы тиіс. Сондықтан баршаңызды референдумға қатысып, жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырамын», – деді Алтынай Алпамысова.

Кездесу қорытындысында кәсіпорын жұмысшылары конституциялық реформаны қолдайтындарын білдіріп, алдағы республикалық референдумға қатысудың маңыздылығын атап өтті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:202
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Наурыз 2026 14:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары