Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президент Қазақстан халқына қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады

Қазақстанда ядролық медицинаны дамытуға ондаған миллиард теңге бөлінеді

Рае Квон Чун: Қазақстан климаттық сын қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге ұштастырып отыр

Алматыда көше ұзарту жұмыстарына байланысты кей аудандарда газ беру тоқтатылады

Премьер министр теміржол вокзалдарын жаңғырту қарқынын сынға алды

Су қорын бақылайтын заманауи жүйе

Педагогтерді аттестаттау жүйесіне өзгеріс енгізіледі

Қар жауып, аяз жүреді ауа райы болжамы

Перизат Қайраттың Mercedes і полицияға берілді жаңа мәліметтер

МӘМС 2.0: Қазақстандағы атышулы жанжалдардан кейін жаңа бақылау іске қосылуда

Өскеменде үш күн қатарынан сол жағалаудағы мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды

Биыл азық түлік өндіру көлемі 12 пайызға жуықтады АШМ

Шымкентте 28 тінту жүргізіліп, ондаған паспорт тәркіленді: қылмыстық схема әшкереленді

Қазақстанда кім ғарышкер бола алады: ең төменгі талаптар қандай

44 елден 10 000 нан астам қатысушы: Almaty Half Marathon 19 сәуірде өтеді

Елімізде бизнес көлемі өсіп жатыр министрлік дерегі

Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?

Елде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған республикалық науқаны басталды

Жамбыл облысында ірі көлемде гашиш тасымалдаған ер адам ұсталды

Қытайда әлемдегі ең ірі суасты теміржол тоннелі іске қосылуға жақын

Құралай Садықова: Конституция жобасының мағыналық өзегі адам құқықтары мен бостандықтары

Құралай Садықова: Конституция жобасының мағыналық өзегі адам құқықтары мен бостандықтары

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

– Жаңа Конституция жобасының преамбуласында жер мен халықтың тарихи байланысы жөнінде жазылған. Осы тармақтардың маңызына тоқталсаңыз... 

– Иә, жаңа Ата заң жобасының кіріспесінде, яғни преамбуласында «байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып» немесе «Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихы» деген секілді тіркестер бар. Бұлар – тек тарихи образ ғана емес, сондай-ақ мемлекеттіліктің заңды-құқықтық сипатын анықтайтын тұжырымдар. Сол арқылы преамбулада Конституцияның құндылықтық негізі айқындалады. Жалпы, Қазақстанда жүзеге асырылатын мемлекеттік саясаттың идеялық-құндылықтық векторын анықтайды. Мемлекеттің тарихи сабақтастығы – Қазақстан мемлекеті кездейсоқ құрылым емес, ол тарихи эволюция жолымен қалыптасқан, өзінің ұлттық өркениеті мен мәдениеті бар, мыңжылдық тарихы бар ел ретіндегі нәтижесін көрсетеді. Бұл жерде мемлекет, Қазақстан өз аумағына тарихи негізі бар субъект ретінде танылады. Демек, Қазақстан халқының осы аумаққа қатысты қатынасын заңдастырады. Саяси-құқықтық тұрақтылық жағынан қарасақ, преамбула мемлекеттің біртұтастығын конституциялық тұрғыда бекітеді.

– Жаңа Конституция жобасының 7-бабына тоқталсақ. Онда діннің мемлекеттен бөлек екені көрсетілген. Сондай-ақ осы баптың 2-тармағында: «Қазақстан аумағында діни ұйымдардың қызметі заңға сәйкес жүзеге асырылады және ол конституциялық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтау мақсатында шектелуі мүмкін», – делінген. Бұл баптың адам құқығын және мемлекет тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы жөнінде тарқатып айтып берсеңіз...

– Жаңа Ата заң жобасының 7-бабы зайырлылық қағидатын нақтылап қойған. Сонымен бірге, дін бостандығы мен қоғамдық қауіпсіздік арасындағы тепе-теңдікті айқындап берген. Дін мемлекеттен бөлек ұстанымы, яғни зайырлылық бірнеше құқықтық салдарды білдіреді.

Біріншіден, мемлекет ешқандай дінді ресми идеология ретінде танымайды дегенді меңзейді. Демек, мемлекет пен діннің бір-біріне тікелей ықпалы жоқ. Сондай-ақ мемлекеттік шешімдер діни қағидаларға емес, бекітілген құқықтық нормаларға сүйеніп қана қабылданады.

Екіншіден, азаматтар қандай дінді ұстанатынына қарамастан, бәрінің құқығы тең екенін көрсетеді. Жаңа Конституция жобасына мұндай норманың енгізілуі – азаматтардың ар-ождан бостандығын қорғаудың негізгі кепілі. Соған сәйкес, құқықтық қорғау механизмі қалыптастырылған. Елдің конституциялық құрылыс негіздерін, азаматтардың бостандықтарын, ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстандағы діни ұйымдардың қызметін шектеу қажет болса, шектеледі. Бұл халықаралық құқықтық стандарттарға толықтай сай келеді. Діни наным-сенімдерге тыйым салынбайды, шектеу тек қызмет нысандарына қатысты қолданылады. Егер діни ұйымның қызметі радикализацияға, кемсітуге, зорлық-зомбылыққа, мәжбүрлеуге алып келсе, онда оған мемлекет араласуға құқылы деген құқықтық механизм қалыптастырылған.

Тағы бір айтатын жайт – кәмелетке толмағандарды мәжбүрлі діни сенімнен қорғау мүмкіндігі бар. Сонымен бірге, бұл норма діни сылтаумен қандай да бір әлсіз топтардың, мысалы әйел адамдардың құқығын шектеуге жол бермейді. Ұлттық қауіпсіздік, қоғамның тыныштығын сақтау тұрғысынан қарасақ та, бұл бап экстремизм мен радикализмнің алдын алуға, конфессияаралық қақтығыстарды болдырмауға құқықтық негіз береді. Бұл – алдын алу сипатындағы қауіпсіздік тетігі. Мемлекеттің идеологиялық бейтараптығын бекітеді, құқық пен дін арасындағы шекараны нақтылап анықтап береді.

– Бір палаталы парламент – Құрылтай құрудың билік институттары арасындағы тепе-теңдікке әсері қандай болмақ? Құрылтайдың құрылуы саяси партиялардың белсенділігі, бәсекесі мен жауапкершілігін қалай арттырады?

– Жаңа Конституция жобасына сәйкес, Қазақстанда 145 депутаттан тұратын бір палаталы парламент – Құрылтай құру жоспарланып отыр. Бұл заң шығару үдерісін жеделдетуге жол ашады. Әлемдік үрдістер өте жылдам жүзеге асып жатқан қазіргі шақта құқықтық актілерді қабылдауды да тездету – заман талабы. Бірақ бұл - заңдарды асығыс, үстірт шығару деген сөз емес.

Жаңа Ата заң жобасында көрсетілгендей, парламентте үш тыңдалым өтеді, қабылданатын құқықтық актілер мұқият зерделеніп, талқыланады.

Екіншіден, бір палаталы парламент депутаттардың жауапкершілігін арттырады. Өйткені, Құрылтайдың бір ғана палатасы болғандықтан, құқықтық актілердің сапасына қатысты саяси жауапкершілік те соның жалғыз өзінде.

Сонымен қатар, жаңа Конституция жобасына сай, Құрылтай депутаттары пропорционалды жүйе арқылы сайланады. Бұл жүйе саяси партияларды жұмылдырып, саяси пәрменін арттырып, нәтижесінде парламент табиғаты айқын саяси органға айналады. Депутаттар партиялық тізіммен сайланса, партиялар негізгі саяси ойыншы болады. Сәйкесінше, партиялардың бағдарламалық саясаты күшейеді. Электоратпен тұрақты жұмыс істеуге, сайлауалды үгіт-насихат бағдарламасын ұстануға, мықты саяси мүшелерді тартуға т.б. қадамдарға мүдделі болады. Демек, жеке кандидаттардың жұмысы емес, жалпы партиялық бағдарламалар шешуші факторға айналады. Бұдан бөлек, бір палаталы парламент билік институттары арасындағы тепе-теңдікті күшейтеді. Президент өкілеттігінің сақталуы, парламенттің бақылау функциялары күшеюі, Үкіметтің парламент алдында есеп беруі, ал Халық кеңесі түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін заң шығару бастамасы арқылы қорғауы – мұның бәрі тепе-теңдікті қамтамасыз етеді.

– Жаңа Ата заң жобасында адвокатураның мәртебесі бекітілген. Бұл әділ сот төрелігі, адам құқығын қорғау және адам құқықтары мен бостандықтарын кеңейту мәселелеріне қалай ықпал етеді?

– Әділ сот төрелігінің үш тірегі бар: тәуелсіз сот, тең құқықты тараптар, тиімді қорғау. Жаңа Конституция жобасында адвокатура институтына жеке бап бөлудің арқасында адвокатура институционалдық деңгейге көтеріліп отыр.

Адвокат – енді жай ғана кәсіп иесі емес, әділ сот жүйесінің конституциялық қатысушысы. Бұл, бірінші кезекте, соттағы қарсы тараптардың теңдігін қамтамасыз етеді. Айыптаушы тарап мемлекет болса, ал айыпталушы азаматтың кәсіби қорғаушысы – адвокат. Адвокаттың конституциялық деңгейдегі сот қатысушысы болуы теңдікке мүмкіндік береді. Демек, адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына, сапасына қатардағы заңмен емес, Конституциямен кепілдік беріліп отыр. Себебі құқығы бұзылса, сот үдерісіне қатысса, азаматтар, ең алдымен, адвокат көмегіне жүгінеді. Азаматтар ұсталса, тергеуге алынса не күдікті ретінде танылса – осындай жағдайлардың барлығында адвокат қорғауына жүгіну құқығы конституциялық кепілдікпен күшейтілді. Сонымен бірге, бұл норма адвокаттардың тәуелсіздігіне оң әсерін тигізеді. Сот үдерісі кезінде оларға ешкім қысым жасамауын қамтамасыз етеді. Сол арқылы сот үдерісінің таза өтіп, әділ шешім шығуына ықпалы болады.

Қазір әлемде цифрлық революция жүріп жатыр десек те болады. Цифрландыру үрдісі күннен-күнге күшейіп, жан-жақты әрі жүйелі өркендеу үдерісі байқалады. Жаңа Конституция жобасында бұл мәселе де қалыс қалмаған. Жаңа Ата заңның азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқығын қорғау, дербес деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету т.б. цифрлық қауіпсіздікке қатысты мәселелерде рөлі қандай болмақ?

– Бұған дейін дербес деректерді қорғау, киберқауіпсіздік мәселелері салалық заңдармен реттелген еді. Ал жаңа Ата заң жобасы цифрлық кеңістіктегі адам құқықтарын конституциялық деңгейде бекітіп отыр. Бұл оларды жай әкімшілік нормаға ғана емес, денсаулық сақтау, өмір сүру, еркін жүріп-тұру, сөз бостандығы тәрізді негізгі құқықтардың қатарына қосады. Бұл – заман талабы. Себебі адам туралы барлық деректер туғаннан бастап онлайн кеңістікте, электронды форматта сақталады. Мұндай жағдайда цифрлық құқықтарды Ата заңда бекіту аса маңызды. Бұл деректерді заңсыз жинауға, рұқсатсыз таратуға шектеу қояды. Мысалы, азаматтар жеке компаниялардың сайттарында немесе онлайн дүкендерде аккаунтын ашып, жеке деректерін жазуы мүмкін. Аталған норманың Ата заңда бекітілуі цифрлық платформаларда цифрлық құқықты қорғау міндетін туғызады. Дегенмен, бұл цифрландыру үрдісін тоқтатпайды. Керісінше, азаматтардың цифрлық құқығын қорғап, заманауи үдерістердің қауіпсіз түрде дамуына жағдай жасайды. Сондай-ақ кибер шабуыл, онлайн алаяқтыққа тосқауыл болады. Сондықтан цифрлық қауіпсіздікті тек техникалық мәселе ретінде ғана емес, ұлттық қауіпсіздік элементі ретінде де қарастырамыз. Жалпы, бұл норма басқа да маңызды салалармен бірге жаңа Конституция жобасына дер кезінде енгізіліп отыр.

– Жаңа Конституция жобасында адам капиталына және ғылым мен инновацияны дамытуға мемлекет стратегиялық басымдық беретіні көрсетілген. Бұл қоғамға, әсіресе, жастарға қандай мүмкіндіктер ашады? Ал елдің экономикасына тигізер пайдасы бар ма?

– Бұған дейін пайдалы қазбалар экономиканың тірегі ретінде саналып келді. Енді Конституция деңгейінде адами капитал ұлттық дамудың негізгі факторы ретінде айқындалып отыр. Демек, мемлекеттің саясаты шикізат өндіруден білім мен зияткерлік әлеуетке ойысты деген сөз. Бұл сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға, кәсіби даярлықты күшейтуге, ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға, академиялық еркіндік беруге, зерттеу институттарының рөлін нығайтуға бағытталады. Нәтижесінде, білімді жастар мен білікті мамандардың шетелдерге кетуі саябырсуы ықтимал. Ал ғылыми зерттеулер жемісін беріп, ғылыми жаңалықтар ашылып жатса, экономика әртараптанады. Демек, адамның білімі мен зияткерлік әлеуетіне негізделген модель сапалы өнім шығаруға, экспорт құрылымын өзгертуге, ғылым жобаларының әлеуметтік-экономикалық пайдасын еселеуге, инновациялық кәсіпкерлікті дамытуға алып келеді. Жалпы алғанда, мұның бәрі Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға әсер етеді.

– Жаңа Конституция жобасының 28-бабы, 1-тармағына сәйкес, сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға ғана емес, сонымен қатар тұрғын үйден шығаруға да жол берілмейді. Бұл меншік құқығына кепілдік береді. Мәселен, алаяқтар азаматтардың баспанасын алаяқтықпен рәсімдесе, зардап шеккен азаматтың құқығын қорғайды. Аталған бап тағы қандай жағдайларда азаматтардың құқығын қорғап, тұрғын үйге қол сұқпаушылықты қамтамасыз етуі мүмкін?

– Бүгінге дейін банк қарызы, ұсақ несиелер, кепіл шарты негізінде тұрғын үйден шығару фактілері жиі туындап келген. Конституцияға сіз айтқан норманың енгізілуі сотсыз өндіріп алу тәжірибесін шектейді. Оның арқасында азаматтың тұрғын үйден шығарылуы тек сот шешімімен жүзеге асады. Бұл бап, әсіресе, әлеуметтік осал топтардың, кәмелетке толмаған балалардың, мүгедектігі бар азаматтардың тұрғын үйден шығарылуына тосқауыл қояды. Бір сөзбен айтқанда, борышкердің құқығын қорғайды. Тұрғын үйге баса-көктеп кіру, тінту, тексеруге де тек заңда белгіленген жағдайда және сот бақылауымен жол беріледі. Жалпы, аталған норма – меншік құқығын ғана емес, адамның жеке өміріне қолсұқпаушылықты, оның отбасының қорғалуын, әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Өйткені, тұрғын үй тек мүлік қана емес, адамның жеке кеңістігі, қауіпсіздік аймағы. Бұл баптың жаңа Ата заң жобасына енгізілуі әлеуметтік мемлекет тұрғысынан өте орынды деп есептеймін.

– Сонымен қатар, жаңа Конституция жобасында табиғатты қорғау нормалары айқын бекітілген. Алдағы уақытта еліміздегі мектептерге экологиялық білім беру стандарттары енгізілмек. Заңда бекітілетін норма мен соның аясында атқарылатын шаралар қандай қауіп-қатерден не экологиялық апаттардан сақтауы мүмкін?

– Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – болашақ ұрпақтың алдындағы мемлекеттің міндеті. Табиғатты қорғау қағидатының жаңа Ата заң жобасына енуі – экологияны сақтау ұзақмерзімді құндылыққа айналғанын білдіреді. Ал мектептерге экологиялық білім беру стандартын енгізу – суды, энергия ресурстарын үнемдеп қолдануды әр қазақстандықтың санасына бала күнінен сіңіреді. Түптеп келгенде, бұл экологиялық апаттардың салдарын жоюға емес, алдын алуға әсер етеді. Сонымен қатар, ірі қалаларда ауаның ластануы да өзекті мәселе. Аталған норма өндірісті модернизациялауға, «жасыл» технологияларды қолдануға, баламалы энергия көздерін дамытуға құқықтық негіз береді. Экологияны қорғау экономикаға да тиімді. Өйткені, дамыған мемлекеттер таза елге инвестиция құюға құлықты болады. Табиғатты қорғау арқылы халықтың денсаулығы да жақсарып, медицина саласына бөлетін қаржы үнемделеді. Сондай-ақ экологияны сақтау үшін қауіпсіз әрі «ақылды» технологиялар қолданысқа енеді. Демек, бұл норманың тиімділігі ұшан-теңіз.

– Жаңа Конституцияда ерекше көзіңізге түскен, айрықша атағыңыз келетін өзгерістер, нормалар болса, айтып берсеңіз...

– Ерекше көзге түскен, айрықша атағым келетін өзгеріс – жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтары жеке бөлімде ғана айтылмай, күллі мәтіннің тұтастай мағыналық өзегіне айналған. Конституционализм тұрғысынан оны адамға бағдарланған антропоцентристік конституциялық модель деп айтуға болады. Сонымен қатар, бір палаталы Құрылтайдың құрылуын атап өткім келеді. Әлемде күрделі федералдық құрылымы жоқ, унитарлы мемлекеттердің парламенті бір палаталы. Адвокатураның конституциялық мәртебесі, цифрлық құқықтардың бекітілуі де айрықша назар аударарлық жайттар. Жалпы айтқанда, 1995 жылы қабылданған, қазіргі әрекет етуші Конституция – мемлекет қалыптастыру кезеңінің өнімі. Ал жаңа Ата заң жобасы – мемлекеттілігі жетілген елді жаңа заман талабына сай, ғаламдық трансформациялық интеграциялар жағдайында қайта конфигурациялау деп айтуға болады. Сондай-ақ мұнда өзгерістер тек құрылымдық сипатта ғана емес, құндылықтық трансформацияға бағытталғаны бірден көзге түседі.

– Жалпы айтқанда, жаңа Конституцияға сарапшы ретінде қандай баға берер едіңіз?

– Сарапшы ретінде, мен жаңа Ата заң жобасына үш өлшем бойынша бағалар едім. Біріншісі – құндылықтық деңгейде. Құндылықтық деңгейде, жаңа Ата заң жобасы прогрессивті. Өйткені, жоғарыда айтқанымдай, адам құқықтары Конституцияның өзегіне айналған, цифрлық құқықтар бекітілген, табиғатты қорғауды, адам капиталын, ғылыми инновацияны стратегиялық басымдық ретінде белгілейді. Демек, құжат жобасы XXI ғасырдың талаптарына бейімделген, яғни, құндылықтық тұрғыда заманауи, алға бағытталған, прогрессивті. Ал институционалдық тұрғыда жаңа Ата заң жобасын батыл деп атар едім. Бір палаталы Құрылтайға ауысу, зайырлылықты нақтылау, адвокатураның мәртебесін бекіту тәрізді өзгерістер сөзіме дәлел. Бұлар институционалдық дамуға жаңа серпін береді. Үшінші өлшем – стратегиялық деңгейде айтар болсақ, мұндай жаңа Конституцияны қабылдау – мемлекеттің даму моделін өзгертуге талпыныс. Бұл ресурстық-шикізаттық дамудан зияткерлік экономикаға, интеллектуалдық капиталға басымдық беретін бағытқа ауысуды көздейтін ерекше конституциялық вектор деп айтар едім.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:59
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Ақпан 2026 16:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президент Қазақстан халқына қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады

14 Сәуір 2026 16:33see123

Қазақстанда ядролық медицинаны дамытуға ондаған миллиард теңге бөлінеді

13 Сәуір 2026 16:40see121

Рае Квон Чун: Қазақстан климаттық сын қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге ұштастырып отыр

13 Сәуір 2026 18:12see118

Алматыда көше ұзарту жұмыстарына байланысты кей аудандарда газ беру тоқтатылады

13 Сәуір 2026 12:36see117

Премьер министр теміржол вокзалдарын жаңғырту қарқынын сынға алды

13 Сәуір 2026 13:06see117

Су қорын бақылайтын заманауи жүйе

14 Сәуір 2026 08:36see115

Педагогтерді аттестаттау жүйесіне өзгеріс енгізіледі

13 Сәуір 2026 20:50see115

Қар жауып, аяз жүреді ауа райы болжамы

13 Сәуір 2026 13:51see114

Перизат Қайраттың Mercedes і полицияға берілді жаңа мәліметтер

13 Сәуір 2026 15:08see114

МӘМС 2.0: Қазақстандағы атышулы жанжалдардан кейін жаңа бақылау іске қосылуда

14 Сәуір 2026 12:34see113

Өскеменде үш күн қатарынан сол жағалаудағы мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды

13 Сәуір 2026 14:34see113

Биыл азық түлік өндіру көлемі 12 пайызға жуықтады АШМ

13 Сәуір 2026 20:39see113

Шымкентте 28 тінту жүргізіліп, ондаған паспорт тәркіленді: қылмыстық схема әшкереленді

13 Сәуір 2026 09:25see112

Қазақстанда кім ғарышкер бола алады: ең төменгі талаптар қандай

13 Сәуір 2026 20:50see112

44 елден 10 000 нан астам қатысушы: Almaty Half Marathon 19 сәуірде өтеді

13 Сәуір 2026 14:46see112

Елімізде бизнес көлемі өсіп жатыр министрлік дерегі

14 Сәуір 2026 14:31see110

Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?

14 Сәуір 2026 16:52see110

Елде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған республикалық науқаны басталды

14 Сәуір 2026 15:55see110

Жамбыл облысында ірі көлемде гашиш тасымалдаған ер адам ұсталды

14 Сәуір 2026 17:22see109

Қытайда әлемдегі ең ірі суасты теміржол тоннелі іске қосылуға жақын

15 Сәуір 2026 03:44see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары