Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Айдос Сарым: Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылуы көпвекторлы сыртқы саясаттың жаңа белесі

Айдос Сарым: Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылуы көпвекторлы сыртқы саясаттың жаңа белесі

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Әлемдік геосаяси жағдай күрделеніп, жаңа одақтар мен аймақтық форматтар қалыптасып жатқан кезеңде Қазақстанның жаһандық процестерге белсенді түрде араласуы елдің ұлттық мүддесін қорғап қана қоймай, оны жаңа деңгейге көтеруде.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның «Авраам келісімдеріне» қосылуға қадам жасауы – еліміздің сыртқы саяси бағытының қисынды әрі батыл қадамы. Бұл шешім аймақтық емес, трансатлантикалық деңгейге шығуға, әлемнің жетекші державаларымен, сондай-ақ Таяу Шығыс елдерімен ынтымақтастықтың жаңа арналарын ашуға мүмкіндік береді.

«Авраам келісімдері» алғаш рет 2020 жылы АҚШ-тың бастамасымен Израиль мен бірқатар араб мемлекеттері арасында бейбіт қарым-қатынас орнату жөніндегі тарихи келісім ретінде қабылданған. Бүгінде бұл формат Таяу Шығыстағы тұрақтылық пен экономикалық серіктестікті нығайту алаңына айналды. Қазақстанның бұл келісімге қосылуы елдің бейбіт дипломатия мен диалог мәдениетіне адалдығын көрсетеді, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтағы беделін арттырады.

Мәжіліс депутаты, саясаттанушы Айдос Сарымның пікірінше, мұндай шешім Қазақстанның ұзақмерзімді ұлттық мүдделеріне сай, елдің сыртқы саясатындағы стратегиялық бағыттың табиғи жалғасы. Сарапшы бұл қадамның маңызы мен ықтимал салдарын түсіндірді.

- Сіздің ойыңызша, Қазақстанның «Авраам келісімдеріне» қосылу туралы шешімінің негізінде қандай стратегиялық факторлар жатыр?

Қазақстанның «Авраам келісімдеріне» қосылуы – ұлттық мүдделерімізге толық сәйкес келетін, жан-жақты ойластырылған стратегиялық қадам. Қазақстан орта держава ретінде, көптеген интеграциялық жобалардың қатысушысы ретінде достықтың, сенім мен әріптестіктің өзіндік шеңберлерін қалыптастырып келеді. Мұның бәрі біздің географиялық жағдайымыз бен Еуразия кеңістігіндегі жобалардан туындайтын табиғи форматтар. Ал, «Авраам келісімдеріне» қосылу арқылы біз трансатлантикалық өлшемде тағы бір сенім шеңберін құрамыз. Бұл – жай ғана механикалық қолдау немесе дипломатиялық ишара емес. Менің ойымша, біз бұл кеңістікке өз тәжірибемізбен, философиямызбен, әлеуетімізбен және түркі әлеміндегі, ШЫҰ кеңістігіндегі, сондай-ақ Таяу Шығыстағы дамыған, кей жағдайда тіпті эксклюзивті байланыстарымызбен еніп отырмыз.

- Бұл қадам Қазақстанның көпжақты және теңгерімді сыртқы саясатын қай тұрғыдан табиғи түрде толықтырады деп ойлайсыз?

Мұндай жауапты шешімдер қазіргідей аумалы-төкпелі уақытта ерекше маңызды. Меніңше, бұл жерде мәселе тез қол жеткізетін жеңістер мен пайдада емес. 

Мәселе – Қазақстанның субъектілігін арттыруда, жаһандық саяси үдерістерге қатысу мүмкіндігін кеңейтуде. Қайталап айтайын, бұл – жиынтық әсері бар стратегиялық шешімдер, олар тиісті дипломатиялық динамика мен философиямен қамтамасыз етілуі тиіс.

Жалпы, қазақ дипломатиясы – Қазақстан мемлекеттік қызметінің ең тиімді әрі дамыған салаларының бірі деуге толық негіз бар. Бұл жайт әлемнің барлық деңгейінде мойындалған, оны көптеген елдердің парламент өкілдері мен әріптестеріміз де атап өтеді.

Аталаған келісімге қол қойылып, қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін қол жеткізілген уағдаластықтарды нақтылай түсетін, оларды бекемдейтін бірқатар жария және өзге де шаралар жүзеге асатынына сенімім мол. Бұл шешімдер нақты мазмұнмен толығып, дипломатиялық алаңда практикалық қадамдарға ұласатыны анық.

Айта кетерлігі, дипломатияның 90 пайызы – жабық сипаттағы, көпшілік пен баспасөзге көрінбейтін іс-әрекеттерден тұрады. Дәл осы көзге көрінбейтін жұмыс дипломатияның тиімділігі мен маңызын айқындайды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2025 14:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары