Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

Абыройы асқақтаған аудан

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

Ел бюджетіне 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: себебі белгілі болды

Jańa Dala/Green Day’2026: Дала күні 16 17 шілдеде өтеді

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

Кепілдендірілген жоғары табыс: қаржы пирамидасын қалай тануға болады

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

Еліміздегі алғашқы ЖИ университетіндегі дау: Талапкерлер неге наразы?

Ибраһим келісімі сыртқы саясаттың жаңа қыры

Ибраһим келісімі сыртқы саясаттың жаңа қыры

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Солардың ішінде ең көп талқыланғаны Қазақстанның «Ибраһим (Авраам) келісіміне» қосылуға ниетті екені туралы болды. Бұл келісім нені көздейді, еліміз үшін тың өзгеріс әкеле ме, тәуекелдері қандай?

Сыртқы істер министр­лігінің мәліметінше, Қазақ­стан әрдайым Таяу Шығыс­тағы қақтығыстың халық­­аралық құқық нормаларына, БҰҰ тиіс­ті қарарларына және «екі халық үшін екі мемлекет» қа­ғи­даты негізінде әділ, жан-жақты әрі орнықты реттелуін қолдайды. 

– Бұл шешім тек Қазақстан мүддесі үшін қабылданды және республиканың теңгер­імді, сындарлы, бейбіт сырт­қы саясатының сипатына толық сәйкес келеді. Ибраһим келісім­деріне қосылу еліміз­дің бар­лық мүдделі мем­ле­кеттермен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді, яғни Қазақ­станның стратегиялық мақсат­тарына толық сәй­кес, – деп жазды Ақорда.

Еуразия ұлттық универси­те­тінің саясаттану кафедрасы аға оқытушысы, халықаралық сарапшы Жанат Момын­құ­ловтың сөзінше, Қазақс­тан­ның Ибраһим келі­сім­дері­не қосылуы – күрделі геосаяси жағдайда еліміздің сыртқы саясатын жаңа сапалы деңгей­ге шығарып, теңгеретін және тәуелсіздікті нығайтатын жаңа кезеңнің бастауы десе болады. 

– Ибраһим келісімдерінің мәні – Израиль мен бірқатар араб елдері арасындағы дип­лома­тиялық қатынастарды қалыпқа келтіру туралы тарихи бастама. Келісімдер 2020 жылы АҚШ-тың баста­ма­сы­мен қабылданып, оған Бірік­кен Араб Әмірліктері, Бах­р­ейн, Марокко және Су­дан қос­ыл­ған. The Economist ба­сы­­лы­мы, бұл бастаманың Таяу Шығыстағы «қырғи-қабақ кез­еңді» аяқтап, жаңа эконо­ми­калық серіктестік дәуірін аш­қанын жазған. Таяу Шы­ғыс­тан алыстау болса да, зайыр­лы мұсылман елі ретінде әлемге танылған Қазақстан үшін бұл қадам діни немесе идеологиялық себептерге емес, дипломатиялық және прагматикалық, стратегиялық мақсаттарға негізделген. 

Ең басты мақсат – АҚШ, Қытай мен Ресей үштігінен тыс Израиль мен Парсы шы­ғанағы елдерімен экономика­лық, технологиялық және инно­вациялық серіктестікті кең­ейту. Бұл ұтымды шешім еліміздің «диалог пен тұрақ­тылыққа негізделген сыртқы саясатының» табиғи жалғасы болып саналады. Қазақстан өз дипломатиялық ұстанымын айқын білдіріп, халықаралық аренада бейбітшіл әрі дербес ойыншы ретінде көрініп отыр. Бұл, бір жағынан, тең­дікті сақ­тау үшін АҚШ-тың демеуші­лігімен жүзеге асы­рыл­ған Трамп­тың жобасы. Бұл күрде­лі, саналы, есеп­тел­ген әрекет көпвекторлы сырт­қы саясаты­мыздың жаңа тарау­ын ашу дегенді де біл­діреді. Қазақстан осы жоба арқылы Батыс пен Шығыс, Орталық Азия мени Таяу Шығыс арасындағы ло­гис­тикалық көпірлерді мен бей­біт диалог алаңын дамыту­да әлемдік процестерге инте­гра­циялануға арқау болатын ірі мемлекет ретінде көрсетуі мүм­кін. Оқшау жатқан Орта­лық Азия аймағын сыртқы әлеммен қосу және нарық­тарға ашу деген сөз, – дейді сарап­шы.

Кез келген халықаралық не ішкі саяси құжатты жай қағаз ретінде көру әбестік. Мұн­дай келісімдер елге өзге­ріс енгізіп, мүдде, бағыт-бағ­дарды айқын­дайды. Саясат­кер, Мәжіліс депутаты Ер­­мұрат Бапидің пайымынша, бұл келісім еліміз үшін эко­номикалық өсім алып келуі ықтимал.

– Бірінші кезекте, АҚШ тарапынан Қазақстанға деген инвестициялық ниеттің дина­ми­касы арта түседі деген бол­жам бар. Оның бір мысалы – АҚШ пен Қазақстанның арасында 17 миллиард дол­лар­лық инвестициялық келісімнің жасалуы. Бұл Қазақстанның экономикалық мүмкін­дік­тер­іне деген жаңа қызығушы­лық­­тың тууына сеп болады деген сенім ұялатады. Мәсе­лен, тех­нологиялық даму деңгейі өте жоғары Израиль мемле­кетінің біздің елге деген серік­тестік ыждаһатын оятуға тиіс.

Сонымен бірге, бұл келі­сім­­­ге қосылу арқылы Қа­зақ­стан аймақтық кикіл­жің­дерді реттеу стратегиясының жаңа ойыншысына айналу мүм­кіндігі зор. Ал бұл баста­маны Орталық Азия елдерінен Қа­-з­ақ­станның бірінші болып қолдауы еліміздің конти­нент­тік деңгейдегі лидерлік рөлін арттыра түсері сөзсіз, – дейді саясаткер.

Дегенмен де мұндай саяси бастамалардың үлесі көп бол­са да, түрлі сипаттағы сынағы болуы да мүмкін. Бұл жөнінде хал­ық­аралық сарапшы Жанат Мо­мынқұлов келісімге қосы­лу­дың аймақтық салдары болуы ықтимал екенін алға тартты.

– Мысалы, Түркия бұл ке­лі­сімді Қазақстанның «дипло­ма­тиялық прагматизмінің белгісі» деп бағалауы мүмкін, ал Иран мен Сауд Арабиясы сақтық танытып, оның ай­мақ­тық тепе-теңдікке әсерін мұ­қият бақылап отыр. Әлем­дегі ірі елдер мен дәстүрлі сер­ік­­тестер бұл қадамды мұқият бақыл­ап отырса да, Қазақ­станның саясаты – ешкімге қар­сы бағытталмаған, керісін­ше, өз мүддесін қорғау аясында көпжақты диалог пен өзара әрекеттестікке бағыт­талған. Ас­тана Палестина мемлекеті­нің құрылғанын қолдайды және бұл ұстаны­мында өзгеріс бола қоймас. Ел ішінде де келі­сімнің маңы­зы мен маз­мұны түсін­діріліп, қоғамда дұрыс түс­ініктерді қалып­тас­тыру маң­ызды. Қа­зақ­станның дип­ломатиялық міндетте­ме­лері әртүрлі тарап­тардың ұста­ны­мын ескеретін икемді сая­сат екенін қаперде ұстаған жөн, – дейді Жанат Момынқұлов.

Ал саясаткер Ермұрат Ба­пи­дің айтуынша, әзірге бұл бастамаға қосылудың Қазақ­стан үшін нақты қандай сын-тегеурін тудыратынын бол­жау қиын. Дегенмен ықтимал сценарийлер бар. Мәселен, Иранның Қазақстанға деген сенімі суып, дипломатиялық қарым-қатынастың салқын­дау қаупі жоқ емес. Ал мұндай өзгеріс мұнай экспорттау ба­ғы­тында аса маңызды санала­тын Иран – Үнді мұхиты транс­­­дәлізін дамыту жөніндегі ынтымақтастыққа кері әсер етуі мүмкін.

Бұған дейін Израильдің бұрынғы байланыс министрі Аюб Кара жақында Jewish News Syndicate (JNS) басылы­мында Қазақстан мен Әзер­байжанның «Ибраһим кел­ісімі­не» қосылу ықти­малдығын саралап, екі елдің Израиль және АҚШ-пен әріптестігін тереңдетуге мүмкіндігі зор екенін жазған еді.

Автордың пайымынша, Қа­зақстан мен Әзербайжан мұсылман халқы басым бол­ға­ны­на қарамастан, Израиль­мен ашық әрі белсенді байла­н­ыс орнатқан мемлекеттер. Соңғы жылдары аталған ел­дердің Из­раильмен қарым-қатынасы стратегиялық дең­гей­ге жетіп, ынтымақтастық экономика­лық және қорға­ныс салалары­на дейін кеңей­ген.

Осылайша, еліміз бейбіт­шілік пен өзара түсіністік ұста­нымын нақты қадамдар арқы­лы алға шығарып, күрде­лі бағыт болса да, өзінің сырт­қы саясаттағы ұстанымын жаңа деңгейге көтерді. Ибра­һим келі­­сімдеріне қосылу – Қа­зақ­стан­ның жай ғана сырт­қы саяси ше­шімі емес, оның халықара­лық тұрақтылыққа үлес қосуға дайын екенінің белгісі.

Әсет ҚАЛИ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қараша 2025 14:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

13 Шілде 2026 23:32see127

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

14 Шілде 2026 12:11see117

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

14 Шілде 2026 12:02see115

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

14 Шілде 2026 10:47see113

Абыройы асқақтаған аудан

14 Шілде 2026 05:01see113

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

14 Шілде 2026 19:22see112

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

14 Шілде 2026 20:34see112

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

14 Шілде 2026 10:26see112

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

13 Шілде 2026 23:42see111

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

15 Шілде 2026 15:36see111

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

15 Шілде 2026 14:23see111

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

14 Шілде 2026 14:34see111

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

14 Шілде 2026 10:08see110

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

14 Шілде 2026 00:28see110

Ел бюджетіне 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: себебі белгілі болды

15 Шілде 2026 13:44see110

Jańa Dala/Green Day’2026: Дала күні 16 17 шілдеде өтеді

14 Шілде 2026 09:55see109

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

15 Шілде 2026 00:18see109

Кепілдендірілген жоғары табыс: қаржы пирамидасын қалай тануға болады

15 Шілде 2026 14:58see109

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

14 Шілде 2026 17:32see109

Еліміздегі алғашқы ЖИ университетіндегі дау: Талапкерлер неге наразы?

15 Шілде 2026 13:14see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары