Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Әйел танысын өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына жасырған: 25 сәуір 09:32 жаңалықтар

Әйел танысын өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына жасырған: 25 сәуір 09:32 жаңалықтар

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Солтүстік Қазақстан облысында танысын өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына жасырған әйелге қатысты сот үкімі шықты. Оқиғадан кейін ол бірнеше күн бойы әдетінше өмір сүріп, жұмысқа барып жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Адам шошырлық бұл іс СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Қызылжар ауданы Бескөл ауылының 53 жастағы тұрғыны айыпталды.

Іс материалдарына сәйкес, биыл 27 ақпанда әйел аулаға шығып, отын жармақ болып қолына балта алған сәтте үйіне танысы келген. Ер адам қатты мас болған. Әйел одан кетуін сұрағанымен, ол үйде қалғысы келген.

"Сот үкімінде айыпталушының жауабы келтірілген. Оның айтуынша, ол есікті жабу үшін ер адамның арт жағынан айналып өткен. Сол кезде ер адам оған қарай құлай бастаған. Әйелдің сөзінше, ол "аздап қорқытпақ болып" балтамен екі рет жылдам соққы жасаған. Алайда балтаның шүйдесіне дүмімен емес, өткір жүзімен тигенін байқамағанын айтқан. Соққыдан кейін жәбірленуші етпетінен құлаған", - делінген үкімде.

Осыдан соң әйел едендегі қан іздерін жуып, тіршілік белгісі байқалмаған ер адамды бөлмеге сүйреп апарып, кереуеттің астына жасырған.

Кейін бірнеше күн бойы жұмысқа барып, көршілерімен және ауылдастарымен сөйлесіп, үйіне қайтып келіп жүрген. Тіпті мәйіт жатқан кереуеттің үстінде ұйықтаған.

ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС

“Өкінемін, кінәлімін“: Қостанайда полицейге шабуыл жасағандар кешірім сұрады

02 сәуір 14:44 1

Алматыдағы жантүршігерлік жол апатына кінәлі жүргізуші туралы не белгілі?

24 наурыз 13:04 1

Қорғаныс министрлігі Атырау облысында әскери техника түсірілген видеоға пікір білдірді

31 наурыз 16:22 1

Сот отырысында айыпталушы болған оқиға туралы полицияға хабарламақ болғанын, бірақ телефонында бірлік болмағаннан қоңырау шала алмағанын айтқан.

Осы арада қаза тапқан ер адамның анасы мен бауыры оның жоғалғаны туралы полицияға арыз түсірген. Тәртіп сақшылары ер адамды соңғы рет дәл осы әйелмен бірге көргенін анықтаған.

"Сотта куәлік берген полиция қызметкерлерінің айтуынша, олар айыпталушыны жұмыс орнынан алып, үйіне барған. Пәтерге кірген кезде жағымсыз иіс сезілген. Қызметкерлердің бірі иіс жертөледен шығып жатқан жоқ па деп тексеруге кеткен. Ал қалған полицейлер жатын бөлмеге кіріп, кереуеттің астынан із-түзсіз кеткен ер адамның мәйітін тапқан. Осыдан кейін әйел болған оқиғаны айтып берген", - делінген үкімде.

Айыпталушы сотта адам өліміне себеп болғанын толық мойындағанымен, қылмыстың саралануымен келіспеген. Ол адам өлтіру ниеті болмағанын, ер адамды тек қорқытпақ болғанын алға тартқан.

Алайда сот бұл уәжге сын көзбен қарап, оны жауапкершіліктен жалтару әрекеті деп бағалады.

Сот үкімінде әйелдің қылмыстан кейінгі әрекеті де ескерілген. Ол жәбірленушіге көмек көрсетуге тырыспаған. Сондай-ақ, полицияға хабарлауға мүмкіндігі бола тұра, жұмысқа барып, өз шаруасымен айналысқан.

Сотта әйелдің бұған дейін де адам өлтіргені және ауыр дене жарақатын салғаны үшін сотталып, жазасын өтегені анықталды. Сондықтан сот оның әрекетін қауіпті қылмыстық қайталау деп таныды.

СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Нұршәріпов айыпталушыны кінәлі деп танып, 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сонымен қатар, сотталған әйелге жазасын өтеу орнында алкоголизмнен мәжбүрлі ем тағайындалды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Сотталған әйел оны апелляциялық тәртіпте шағымданбақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Сәуір 2026 09:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see127

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары