Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Әйелдердің заманауи маңыздағы 10 өнертабысы

Әйелдердің заманауи маңыздағы 10 өнертабысы

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

GPS, Bluetooth, Wi-Fi - Хеди Ламарр

Хеди Ламарр - 1930-1940 жылдары танымал болған Голливуд актрисасы және өнертапқыш ретінде белгілі. Ол «Экстаз» фильміндегі рөлімен әлемге әйгілі болды. Замандастары оны өз заманының ең әдемі әйелдерінің бірі деп санады. Алайда, Ламарр өзінің сұлулығымен ғана емес, инженерлік талантымен де танымал болды. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде ол композитор Джордж Антейлмен бірге қорғанысы жоғары радио жүйесін жасады. Олардың өнертабысы «секіру жиілігі» принципіне негізделген: радио сигналын беру жиілігі үнемі өзгертіп отырды, бұл оны анықтауды немесе өшіруді қиындатты. Кейіннен технология көптеген заманауи сымсыз байланыс жүйелерінің, соның ішінде Bluetooth, Wi-Fi, GPS және CDMA үшін негіз болды.

Абоненттің нөмірін анықтау және қоңырауды күту қондырғысы - Ширли Энн Джексон

Байланыс саласындағы тағы бір маңызды өнертабыс доктор Ширли Энн Джексонның - америкалық физиктің жұмысымен байланысты. Оның 1970-ші жылдардағы еңбегі екі телефон қызметінің пайда болуына алып келді: қоңырау шалушының нөмірін анықтау жүйесі және басқа адаммен сөйлесу кезінде жаңа кіріс қоңыраудың келгені туралы хабарлама. Оның телекоммуникация саласындағы жұмысы портативті факс-модемін, оптикалық-талшықты және күн батареяларын дамытуға ықпал етті.

Үй қауіпсіздігі жүйелері - Мари Ван Бриттан Браун

1960-шы жылдары АҚШ-та қылмыс деңгейі күрт өскен кезде, медбике Мари Браун инженер күйеуі Альбертпен бірге үйдегі алғашқы бейнебақылау жүйесін жасады. Қозғалтқышпен басқарылатын камера есікті бақылай алды, ал ауладағы көрініс үйдің ішіндегі экранда көрініп тұрды. Бұл жүйе бүгінде бүкіл әлемдегі үйлер мен кеңселер қолданатын заманауи қауіпсіздік технологияларының прототипіне айналды.

Ыдыс жуғыш машина - Джозефина Кокрейн

Джозефина Кокрейн дәулетті америкалық отбасында тәрбие алды. Бұл үйде қымбат фарфордан жасалған ыдыс-аяқтарды пайдалану арқылы кешкі астар жиі болатын. Күнделікті қонақ күтуден кейін ыдысты жуу кезінде табақтар жиі зақымданатын. Содан кейін Джозефина бұл процесті автоматтандыру жағын ойластыра бастады.

Ол ыдыс жуғыш машинаның жобасын жасады: мыстан құрастырылған қондырғының ішінде арнайы ыдыс-аяқ себеттері болды, ал қысыммен келген су ыдыстарды тазартып отырды. Бұл принцип заманауи ыдыс жуғыш машиналардың негізі болды.

Кофе сүзгісі - Мелитта Бенц

Кофе ұнтағы үнемі шыны-аяқтың түбінде шөгіп қалуынан ыдысты тазарту қиын болғандықтан, Мелитта Бенц бұл жағдайды түзетуге шешім қабылдады. Ол ұлының бояу сіңіргіш қағазы мен дәптерін алып, оны кофе сүзгісі ретінде пайдаланды. Осылайша қағаз кофе сүзгісі пайда болды. Кейінірек Бенц өзінің өнертабысына патент алды және оның идеясы бүкіл әлемге тез тарап кетті.

Заманауи жөргектер - Марион Донован

Кейбір әйелдер өзінің кәсібі бойынша емес, шұғыл қажеттіліктен өнертапқыш болады. Бұл ретте америкалық Марион Донованның өнертабысын атап өткен жөн. Үнемі дымқыл жөргектерден шаршаған ол, сәбилерге күтім жасаудың ыңғайлы шешімін тапты. Бірде Донован душ пердесін шешіп алып, бұл материалдан төсекті ылғалдан қорғайтын және су өткізбейтін жөргек қаптамасын жасады. Кейінірек ол су өткізбейтін осы материалдың ішіне су сіңіргіш қағазды салып, өзінің идеясын толық жүзеге асырды. Бұл өнертабыс заманауи әрі бір рет қолданылатын жаялықтардың пайда болуының маңызды шешіміне айналды.

Автокөлік терезесін тазалағыш жабдықтар - Мэри Андерсон

Бүгінде терезе сүрткіштер кез келген көліктің маңызды жабдығы саналады. Мұндай типтегі алғашқы құрылғыны Мэри Андерсон ойлап тапты. Трамваймен жүру кезінде ол жүргізушілер терезелерді ашып, әйнекті жаңбыр мен қардан қолмен тазалап жатқанын байқады.

Үйге оралғаннан кейін Мэри тиісті құрылғыны ойлап тапты: металл тұтқаға резеңке щетканы орнатып, оны көліктің ішінен қолмен басқару мүмкіндігін жасады. Мұндай механизм жүргізушіге терезені қауіпсіз тазартуға мүмкіндік берді. Оның өнертабысы заманауи шыны сүрткіштердің прототипіне айналды және біртіндеп автомобильдерге міндетті түрде орнатыла бастады.

Бағдарламалық жасақтама - Грейс Хоппер

АҚШ флотының коммодоры Грейс Хоппер алғашқы компиляторлардың бірін, яғни ауызша нұсқауларды компьютер түсінетін цифрлық кодқа аударатын бағдарламаны жасады. Бұл бағдарламалауды едәуір жеделдетіп, машиналармен жұмыс істеу тәсілін өзгертті.

Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Грейс Harvard Mark I компьютерін жасау бығытында жұмыс істеді. Жетістігі мен батылдығының арқасында ол IT әлемінде елеулі орын алған алғашқы әйелдердің бірі болды.

Көз катарактасынан тазартатын лазерлік аппарат - Патрисия Бат

Патрисия Бат - офтальмолог және лазерлік технологияны зерттеуші, ол өз жұмысын соқырлықпен күресуге арнады. Ол лазерлік технологияны қолдана отырып, катарактадан зардап шеккен көздің бөлігін тазартуға мүмкіндік беретін құрылғы жасады. Бұл әдіс катарактадан емдеуді дәлірек және тиімді етті, сондықтан бүгінде бүкіл әлем бойынша офтальмологияда қолданылады. Осы орайда миллиондаған адамға көру қабілетін қалпына келтіруге әсер етті.

Кевлар - оқ өтпейтін материал - Стефании Кволек

Америкалық химик Стефании Кволек кевларды ойлап тапты. Бұл материал болаттан күшті және жеңіл. Оның өнертабысы мыңдаған полиция, өрт сөндірушілер мен әскери қызметкерлердің өмірін сақтап қалды. Өйткені оның өнертабысы қазіргі заманға оқ өткізбейтін жилеттерді шығаруға негіз болды.

Осыған дейін елімізде патент алуға өтініш берген өнертапқыштар саны 4,4% өскені туралы жаздық.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Наурыз 2026 16:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары