Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Әйелдердің экономикалық белсенділігі маңызды

Әйелдердің экономикалық белсенділігі маңызды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Сарапшылар клубының кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шара конституциялық реформа аясында елдегі гендерлік күн тәртібіне арналды.

Жиын барысында әйелдердің мемлекеттік басқаруға қатысу құқықтарын кеңейту мәселелері, сондай-ақ, шешім қабылдау үдерістеріне тарту арқылы олардың Қазақстанды жаңғыртуға қосып отырған үлесі және осы бағыттағы өзекті міндеттер талқыланды. Гендерлік теңгерімді қамтамасыз ету Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саяси бағдардың стратегиялық басымдығы екені айтылып, бұл бағытта нақты қадамдар мен жаңа тәсілдер керектігіне мән берілді.

Клуб отырысын ашқан Мәулен Әшімбаев елімізде әйелдерді қолдауға бағытталған прогрессивті саясат жүйелі түрде жүзеге асырылып келе жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде бұл салада берік құқықтық негіз қалыптасқан. Оның маңызды тетіктерінің бірі 2030 жылға дейінгі Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы екені анық.

Сенат төрағасы гендерлік саясат қазіргі Қазақстанды дамытуда маңызды құрал екенін атап өтті. Әртүрлі тәжірибе мен құзыреттерді тиімді пайдалану мемлекетті күшейтеді. Осы тұрғыдан алғанда, теңдік тек әділеттілік мәсе­лесі ғана емес, сонымен қатар экономикалық өсуге қол жеткізудің және сапалы шешімдер қабылдаудың маңызды шарты саналады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жедел дамуы мен қазақстан­дықтардың әл-ауқатын арттыру бағдарын айқындап берді. Бұл әйелдер қауымының әлеуетін толық ашпай көздеген мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес. Статистика көрсеткендей, Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлікпен белсенді айналысып, жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірлердің дамуына үлес қосып келеді. Осы орайда әйелдердің экономикалық белсенділігін қолдау тек әлеуметтік көмек немесе қайырымдылық шарасы емес екенін ерекше атап өткім келеді. Бұл қадам – экономикалық өсімді қамтамасыз ететін және халық табысын арттыратын стратегиялық драйвер», деді Сенат төрағасы.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев жүргізіліп жатқан реформаларға қарамастан, әйелдер әлі де мансап жолында шектеулерге, кәсіби сегрегацияға тап болатынына және саясатта, стратегиялық шешімдер қабылдау деңгейінде олардың өкілдіктері әлі де арттыруды қажет ететініне алаңдаушылық білдірді. Осы жүйелі кедергілерді жою және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін инновациялық ынталандыру тетіктерін қалыптастырудың маңызы зор. Осыған байланысты Палата мен сарапшылар қауымдастығының бірлескен жұмысының басым бағыттары белгіленді.

Бұл үдерісте жаңа Конституция нор­малары­на ерекше мән беріледі. Аталған құжат әйел­дердің құқықтық мәртебесін бекітіп қана қоймай, тең мүмкіндіктер қағидатын айқын­дайды, азаматтардың қоғамдық өмірге қатысу тетіктерін күшейтеді. Сондай-ақ отбасыны, ана мен баланы қорғауды басты назарға алады. Әйелдердің елдің саяси және қоғамдық өміріне кеңінен қатысуына нақты жағдай жасау да басым бағыттардың бірі ретінде белгіленіп отыр.

«Жаңа Конституция жобасында реформа­лардың өзегінде адам, оның қадір-қасиеті және гендерлік айырмашылыққа қарамастан тең даму құқығы тұрғанын көреміз. Бұл – біздің саяси жүйеміздің кемелденгенінің белгісі. Әйелдер көшбасшылығы еліміз үшін қалыпты құбылысқа айналып келеді. Конституциялық нормалар барлық азаматтың құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігін айқындайды, азаматтық белсенділік тетіктерін күшейтеді және ана мен отбасының қорғалуын қамтамасыз етеді. Мұның бәрі әйелдердің өз әлеуетін толық жүзеге асыруына, мемлекеттік басқаруға және қоғамның дамуына белсенді қатысуына қажетті берік негіз қалайды», деді Мәулен Әшімбаев.

Сарапшылар клубының отырысына Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Әсел Жанасова, саяси консультант Назым Жанғазинова, медиаменеджер Махаббат Есен, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай, Teach for Qazaqstan қоғамдық қорының құрылтайшысы әрі директоры Гүлнар Сәлмен, «1С-Рейтинг» компаниясы директорының орынбасары Валерия Коцур, Microsoft Central Asia компаниясының клиенттермен жұмыс жөніндегі директоры Толқын Нұрышева, «Amanat» партиясының хатшысы Шолпан Каринова, 2026 жылғы UAE SWAT Challenge турнирінде үздік деп танылған Қазақстан арнайы мақсаттағы күштерінің әйелдер құрамасы «Tomiris», сондай-ақ, Парламент Сенаты жанындағы Сарапшылар клубының мүшелері қатысты.

Талқылау барысында Қазақстандағы гендер­лік теңдік саласындағы реформалардың көрсеткіштері сөз болды. Сондай-ақ қазіргі сын-қатерлер жағдайында әйелдердің рөлін күшейту үшін қазақстандық тәжірибеге енгізуге болатын шетелдік үлгілер ұсынылды. 

Соңғы жаңалықтар

Елімізде 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін

Қоғам • Кеше

Бокс: Futures Cup турниріне қатысатын спортшылар белгілі болды

Бокс • Кеше

6 наурызда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Ауа райы • Кеше

Қазақстан туристерге тартымды елге айналды: Еліміздің әлемдік рейтингтегі орны қандай?

Туризм • Кеше

Трамп Иранның келесі көшбасшысын таңдауға қатысқысы келетінін айтты

Әлем • Кеше

Абай облысында әскери қызметші қаза тапты

Оқиға • Кеше

Таяу Шығыс елдерінен 2 463 отандасымыз эвакуацияланды

Оқиға • Кеше

Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады

Президент • Кеше

«Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды

Қоғам • Кеше

Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды

Оқиға • Кеше

Түркия Иран елінен келетін мигранттарды қабылдайды

Әлем • Кеше

Қазақстанда жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды ақпараттық науқанның жаңа толқыны басталды

Ата заң • Кеше

«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы: Ешбір саяси науқан – тәуелсіз бақылаушыларсыз әділ өтпейді

Ата заң • Кеше

Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол ертеңге дейін жабылды

Ауа райы • Кеше

Алматыға Шарджадан эвакуациялық рейспен 167 отандасымыз ұшып келді

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Наурыз 2026 10:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары