Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Ақмола облысында әйелдердің әлеуетін арттыруға арналған маңызды бастамалар талқыланды

Ақмола облысында әйелдердің әлеуетін арттыруға арналған маңызды бастамалар талқыланды

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Ақмола облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысында облыстық филиал жанындағы Әйелдер қанатының жұмысы талқыланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Фракция жұмысына Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова қатысты. Жиында мемлекеттік қызметтегі, ғылым мен технология саласындағы әйелдердің рөлі, сондай-ақ жұмысшы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері туралы өзекті мәселелер қозғалды.

«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының үйлестірушісі Ақманат Әлімбетова есептік кезеңде атқарылған жұмыстарға тоқтала отырып, өңірдегі әйелдердің қоғамдық және әлеуметтік өмірдегі белсенділігіне назар аударды. 

Бүгінде Ақмола облысындағы барлық деңгейдегі мәслихаттарда 264 депутаттың 72-сі – әйел. Облыс әкімінің 5 орынбасарының бірі, 20 аудан әкімінің бірі, сондай-ақ облыстық басқарма басшыларының 6-ы әйелдер. Білім беру саласындағы қызметкерлердің 90%-ын, денсаулық сақтау саласында 6 700-ден астам қызметкерді әйелдер құрайды. Сонымен қатар, облыстағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 51%-ы әйелдердің үлесінде.

«Бұл деректер – Ақмола облысы әйелдерінің қоғам өміріндегі белсенділігін, олардың әлеуметтік жауапкершілігі мен ел дамуына қосып жатқан сүбелі үлесін айғақтайды», – деп атап өтті Ақманат Әлімбетова.

Ақмола облысына қарасты Жақсы ауданының әкімі Алмагүл Қадыралина өз сөзінде аудандағы 14 ауылдық округтің 4-еуін әйелдер басқаратынын атап өтті. Ол нәзік жандылар жетекшілік ететін округтерде соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамика көрсетіп отырғанын тілге тиек етті. Әйел әкімдердің іскерлігі мен жауапкершілігінің арқасында ауылдарда жол жөндеу, абаттандыру, әлеуметтік мәселелерді шешу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

Ал ғылым мен технология саласындағы әйелдердің жетістіктерін Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің профессоры Гүлден Тілеубердина талдап берді. Ол жергілікті ғылыми жобаларға қолдау көрсетудің маңызын атап өтіп, жас ғалым әйелдерді ынталандыру үшін жергілікті атқарушы органдар тарапынан ғылыми-зерттеу гранттарын бөлу мәселесін көтерді.

«Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық және құқықтық қолдау орталығының психологы Көгершін Сейітқажина жыл басынан бері орталыққа өмірлік қиын жағдайға тап болған 33 әйел мен 59 баланың орналастырылғанын хабарлады. Сонымен қатар, 300-ден астам нәзік жандыға заңгерлік және психологиялық кеңес берілген.

«Біз бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастырып келеміз. Алдағы уақытта әйелдердің кәсіби білім алуына, жұмысқа орналасуына ықпал ету, психологиялық тренингтер санын көбейту бойынша нақты шаралар жоспарлап отырмыз», – деді Көгершін Сейітқажина.

«Бүгінгі жиын барысында айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер – әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруға, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған маңызды бастамалар. Әйелдер тек отбасының тірегі ғана емес, сонымен қатар елдің әлеуметтік-экономикалық және ғылыми дамуындағы маңызды қозғаушы күш екені анық. Сондықтан әйел азаматына деген құрметіміз шексіз»,- деп жиынды қорытындылады жазушы-журналист, қоғам қайраткері, партия ардагері Жабал Ерғалиев.  

«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты алдағы уақытта да нәзік жандылардың әлеуетін дамытуға, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға арналған жобаларды жүйелі түрде жүзеге асыруды жалғастыра бермек.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:148
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2025 14:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see160

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see145

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see143

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see142

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see141

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see141

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see140

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see139

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see138

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see138

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see138

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see138

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see137

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see136

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see136

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see135

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see135

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see135

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see135

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары