Ақтауда лицей директорының жубайы тазалықшының шелегін теуіп, басы дауға қалды
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Видеодан алынған стоп-кадрАқтаудағы «Тұлпар» жекеменшік лицейінде орын алған оқиға қоғамдық дау тудырды. Мекеме директорының жубайы ғимарат ішінде еден жуып жүрген тазалықшыға агрессия көрсетіп, су құйылған шелекті теуіп жіберген.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада әйелдің техникалық қызметкерге дөрекілік танытып, жұмыс құралын аяқпен тепкені анық көрінеді. Оқиға желі қолданушыларының арасында үлкен наразылық тудырып, желідегі жұртшылық бұл әрекетті адамның қадір-қасиетін қорлау және қызметкерді кемсіту деп бағалады.
Дөрекілікке тап болған тазалықшы бұдан кейін құқық қорғау органдарына арызданды.
Маңғыстау облыстық білім басқармасы бұл жағдайдың расталғанын хабарлады. Ақтау қалалық білім бөлімі жанынан арнайы комиссия құрылды. Мүшелер жанжалдың мән-жайын толық зерттеп, оқиғаға қатысушылардың уәждерін тыңдайды.
Ведомство өкілдері тексеріс қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде тиісті шаралар қабылданатынын уәде етті.
Видео әлеуметтік желіден
Бүгін, 10:33
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:106
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2026 14:31 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















