Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Сыр өңірінде медицина қызметкерлеріне Жолдаудың басым бағыттары түсіндірілді

Сыр өңірінде медицина қызметкерлеріне Жолдаудың басым бағыттары түсіндірілді

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Маңызды басқосуға «Әділет» партиясы облыстық филиалы жанындағы   ақпараттық топ өкілдері Руслан Рүстемов, Гүлшат Мұсаева, Төлеген Бауыржан, Әбләзім Әбдіғабит және Әлібек Жаппасбаев қатысып, медицина қызметкерлерімен саладағы өзекті мәселелер мен алдағы кезеңге арналған міндеттерді талқылады.

Кездесу барысында денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, ана мен бала денсаулығын қорғау және медициналық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне басымдық берілді.

Ақпараттық топ өкілі Руслан Рүстемов өз сөзінде денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымдық жаңғыртудың маңызына тоқталды.

«Мемлекет басшысы Жолдауда денсаулық сақтау жүйесін жаңа талаптарға сай дамыту міндетін қойды. Бұл ретте медициналық нысандар салумен қатар, көрсетілетін қызметтің сапасы мен қолжетімділігіне мән беру маңызды. Ел бойынша жүзеге асатын «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында жаңа ауруханалар, перинаталдық орталықтар мен оңалту нысандарының бой көтеруі осы бағыттағы жұмыстарға серпін береді. Ең бастысы, әрбір азамат тұрғылықты жеріне қарамастан, сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік иеленуі керек», – деді Руслан Рүстемов.

Жолдауда денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылған. Ел көлемінде 70-ке жуық жаңа медициналық нысан салу жоспарланса, оның ішінде заманауи перинаталдық орталықтар, көпбейінді балалар ауруханалары, жедел медициналық көмек стансалары мен оңалту орталықтары бар.

Ал ақпараттық топ өкілі Гүлшат Мұсаева ана мен бала саулығын қорғау, балаларға көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіру және медицина мамандарын қолдау мәселелеріне тоқталды.

«Ұлт саулығы ең алдымен ана мен баланың денсаулығынан басталады. Бүгінде елімізде балалар санының артуы медициналық қызметке деген сұранысты да көбейтіп отыр. Сондықтан балалар ауруханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, ауруларды ерте анықтау, оңалту қызметтерін дамыту – уақыт талабынан туындаған міндеттер. Сонымен бірге  медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту да назардан тыс қалмауы тиіс. Себебі сапалы медициналық көмектің артында білікті маманның еңбегі тұр», – деді Гүлшат Мұсаева.

Жолдауда алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту, жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейту және саланы қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен арттыру мәселелері де қамтылды. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыру көзделген. Бұл өзгеріс 77 мыңнан астам медицина қызметкерін қамтымақ. Сондай-ақ ең төменгі жалақы мөлшерінің 110 мың теңгеге дейін көтерілуі кіші медициналық персоналдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.

Бұдан бөлек, ерекше қажеттіліктері бар балаларға медициналық-әлеуметтік қолдау көрсету, диагнозды ерте анықтау жүйесін жетілдіру және оңалту қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелері де талқыланды. Бұл бағыттағы жұмыстарға «Қазақстан халқына» қоры да тартылмақ.

Кездесу соңында медицина қызметкерлері салаға қатысты басымдықтармен танысып, Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асырудың маңызын талқылады. Басқосуда халық денсаулығын қорғау, медициналық қызмет сапасын арттыру және сала мамандарын қолдау елдің әлеуметтік дамуы мен болашақ ұрпақтың саулығына бағытталған маңызды міндеттер екені атап өтілді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:67
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2026 14:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see162

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see146

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see145

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see144

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see143

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see143

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see141

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see141

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see140

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see140

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see140

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see139

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see139

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see138

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see137

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see137

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see137

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see137

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see136

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see136
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары