Заңсыз тиелген Атыраудың балығы мен 22 тонна бидай кебегі шекарадан кері қайтарылды
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Батыс Қазақстан облысындағы шекаралық бекеттерде ветеринариялық талаптарды бұзған екі жүк көлігі тоқтатылды. Құжатсыз әрі тиісті өңдеусіз тасымалданған 22 тонна бидай кебегі мен Атыраудан Ресейге тиелген балық партиясы елге кіргізілмей, кері қайтарылды.
«Сырым» бақылау бекетінде Ресейдің Самара облысынан Түркістан облысына 22 тонна бидай кебегін апара жатқан жүк көлігі тексерілді. Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық инспекторлары фитосанитарлармен бірлесіп, бірден үш заңбұзушылықты анықтады:
Жүктің ветеринариялық ілеспе құжаттары болмаған;Өнімге арнайы таңбалау жасалмаған;Тауар міндетті термиялық өңдеуден өткізілмеген.Нәтижесінде 22 тонна кебек кері қайтарылып, көлік жүргізушісіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 406-бабы бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Сондай-ақ «Шаған» бекетінде Атырау облысынан Уфа қаласына балық тасымалдап бара жатқан көлік тоқтатылды. Онда да ветеринариялық ілеспе құжаттардың жоқтығы анықталып, жүк кейін шегерілді.
Екі тасымалдаушыға да Еуразиялық экономикалық одақтың №317 шешімінде белгіленген міндетті ветеринариялық-санитариялық талаптар түсіндірілді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі шекарадағы бақылаудың күшейтілген режимде жүріп жатқанын хабарлайды. Жыл басынан бері Батыс Қазақстан өңірінде ветеринариялық талаптардың сақталмауына қатысты 290 дерек тіркеліп, жүк тиелген 290 көлік кері қайтарылған. Заң бұзған 145 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бүгін, 11:37
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:63
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2026 14:31 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















