Еліміздегі автожолдарда жүк көлігіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру тәсілі талқылануда
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен автомобиль жолдарында ақы төлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Қатысушылар жол алымдарының қолданыстағы жүйесін жетілдіру және жол инфрақұрылымын күтіп ұстау мен жөндеуді қаржыландырудың тұрақтылығын арттыруды қарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Коммерциялық жүк көлігінің, оның ішінде отандық және шетелдік тасымалдаушылардың жолақы төлеудегі ықтимал тәсілдеріне басты назар аударылды. Бұл ретте ұсынылып отырған шаралар азаматтардың жеке жеңіл көлігі үшін жол жүру шартын өзгертуді көздемейді.
Сондай-ақ қатысушылар жүк тасымалының ашықтығын арттыру және жолақысын төлеу талабын сақтау мәселесін талқылады. Атап айтқанда, жүк көлігі қозғалысын, оның ішінде автомобиль жолының ақылы учаскелерінде мониторинг жүргізу үшін цифрлық құралдарды қолдануды арттыру ұсынылды.
Отырыс қорытындысы бойынша, вице-премьер мемлекеттік органдармен, салалық қауымдастықтармен және бизнес өкілдерімен бірлесіп, ұсыныстарды егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды.
Тәсілдерді зерделеу кезінде тасымалдаушылар мен бизнестің мүддесін ескеру, сондай-ақ жол инфрақұрылымын ұстауға арналған шығыстарды әділ бөлуді қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте азаматтардың жеке жеңіл көлігіне әсер етпей, коммерциялық жүк көлігіне басты назар аудару ұсынылады.
Ұсыныстарды қарашаның соңына дейін әзірлеп, жұмыс тобының келесі отырысында қарау тапсырылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:96
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2026 14:30 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















