Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Белсенділігі жоғары науқан

Белсенділігі жоғары науқан

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Биыл Жетісуда ауыл әкімдерін сайлау науқаны ерекше өтті. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар мен ауылдық округтерді басқаратын 116 әкімнің қатарын жасақтау мақсатында 39 ауылдық округ әкімін сайлау жоспарланған. Алайда кейбір әкімдердің отставкаға кету туралы өтініш беруіне байланыс­ты 42 округ әкімі сайланды.

Осылайша, биылғы он бір ай ішінде облыстың 10 ауданы­ның ішінен 8 аудан мен 1 қалада 42 сайлау науқаны ұйым­дас­ты­рылды. Олардың 39-ы – әкім­дердің өкілеттік мерзімінің аяқ­талуына, үшеуі мерзімінен бұ­рын тоқтатылуына байланыс­ты өткізілді. Осылай сайланған әкім­нің бірі – Көксу ауданына қарасты Бал­пық ауылдық округінің әкімі Төлеген Қожабеков.

«Халықтың пікірі қашанда маңызды. Осы ауылдың азаматы болған соң бағымды тағы бір рет сынап көрейін дедім. Ауыл тұрғындары қолдады. Қазір округіміз ерекше дамып келеді. Жол мәселесі де шешімін тапты. Көгілдір отын келді. Халықтың арыз-өтініші қалыс қалып жатқан жоқ», дейді ауыл әкімі.

Сайлау үдерісіне облыстық, 9 аудандық және қалалық аумақ­тық сайлау комиссиялары мен 98 учаскелік комиссия жұ­мыл­дырылып, жалпы 632 мүше­ден тұратын ұйымдастыру құ­рылымы жұмыс істеді. Сай­лаушылар тізіміне 82 269 адам енгізіліп, оның 66 831-і дауыс­ беруге келді. Нәтижесінде, қа­тысу көрсеткіші 81,2 пайызды құрап, ауылдық жерлердегі саяси бел­сенділіктің әлі де жоғары екенін көрсеткен.

«Одан бөлек, өңірде үміткер­лерді ұсыну кезеңі де тартысты өтті. 42 округ бойынша барлығы 151 кандидат ұсынылып, олардың 84,6 пайызы – өзін-өзі ұсынған азаматтар болды. Ал саяси партиялар тарапынан 23 үміткер тіркелді, оның 21-і «Amanat» партиясынан, екеуі – Қазақстан Халық партиясынан. Жалпы алғанда, бір орынға орташа есеппен 3,6 кандидаттан келіп, сайлаудың бәсе­келестік деңгейі айтарлықтай жоғары болды. Ең көп үміткер Ақсу ауданының Ақсу ауылдық ок­ругінде тіркеліп, ол жерде бір орын­­ға алты адам таласты. Ал ең тө­мен бәсекелестік деңгейі 8 аудан­­­­ның 22 округінде байқалды, әр­­­қай­­сысында 3 үміткерден ғана ұсы­нылды», дейді Жетісу облы­сының аумақтық сайлау ко­мис­сиясының төрағасы Тимур Даутов.

Оның айтуынша, 30 нау­рызда Панфилов аудандық мәс­лихатында шығып қалған орын­ға 1 депутат сайланды. Сай­­­лау­ға 2 аумақтық сайлау комис­сия­сы, 1 округтік сайлау комис­сиясы, 3 учаскелік сайлау комиссиясы, барлығы 39 комиссия мүшесі қатысты. Сайлаушылар тізіміндегі саны – 5 370, дауыс беруге қатысқандар – 3 942. Бұл өте жақсы көрсеткіш саналады.

Оның айтуынша, үміткерлер­дің бірқатары әртүрлі себептермен сайлау үдерісінен шет­те­тілді. Барлығы 25 кандидат тізімнен алынып, олардың 12-сі мемлекеттік қызмет туралы заң талаптарына сәйкес келмеген. Тағы 9 адам өз еркімен бас тарт­қан, оның ішінде жетеуі тіркеуден кейін өтініш берген. Үшеуі құжаттар топтамасын толық тапсырмағандықтан өткізілмей қалса, біреуінің сайлаушылар қолы жалған болып шыққан. Ал бір үміткер үгіт жүргізу тәртібін бұзғаны үшін тізімнен шығарылды. Нәтижесін­де, сайлауға 128 кандидат қатыс­қан. Бұл – бір орынға орташа 3,05 үміткерден келетін деңгей.

«Бәсекелестігі ең жоғары округ тағы да Ақсу ауданының Ақсу ауылдық округі болды, мұн­да төрт кандидат бақ сынады. Ал ең төмен бәсекелестік Қаратал ауданындағы Бастөбе және Ескелді ауданының Төленгүт ауылдық округтерінде тіркелді, бұл ауылдарда әрқайсысында екі үміткерден ғана ұсынылды», дейді Жетісу облысының аумақ­тық сайлау комиссиясының мүшесі Самат Бейсенов.

Биылғы ауыл әкімдерін сайлау жергілікті басқару жүйесіндегі демократиялық үдерістердің одан әрі дамып келе жатқанын көрсеткен маңызды саяси оқиға болды. Қоғамдық белсенділік те, үміткерлердің саны да жергілікті өзін-өзі басқаруға деген қызығушылықтың күшейгенін байқатады.

 

Жетісу облысы 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:222
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 10:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see141

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see121

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары