Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстанда әйелдердің кәсіпкерлік белсенділігі 54% ға жетті Ербол Тұяқбаев

Қазақстанда әйелдердің кәсіпкерлік белсенділігі 54% ға жетті Ербол Тұяқбаев

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Өз сөзінде бірінші вице-министр климаттың өзгеруі, су ресурстары тапшылығы және экожүйелерге түсетін жүктеменің артуы бүгінде экономиканың тұрақтылығына, жұмыспен қамтуға және халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер етіп отырғанын атап өтті. Қазақстан бұл сын-қатерлерді жаңа, орнықты, инклюзивті әрі адамға бағдарланған даму моделін қалыптастырудың негізі ретінде қарастырады. Осы тұрғыда елдің климаттық және ресурстық саясатына гендерлік тәсілдерді енгізу басым бағыттардың бірі болып отыр.

Ербол Тұяқбаев Қазақстанда мемлекеттік саясат деңгейінде ерлер мен әйелдер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің тұтас жүйесі қалыптасқанын атап өтті.

– Ұлттық еңбек заңнамасында кемсітусіз тең еңбекке тең ақы төлеу қағидаты бекітілген, сондай-ақ бірдей мамандық бойынша еңбек ететін немесе бірдей лауазым атқаратын жұмыскерлер үшін еңбекақы мөлшерінің теңдігі қарастырылған. Елімізде әйелдер экономиканың барлық негізгі салаларына, соның ішінде өнеркәсіп, көлік және құрылыс секторларына еркін қатыса алады. Әділ еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге деген ұстанымымыз Қазақстанның Халықаралық еңбек ұйымының Әлеуметтік әділеттілік жөніндегі жаһандық коалициясына қосылуымен расталды. Сонымен қатар ұлттық деңгейде «Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қысым көрсетуді жою туралы» ХЕҰ конвенциясын ратификациялау мәселесі қаралуда, - деді бірінші вице-министр.

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Спикер іскерлік ортадағы әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамыту мәселесіне де ерекше тоқталды. Оның айтуынша, Үкімет әйелдердің бизнес-бастамаларын қолдауға және жеке капиталдың дамуына қолайлы жағдай жасауға айрықша мән беріп отыр. Бұл өз кезегінде қазақстандық әйелдердің жеке дамуына ғана емес, тұтастай алғанда қоғамның экономикалық тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді.

– Біз әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту және олардың ресурстарды басқаруға қатысуын арттыру бағытындағы шараларды жүйелі түрде жетілдіріп келеміз. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілері басшыларының қатарындағы әйелдердің үлесі 48%-дан асты, ал елдегі кәсіпкерлердің жалпы құрылымында бұл көрсеткіш 54%-ға жетті. Бұл деректер әйелдердің жұмыспен қамтылуы мен экономикалық белсенділігі еліміздің тұрақты дамуының маңызды тірегіне айналғанын айқын көрсетеді, - деді Ербол Тұяқбаев.

Баяндамада халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру нәтижелері де кеңінен қамтылды. Министрлік республика өңірлерінің барлығында әйелдерді кәсіби оқыту, біліктілігін арттыру және өзін-өзі жұмыспен қамтуға ынталандыру бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп келеді. Бұл өз кезегінде кадр тапшылығын азайтып, жаңа технологиялық салалардың дамуына серпін береді.

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

– Бүгінде Қазақстан экономикасында 4,5 млн әйел еңбек етеді. 2025 жылы жұмыспен қамту шаралары аясында шамамен 475 мың әйел жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар 30 мыңнан астам қазақстандық әйел кәсіпкерлік негіздері бойынша бейіндік оқытудан өтіп, олардың бір бөлігі өз ісін бастау үшін мемлекеттік гранттарға ие болды. Бұл әйелдердің жұмыспен қамтылуы әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамның ұзақ мерзімді дамуының маңызды факторы екенін тағы бір мәрте дәлелдейді, - деп түйіндеді бірінші вице-министр.

Сөз соңында Ербол Тұяқбаев әйелдерге инвестиция салу – жекелеген әлеуметтік топты қолдау ғана емес, тұтас қоғамның тұрақтылығына, әділ еңбек нарығын қалыптастыруға және өңірдегі ресурстарды тиімді басқаруға бағытталған инвестиция екенін атап өтті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Сәуір 2026 18:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары