Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АМӨЗ жұмысы тоқтатылуы мүмкін: Экология департаменті зауытты сотқа берді

Әр өңірде жол бойындағы сервисті дамытудың екжей текжейлі картасы әзірленеді

СҚО да 50 пайыз үстемеақы үшін кәсіпкерлер жауапқа тартылды

Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалицияның мүшелерімен бірге Абай облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді

Жол көлік оқиғасын еурохаттама бойынша қалай рәсімдейді: нұсқаулық

Екі облыста жол жабылды

Астанада көп қабатты үйден өрт шықты

​Атырау облысында ​205 мектептің интернетіне 2,44 млрд теңге жұмсалған

“30 рет пышақталған“: Талғарда әйел мен оның анасы ер адамды өлтірді деген күдікке ілінді

Асу Алмабаев UFC рейтингінде төмендеді

Түркия әуе кеңістігінде Ираннан ұшырылған баллистикалық ракета залалсыздандырылды

Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда қандай кедергілер бар

Көкшетау тұрғыны айып тұрағынан көлігін аламын деп басы бәлеге қалды

Жезқазған қаласының бюджеті екі есе өсті

Астана алғаш рет Берлиндегі әлемнің ірі туристік көрмелерінің бірінде медициналық дестинация ретінде қатысты

Жаманның қасында жүргенше, жақсының аяғында жат : Бағдат Әшімова ауызашарда марқұм Асанәлі Әшімовті еске алды

Ақмола облысында сайлау учаскелерінің референдумға дайындығы қалай

Мәжіліс бірқатар ірі жобаға Дүниежүзілік банк қаражатын тартатын келісімді ратификациялады

Көлікті тіркеу мен техпаспорт ауыстыру енді онлайн жасалады

Референдумның бекіту куәлігін қалай алуға болады

Алаштың асқақ Әлиханы

Алаштың асқақ Әлиханы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Оның «Хан баласында қазақтың хақысы бар еді, тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген серті бүгінгі күніміздің іргетасы іспеттес. Биыл Алаш арысының туғанына 160 жыл толады. Соған орай ұлт көсемінің туған жері мен ескерткіштерінің жай-күйіне тағы бір үңіліп, әлихантанушы ғалымдардың тың деректеріне құлақ түрдік.

Тұңғышбай МҰҚАН,

Талдыбейіт қорымының шырақшысы,

әлихантанушы, өлкетанушы: 

Баскиімін арулап жерлеген

– Осыдан бес жыл бұрын Алаш қайрат­керінің 155 жылдығында Шабанбай би ауылында ескерткіш қойылып еді. Туыстары мен жақындары жерленген Талдыбейіт қорымына барып, Алаш зерттеушілері Құран бағыштап қайтқан еді.  Бұл қорым тарихи-мәдени ескерткіш ретінде мемлекет қам­қорлығына алынуы керек деп едіңіз. Сол қорымның жайы не болды?

– Бүгінде Талдыбейіт қорымы жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіштер есебіне алынды. 2014 жылы мұнда кешенді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, қазір нысан талапқа сай жақсы жағдайда сақтаулы тұр. Сондай-ақ Әлекеңнің кіндік қаны тамған Жекежал қыстағы да назардан тыс қалмады. 2013 жылы оның іргетасы реттеліп, 2015 жылы «Әлихан Бөкейханов күзеткері» деп аталатын қара граниттен жасалған зәулім ескерткіш тақта орнатылды. Қыстақтың маңы толық қоршалып, бұл орын да жергі­лікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер тізі­міне ресми түрде енгізілді.

– Әлихантанушы Сұлтан-Хан Аққұлұлы Әлиханның інісі Смахан төренің қолжазба­ларын жариялағанын білеміз. 18 дәптерден тұратын  қолжазбадан бөлек,  ол кісінің жазған-сызғандарының бәрі табылды ма?

– Смахан төре Талдыбейітке Әлекеңнің өзі киген баскиімін арулап жерлеген. «Ар­уа­ғын көмдім» деген үлкен аяушылықпен көмілген бұл жәдігер күні бүгінге дейін топырақ астында сақтаулы. 2015 жылы Әлихан Бөкейханның 150 жылдығының қарсаңында алаштанушы ғалым Айгүл Ісмақова бастаған 12 ғалымнан құралған халықаралық экспедиция ең алғашқы зерттеуін Талдыбейіттен бастаған. Осы жерден бір уыс топырақ алып, оны Қара­ғанды, Қарқаралы, Семей, одан ары Мин­с­кі­ге дейін барып, Ленинградтан өтіп Мәс­кеудегі Дон зиратына апарып, Алаш көсемі жатқан жерге қойды. Ал 2016 жылғы мерейтой үстінде Мәскеуден әкелінген бір уыс топырақ Ақтоғайдағы зиратқа сал­ынды. Бұл тарихи сәттің барлығы «Әли­хан – ұлт азаттық күрескері» атты танымдық деректі фильмде жан-жақты көрсетілген.

– Айтқандай, әлгі Талдыбейіттегі қорым­дағы ескерткіштегі жазбалар өшірілгені турал­ы естіген едік. Сол жазу қайта қалпына кел­тірілді ме? Әлде қайта қалыпқа келтіру мүмкін емес пе?

– 1960-жылдары Әлиханның бауыры Смахан төре Балқаш қаласында тұрып, 1967 жылы сол жерде дүниеден өтті. Сол кезеңде ол Қалдыбекке арнайы келіп, өз қолымен бетоннан ескерткіш құйып орнат­қан. Алайда 1961 жылы аудандық партия комитетінің хатшылары мазар басындағы жазуды оқып, оны «буржуазиялық идео­логияны насихаттайтын тас» деп бағалап, сол жазуды өшіруді талап етеді. Сол сәтте Әли­ханның атасы болып келетін  Мырза­тайдың бауыры Рүстем төренің ұрпақтары ескерткішті толықтай жойылып кетуден сақтап қалу үшін оның бетін цементпен сылап тастайды. Тіпті, бір жылдан соң Ал­матыдан келген арнайы фототілші беті тегістелген тасты суретке түсіріп кеткен. Тек 1992 жылы, еліміз Тәуелсіздік алған соң Ақтоғайда «Ақтоғай – Алаш арыстары­ның атамекені» деген ауқымды республика­лық іс-шара қарсаңында біз сол ескерткіштің бетіндегі қалың қатқан балшықты түсіріп, аршып алдық. Дегенмен тастың бастапқы қалпын толық қалпына келтіру үшін әлі де арнайы аппараттармен жұмыс істейтін білікті мамандар қажет. Қазірше ол сол тарихи күйінде тұр.

Халық мені «Әлихан Нұрмұхамедұлының шырақшысы» деп атайды. Өзім Қарағанды қаласында тұрсам да, алыс-жақыннан, қала берді ресми сапармен келген мейман­дарды киелі орындарға бастап апарып, тарихпен таныстыруды парызым санаймын. Биылғы жыл ақтоғайлықтар үшін ғана емес, күллі Алаш жұрты үшін жағымды жаңа­лықтарға толы болмақ. Атап айтқанда, Әлихан Бөкейханның кіндік қаны тамған Жекежал қыстауын қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Бұл нысан тиісті жоспарға еніп, қажетті қаражат та бөлініп қойды. Тағы бір жағымды жаңалық – Ақто­ғай ауданының орталығынан аудандық архео­логиялық-этнографиялық музейінің базасында «Алаш залы» деп аталатын арнайы зал ашылғалы жатыр. Мұнда Алаш арыстары – Әлихан Бөкейханның, Жақып Ақбаевтың және Әлімхан Ермековтің өмір жолынан сыр шертетін құнды құжаттар мен бірегей жәдігерлер қойылмақ. Бүгінде мұндай ауқымды «Алаш залы» республика бойынша тұңғыш рет қайраткерлердің туған жері – Ақтоғайда ашылғалы отыр. Қазір ғимарат мәселесі толық шешіліп, қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде. Биылғы атқарылатын негізгі жұмыстардың ауаны осындай.

Дінмұхамед БАЙЖҰМА, 

гуманитарлық ғылымдар магистрі, зерттеуші:

Омбыдағы ресми жүздесу

Тарих парақтарында әлі де зерттеуді қажет ететін тың деректер жеткілікті. Соның бірі – 1921 жылы Прагада жарық көрген профессор Индржих Дворжактың «Қазақтар арасында» атты құнды еңбегі. Бұл еңбек – Алашорда қозғалысының еркіндікке ұмтылысы мен олардың чехословак корпусы легионерлерімен ортақ мүдде жолындағы одақтастығын айғақтайтын деректердің бірі. 

Зерттеуші Дінмұхамед Байжұманың айтуынша, И. Дворжактың бұл кітабында бұған дейін ғылыми айналымға түспеген қазақ жерінің картасы мен қазақ тұрмысын бейнелейтін 19 бірегей сурет қамтылған. Бұл картографиялық мәліметтер сол дәуірдегі геосаяси ахуалды зерделеу үшін таптырмас құрал саналады. Алайда ең құнды дерек – автордың Алашорда үкіметінің басшыларымен тікелей кездесуін сипаттаған естеліктері.

Дінмұхамед Байжұма Алашордамен чехословак легионерлерінің ортақ мүддеге негізделген байланысын И.Дворжактың мына бір естелігімен негіздейді. Ол кітапта 1918 жылы Омбыдағы ресми жүздесуі туралы да дәйек келтірілгенін айтты.

«Назар аударарлық дерек,  автордың 1918 жылы Омбы қаласында Алашорда үкіметінің басшысы Әлихан Бөкейханмен, сондай-ақ Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлері Айдархан Тұрлыбай мен Уәлитхан Танашпен жүздескенін сипаттауы. Бұл кездесу – Алашордамен  чехословак легионерлерінің ортақ мүддеге негізделген байланысының нақты дәлелі ретінде ерекше құнды. И.Дворжак бұл оқиғаны кітабында: «Қазақ­тармен «ресми деңгейдегі» алғашқы байланысым Омбы қаласында орнады(1918 жыл). Ол кезде әңгіме Чех армиясы үшін Рес­ейден жылқы жеткізу туралы болатын және сол себепті маған қазақ халқының өкілдерімен қарым-қатынас құруға тура  келді. Алғашында біз қазақ­тарм­ен келіссөз жүргізу ісі олардың дәстүрлі ру басшыларымен өтеді деп топшыладық, өйт­кені ондай тұл­ғалармен күнделікті жүз­десіп жүрген едік. Сол себепті де алғаш­қы ресми кездесуде бол­ған жайт мені ай­тар­лықтай таңғалдыр­ды», – д­ейді Д.Бай­жұма.

Зерттеушінің айтуынша, И.Дворжактың естелігінде Әлихан Бөкейханмен болған әңгімеден бір ерекше оқиға айрықша аталады. Соның бірі: «Мені тебіренткен бір ерекше сәт сол кезде орын алды: Әлихан Бөкейхан өз халқының ғасырлар бойы тартқан қайғы-қасіретін чехословак ұлтының азабымен салыстырды. Ол қазақ даласының тәуелсіздігін аңсайтынын айтып, алыстағы чех халқымен арада сан мыңдаған шақырым жатқан алшақтықтың жүрегін мұңға бөлейтінін бүкпесіз жеткізді». Бұл айтылғандар ұлт көсемінің өр мінезін ғана емес, сонымен қатар қазақтың тәуел­сіздік аңсарын өзге халықтардың бостандық жолындағы күресімен үндестіре бағалай білген саяси даналығын да айқындайды.

Дінмұхамед Байжұма И.Дворжактың «Қазақтар арасында» еңбегін автордың қазақ даласында болған саяхатшы әрі чехословак легионері ретіндегі тәжірибесіне негізделген және бүгінгі күнге дейін ғылыми айналымға енбеген беймәлім туынды деп бағалайды. Өйткені кітап – Қазақстанның жаңа тарихына қатысты құнды деректерді қамтыған, аса сирек кездесетін мәдени-тарихи куәлік. Кітаптың ең басты ерекшелі­гі – онда Кеңес үкіметі орнамай тұрған кезеңдегі Қазақстанның жалпы саяси-әлеуметтік ахуалының айқын суреттелуімен қатар, сол дәуірдегі мәдени-этнографиялық болмысының шынайы бейнеленуінде.

Алаш қозғалысының түпкі мұраты – ұлттық мүдде десек, сол мүдденің алтын қазығы халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан асыл мәдениетінде жатыр. Алайда Кеңес үкіметі орнағаннан кейін қазақтың дініне, діліне және дәстүрлі болмысына жат саяси үрдістер күш алды. Осы сын сағатта Алаш қайраткерлері күрес тәсілін өзгертті. Олар ұлттық бірегейлікті сақтап қалу үшін басты майдан даласы ретінде мәдени-рухани алаңды таңдады. Оның дәлелі ретінде Д.Байжұма ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның Дінше Әділовке 1923 жылы жазған хатын мысалға келтірді.

«Күрес жолында Алаш зиялылары бұрын­нан қалыптасқан халықтың төл эстети­калық көзқарасынан туған ауыз әдебиетінің жауһарларын, қазақ тарихындағы сан алуан ақын-жыраулардың ұлы ойларын, ағартушы-демократтардың еңбектерін қайта басып, батыс ғылым-өнерін қазақ арасына тарата бастады. Мысалы, Әлихан Бөкейханның Дінше Әділовке жазған хатында: «Бауырым Дінше! Хатыңды алдым. Қуанып қалдым. «Шолпанға», «Темірқазық­қа» неге мақала жазбайсың? Сендей білімі бар жазбаса, кім жазады? Не балаларға сабақ беріп, не журнал-газетке мақала жазып, Алашқа қызмет қылсаң, не қазақ тілінде кітап жазбасаң, өзге жол бізге бөгелді ғой», – деп ел үшін күрестің өзге жолын нұсқайды. Сонымен қатар Алаш қозғалыс мүшелерінің 1928 жылғы бірінші қудалау легінің айыптау қорытындысының «Алаш­орда әдебиетші­лерінің идеологиялық ық­па­лы» атты қылмыс­тық айғағында: «1922 жылдан бастап «Алаш­ордашылар» көркем әдебиетке ерекше көңіл бөлді, ескі әдебиеттің үлгілері, пьесалар, өлеңдер, әңгімелер, фельетондар т.т олардың көз­қарасын көпшілікке таратудың таптырмай­тын тәсілі болды. Ахмет Байтұр­сынұлы жазу­шыларды бұл майданға белсене қатысуға шақырып: «Қазақ жазушылары өзінің шығармаларында қазақ ұлтының мүддесін қорғау керек», – деп үндеу тас­тады», – делін­ген», – деп сөзін түйді зерт­теуші. 

Дайындаған

Гүлзина БЕКТАС,

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeБұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Жас Алаштың бас редакторы ауысты
21 Қараша 2025 13:59
seeКөрілімдер:93
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Наурыз 2026 07:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АМӨЗ жұмысы тоқтатылуы мүмкін: Экология департаменті зауытты сотқа берді

03 Наурыз 2026 18:56see194

Әр өңірде жол бойындағы сервисті дамытудың екжей текжейлі картасы әзірленеді

03 Наурыз 2026 13:25see116

СҚО да 50 пайыз үстемеақы үшін кәсіпкерлер жауапқа тартылды

03 Наурыз 2026 16:41see114

Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалицияның мүшелерімен бірге Абай облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді

03 Наурыз 2026 20:17see113

Жол көлік оқиғасын еурохаттама бойынша қалай рәсімдейді: нұсқаулық

03 Наурыз 2026 14:17see112

Екі облыста жол жабылды

03 Наурыз 2026 19:49see111

Астанада көп қабатты үйден өрт шықты

03 Наурыз 2026 15:53see111

​Атырау облысында ​205 мектептің интернетіне 2,44 млрд теңге жұмсалған

03 Наурыз 2026 17:39see110

“30 рет пышақталған“: Талғарда әйел мен оның анасы ер адамды өлтірді деген күдікке ілінді

04 Наурыз 2026 10:56see110

Асу Алмабаев UFC рейтингінде төмендеді

03 Наурыз 2026 18:20see110

Түркия әуе кеңістігінде Ираннан ұшырылған баллистикалық ракета залалсыздандырылды

04 Наурыз 2026 18:48see110

Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда қандай кедергілер бар

04 Наурыз 2026 10:16see110

Көкшетау тұрғыны айып тұрағынан көлігін аламын деп басы бәлеге қалды

04 Наурыз 2026 16:39see109

Жезқазған қаласының бюджеті екі есе өсті

03 Наурыз 2026 15:08see109

Астана алғаш рет Берлиндегі әлемнің ірі туристік көрмелерінің бірінде медициналық дестинация ретінде қатысты

04 Наурыз 2026 11:36see109

Жаманның қасында жүргенше, жақсының аяғында жат : Бағдат Әшімова ауызашарда марқұм Асанәлі Әшімовті еске алды

03 Наурыз 2026 17:48see109

Ақмола облысында сайлау учаскелерінің референдумға дайындығы қалай

04 Наурыз 2026 11:39see108

Мәжіліс бірқатар ірі жобаға Дүниежүзілік банк қаражатын тартатын келісімді ратификациялады

04 Наурыз 2026 11:35see107

Көлікті тіркеу мен техпаспорт ауыстыру енді онлайн жасалады

04 Наурыз 2026 00:44see106

Референдумның бекіту куәлігін қалай алуға болады

03 Наурыз 2026 19:49see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары