Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Алаштың алтын алқасы: Бас қаланың келбеті қалай өзгереді?

Алаштың алтын алқасы: Бас қаланың келбеті қалай өзгереді?

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Былтырғы желтоқсанда Астананы дамыту жөнінде өткен дәстүрлі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазір Астана қарқынды өсіп келеді. Кейінгі 11 айда қысқа мерзімге арналған экономикалық индикатор 118,6 пайызға жетті. Инвестиция, құрылыс, шағын және орта бизнес саласындағы көрсеткіштер бойынша Астана алдыңғы орында тұр. Елорданың көш басында болуы – заңдылық» деп атап өткен еді.

Былтыр қазақтың астанасы беделді Oxford Economics рейтингісінде Азия құрлығы елдерінің ішінде 36-орынға жайғасса, әлем мемлекеттерінен 276-орынға тұрақтады. Қаланың бәсекеге қабілеттілігі мен инвестициялық тартымдылығын бағалайтын бұл зерттеу әлемнің ең ірі мың қаласының экономикасын, адам капиталын, тұрмыс сапасын, қоршаған орта мен басқару салаларын жан-жақты саралайды. Осылайша, еңселі елордамыз Мәскеу, Афины, Флоренция сияқты қалаларды басып озып, Орталық Азия бойынша үздік үштікке енді.

Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, өткен жылы қала тұрғындарының саны 1,6 миллионнан асты.  Тұрғындар саны жыл сайын 100 мың адамға артып отыр. «Адамдарға қолайлы қала» мәртебесін иеленген бас шаһарға күн сайын шамамен 200 мыңнан астам адам келіп-кетеді. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, былтыр Астанаға келген адамдар мен кеткен адамдардың айырмасы 89 244 болған. Жалпы көшіп келгендер саны – 318 637, көшіп кеткендер саны – 229 393. Оның ішінде 180 514 адам өзге өңірден, 2 313 адам шетелден көшіп келген. Ал өзге өңірлерге көшіп кеткендер саны – 93 055 адам, шетелге көшіп кеткендер саны 528 адам болады. Жалпы Қазақстанда көші-қон айырмасы бойынша ең жоғары көрсеткіш Астана қаласына тиесілі, дейді Factcheck.kz.

Бұл сандарды не үшін келтіріп отырмыз? Астананың әрі қарайғы даму бағытын айқындайтын негізгі құжат – Бас жоспар. Шаһар осыған қарап «бой түзеп», алдағы өркендеу өлшемдерін айқындайды. Ал бұл Бас жоспар, ең алдымен тұрғындардың санына, соған сәйкес қызмет көрсету аясы мен инфрақұрылымдық өзгерістерге байланысты өзгеріп, түзетіліп отырады.

Қазіргі таңда Үкімет басшысының тапсырмасымен Астана қаласының 2035 жылға дейінгі Бас жоспарына түзету енгізу құжаты әзірленіп жатыр. Бұл нұсқада инвестициялық жобаларды, әлеуметтік инфрақұрылымды кеңейтуге айрықша мән берілген. «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ бас директоры Руслан Жақыповтың айтуынша, қала бүгінде бұрынғы болжанған межеден әлдеқайда асып, жылдам дамып келеді. Сондықтан жаңа Бас жоспар мектеп, балабақша, медициналық мекемелер секілді әлеуметтік нысандарды көбейту, жол инфрақұрылымы мен қоғамдық көлік қозғалысын кеңейту бағытына қарай бейімделмек. Жалпы негізгі құжатты түзету жобасы аясында түрлі бағыт бойынша шамамен 300 инвестициялық жоба ұсынылған екен, оның 130-ына түзету енгізілген.

Р.Жақыпов Бас жоспардағы үш негізгі көрсеткіштің өзгеріссіз қалғанын айтады. Оның бірі – даму жоспарының уақыты 2035 жылға дейін қала береді. Екінші, қала халқының болжамды саны – 2 275,0 мың адам және Астана қаласының жалпы аумағы – 79 733 га болып өзгеріссіз қалды.

Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының дере­гін­ше, Бас жоспардың әлеуметтік инфрақұрылым бөлігінде 2035 жылға дейін жобамен 178 жаңа мектеп салу көзделген, бұл бұрын бекітілген Бас жоспармен салыстырғанда 83 мектепке артық. Сондай-ақ 274 балабақша, 89 денсаулық сақтау нысаны және 61 спорт нысанын салу жоспарланған. Бұдан бөлек, жалпы аумағы 300 гектардан асатын жаңа қалалық және аудандық саябақтар құру қарастырылып отыр. Ал көше-жол желісінің жалпы ұзындығы 2,7 мың км-ді құрайтын болады.

Айтпақшы, Бас жоспар «Tarlan Astana» (LRT) көлік желісіне байланысты да өзге­ріп жат­қанын атап өткен жөн. Қазіргі таңда жүрдек көлік желісі бас шаһар­дың әуежайынан бастап, Есілдің сол жаға­лауындағы көрікті көшелерді­­ кесіп өтіп, «Нұрлы жол» вокзалын жалғаса, болашақта «Астана-1» вокзалы мен «Жағалау» шағын ауданына қарай да бағыт алады. Қосшы қаласына да қатынайтын болады. Одан кейін Астананың аспалы жолы Есілдің сол жағалауын ескі қала­мен қосу арқылы үшінші кезеңіне аяқ басады. Қаланың көлік инфра­құ­ры­лымындағы бұл өзгерістер жаңа Бас жоспарда тайға таңба басқандай нақтыланған. Жоспарға сәйкес, елордада көлік жүктемесін азайту мақсатында екі деңгейлі жолайрықтар мен жаңа магистральдар салу көзделіп отыр.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, бүгінде бас шаһар жаңа құрылыс қаласы ретінде дүмпуді бастан кешіріп жатыр. 2025 жылы елордада 4,8 млн шаршы метр тұрғын үй салынған, бұл – бүкіл ел бо-йынша салынған тұрғын үй көлемінің төрттен бір бөлігі. «Бұл, ең алдымен, халықтың тұрақты өсуіне және сарапшылардың алдағы 10 жылға арналған болжамын қарастыратын Бас жоспардың басымдықтарына байланысты. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, абаттандыруға және жасыл аймақтарды құруға басымдық беріледі. Біз инженерлік инфрақұрылымның озық дамуымен қалалық жүйені құрып жатырмыз. Біздің барлық іс-әре­ке­ті­міздің негізі – қала тұрғын­да­рының өмір сүру сапасына, инклюзив­тілікке және қолжетімді ортаға басым­дық берілген «Адамдарға қолайлы қала» қағидасы», дейді елордалық әкім.

Иә, «өмір сүргің келетін қала» мәр­те­бесіне ие болған елорданың дамуы – елдің дамуы. Президенттің сөзімен айтсақ, Астана әрдайым ауқымды жұмыстардың бастауында тұруға тиіс. Елордамыз басқа аймақтарға бар­лық жағынан үлгі болуы керек. Ай­тыл­ған міндеттердің барлығы ­уақ­тылы әрі сапалы орындалуға тиіс. Өйткені ел Астанаға қарап ой түзейді, бой түзейді. Елорда – елдің ертеңін айқындайтын маңызды шешімдердің орталығы ғана емес, ұлттық рухтың ұясы, мемлекеттіліктің діңгегі. Демек бас шаһардың дамуы қазақ елінің жарқын келешегінің айғағы екені сөзсіз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Шілде 2026 08:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары