Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан хақында: сенім жаңа капиталға айналып жатыр

Креативті индустриялар аймақтардың жаңа даму драйверіне айналуда

Мемлекетке қайтарылған жер ауылдың мұқтаж тұрғындарына бұйырмай тұр

Емханалар 140 мың адамды жалған тіркеген: МӘМС қаражатын жымқырғандар сотталды

Қазақстан мен Қытай арасында жаңа өңірлік әуе бағыттары ашылады

Мексикада қауіпті қылмыстық топ жетекшісі қолға түсті

Мемлекет басшысының тарихи маңызы зор тағы бір ауқымды жобасы басталды Ерлан Қарин

Нұрлан Әбдіров: Бүгіннен бастап учаскелік сайлау комиссиялары жұмысқа кірісті

ЕАЭО мен Өзбекстан қазан айынан бастап кедендегі жүктер туралы ақпарат алмасады

Жабылған қарыз өзін еске салуы мүмкін: неліктен несие тарихыңызды бақылау маңызды

Тоқаев: Еліміз Еуропа мен Азияны жалғайтын жетекші логистикалық желіге айналады

Жолаушылар Нұрлы жол вокзалындағы аптап ыстыққа шағымданды ҚТЖ мәселені мойындады

Марокко Испанияға мигранттардың жаппай ағылуына не себеп болғанын түсіндірді

Қаржы тазалығы мемлекет қауіпсіздігінің жаңа өлшемі

Зеленский Ресей, Украина және Беларусь компанияларына қарсы санкциялар енгізді

Елімізде шикізаттық емес тауарлардың экспорты қанша пайызға өсті?

Қытайдың автонарығы дағдарысқа тап болды

Аршалы тұрғындары Астананы сумен қамтып отырған өзенге кәріз суы төгіліп жатқанын мәлімдеді

Қазақстанда емханалардың жұмыс істеу ережелері жаңартылды: бұл пациенттерге қалай әсер етеді?

ОПЕК+ ұйымының жеті елі қыркүйекте мұнай өндірісінің шегін арттыруға келісті

Алатау қаласында 1,8 трлн теңгелік 44 инвестициялық жоба іске асырылмақ

Алатау қаласында 1,8 трлн теңгелік 44 инвестициялық жоба іске асырылмақ

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жиында инвестициялық жобалардың орындалу барысы, инфрақұрылымдық қамтамасыз ету бойынша жұмыс қарқыны, сондай-ақ құқықтық экожүйге қатысты мәселелер және сапалы адами капиталды қалыптастыру тәсілдері талқыланды.

Отырысты ашқан Премьер-министр Президенттің Alatau City-ді дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

Фото: Үкімет

— Мемлекет басшысы Алатау қаласын ұзақмерзімді экономикалық дамудың жаңа орталығы ретінде белгілеп, жұмыс барысын тікелей өзі қадағалап отыр.

Сонымен қатар жаңа Конституция жобасында қала дамуының негізгі қағидаттары да қамтылды. Елімізде арнайы құқықтық режимдердің пайда болуы Қазақстанның ұзақмерзімді экономикалық мүдделеріне сай әрі инвестиция тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Алатау қаласын дамыту — бұл ерекше мәртебеге ие, жеделдетілген дамудың заманауи цифрлық қаласын құруға бағытталған инновациялық шешім, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бұл ретте елімізде арнайы құқықтық режимдердің пайда болуы елдің әкімшілік-аумақтық құрылымына әсер етпейтіні баса айтылды. Аумақтың тұрақтылық принципі сақталады әрі маңызды болып қала береді, бұл оның жаңа Конституция жобасының бірінші бөлімінде — «Конституциялық құрылым негіздерінде» бекітілуімен дәлелденеді.

Фото: Үкімет

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Қазіргі уақытта Парламентте «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы қаралуда.

Институционалдық база құрумен қатар инвесторлар үшін тартымды орта қалыптастыратын және қала экономикасының өсуіне жаңа серпін беретін жүйе құраушы жобаларды іске қосу бойынша практикалық жұмыс жүргізілуде. Басым бағыттар қатарында қаланың сәулеттік-іскерлік өзегі ретінде Iconic Complex көпфункционалды кешенін және жоғары білікті мамандар даярлайтын әрі озық технологияларды дамыту орталығы ретінде KAIST Kazakhstan технологиялық университетін салу жобалары бар.

Жалпы инвестициялық портфель өнеркәсіп, логистика, агроөңдеу, қызмет көрсету және креативті индустрия салаларындағы жалпы көлемі шамамен 1,8 трлн теңге болатын 44 жобадан тұрады. Оларды жүзеге асыру 30 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және Alatau City тұрақты экономикалық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға баса назар аударылды. Бірқатар бағыт бойынша жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда:

энергиямен қамтамасыз ету — «Арна» қосалқы стансасының құрылысы 220/110 кВ, 6 қосалқы стансаны жобалау;

сумен жабдықтау және су бұру — «Ынтымақ» су тоғанының қуатын кеңейту, үш су тоғанының құрылысы, ағын суды тазарту стансасы және су таратушы коллекторлар салу;
газбен қамту — «Gate City-1» жаңа автоматтандырылған газ тарату стансасының (АГТС) құрылысын жобалау, Жетіген АГТС құрылысын аяқтау;

жол инфрақұрылымы — Growing және Gate District-ке жол өтпесін салу бойынша құжаттама әзірленуде және EPC-F келісімшарттары шеңберінде Golden District-те жол өтпесін және инженерлік желілері бар жол салу көзделген.

Фото: Үкімет

Alatau City Authority мемлекеттік қорының бас атқарушы директоры міндетін атқарушы Әлішер Әбдіқадыров Алатау қаласын дамыту бойынша тұжырымдамалық және қала құрылысы жоспарлары, даму стратегиясы сияқты іргелі құжаттардың әзірленгені туралы баяндады.

Фото: Үкімет

Тұжырымдамалық жоспарды енгізу қаланың стратегиялық және кеңістіктік дамуын айқындайды. Қала құрылысы жоспары мен даму стратегиясы аймақтарға бөлуді және құрылыс параметрлерін, сондай-ақ тұрғын үйдің өмір сүру ортасының сапасына қойылатын талаптарды, оның ішінде ғимараттардың биіктігі бойынша шектеулерді, көгалдандыру және абаттандыру нормаларын, аумақтың желдетілуін және жеке көліктер мен автотұрақтардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Даму стратегиясы салалық актілер мен инвестициялық жоспарды бекітуге, сондай-ақ Алатау қаласының жедел дамуын қамтамасыз ету үшін преференциялар беруге негіз болады.

Фото: Үкімет

Сапалы адами капиталды қалыптастыру тәсілдері жеке қарастырылды. Шэньчжэнь, Дубай және Сингапурдың табысты тәжірибесін ескере отырып, Алатауда адами капиталды қалыптастырудың кезеңдік моделі ұсынылады. Бұл модель сапа басымдығы бар еңбек ресурстарының басқарылатын және селективті ағыны принциптеріне негізделген.

Негізгі бағдарлардың қатарында көші-қон саясатын экономиканың қажеттіліктерімен байланыстыру, жұмыспен қамтуды институционалдық реттеу және ел ішінде дағдылар мен құзыреттерді жүйелі жаңғырту есебінен еңбек нарығының жоғары білікті және басқарушылық сегменттеріндегі қазақстандық мамандардың барынша жоғары үлесін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау көрсетілген.

Отырыс қорытындысы бойынша кеңеске қатысушылар Алатау қаласын дамыту бойынша ұсынылған тәсілдер мен жұмыс бағыттарын қолдады. Қаланың экожүйесін толыққанды қалыптастыру үшін дербес актілерді әзірлеу басым міндет болып саналатыны атап өтілді.

Осы жұмысты үйлестіру және сүйемелдеу мақсатында қажетті мәселелерді уақтылы қарап әрі жедел шешімдер қабылдау үшін Жедел комитет құрылды.

Барлық нормативтік актілерді әзірлеу олардың инвесторлар үшін айқындылығы мен ашықтығына бағдарлануы тиіс екендігі атап өтілді. Осыған байланысты Алатау актілерін әзірлеуге және сараптауға отандық сарапшылармен қатар халықаралық ұйымдардың өкілдерін тарту тапсырылды.

Фото: Үкімет

Премьер-министр табысты проактивті инвестициялық саясатты жүргізу үшін инженерлік инфрақұрылымды, әсіресе ірі зәкірлік жобаларды қарқынды дамыту талап етілетінін атап өтті. Алатау қаласының инженерлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша министрліктерге Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп бірқатар тапсырма берілді.

Сондай-ақ ұйымдастырушылық және қаржылық сипаттағы бірқатар шешім қабылданды.

Айта кетелік елімізде өңдеу өнеркәсібідегі өсім мен инвестициялық белсенділік артқан еді

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:123
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Ақпан 2026 18:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан хақында: сенім жаңа капиталға айналып жатыр

03 Тамыз 2026 09:37see134

Креативті индустриялар аймақтардың жаңа даму драйверіне айналуда

03 Тамыз 2026 08:36see118

Мемлекетке қайтарылған жер ауылдың мұқтаж тұрғындарына бұйырмай тұр

04 Тамыз 2026 08:08see118

Емханалар 140 мың адамды жалған тіркеген: МӘМС қаражатын жымқырғандар сотталды

03 Тамыз 2026 11:33see117

Қазақстан мен Қытай арасында жаңа өңірлік әуе бағыттары ашылады

03 Тамыз 2026 11:48see116

Мексикада қауіпті қылмыстық топ жетекшісі қолға түсті

03 Тамыз 2026 09:18see115

Мемлекет басшысының тарихи маңызы зор тағы бір ауқымды жобасы басталды Ерлан Қарин

03 Тамыз 2026 15:00see114

Нұрлан Әбдіров: Бүгіннен бастап учаскелік сайлау комиссиялары жұмысқа кірісті

03 Тамыз 2026 15:45see112

ЕАЭО мен Өзбекстан қазан айынан бастап кедендегі жүктер туралы ақпарат алмасады

04 Тамыз 2026 08:56see112

Жабылған қарыз өзін еске салуы мүмкін: неліктен несие тарихыңызды бақылау маңызды

03 Тамыз 2026 12:48see110

Тоқаев: Еліміз Еуропа мен Азияны жалғайтын жетекші логистикалық желіге айналады

03 Тамыз 2026 13:06see110

Жолаушылар Нұрлы жол вокзалындағы аптап ыстыққа шағымданды ҚТЖ мәселені мойындады

03 Тамыз 2026 17:34see110

Марокко Испанияға мигранттардың жаппай ағылуына не себеп болғанын түсіндірді

03 Тамыз 2026 08:57see109

Қаржы тазалығы мемлекет қауіпсіздігінің жаңа өлшемі

04 Тамыз 2026 07:01see109

Зеленский Ресей, Украина және Беларусь компанияларына қарсы санкциялар енгізді

04 Тамыз 2026 10:13see108

Елімізде шикізаттық емес тауарлардың экспорты қанша пайызға өсті?

04 Тамыз 2026 13:20see108

Қытайдың автонарығы дағдарысқа тап болды

03 Тамыз 2026 13:00see108

Аршалы тұрғындары Астананы сумен қамтып отырған өзенге кәріз суы төгіліп жатқанын мәлімдеді

04 Тамыз 2026 09:02see108

Қазақстанда емханалардың жұмыс істеу ережелері жаңартылды: бұл пациенттерге қалай әсер етеді?

03 Тамыз 2026 11:11see107

ОПЕК+ ұйымының жеті елі қыркүйекте мұнай өндірісінің шегін арттыруға келісті

02 Тамыз 2026 19:06see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары