Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Әлем буллингпен қалай күреседі?

Әлем буллингпен қалай күреседі?

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Буллинг мәселесі – әлем елдері үшін ортақ түйткіл. Ол тек мектеп қабырғасында ғана емес, интернет кеңістігінде де тамыр жайған.

Мемлекеттік органдар бұл қауіпті құбылыспен күрестің түрлі жолын іздеп әлек.

Америкада буллингпен күрес шаралары заңмен бекітілген. Барлық штаттар мектептерді буллингке қарсы нақты саясат жүргізуге және шағымдарға жауап беруге міндеттейді. Ел деңгейінде «Stopbullying.gov» атты федералды портал жұмыс істейді. Ол ата-аналар мен оқушыларға қиын жағдайдан шығу жолдарын ұсынады. Мектептер де қауіпсіздік пен өзара құрмет тақырыбын насихаттайды. Соңғы жылдары бұл іске заманауи технология да қосылды: арнайы цифрлық жүйелер мектеп чаттары мен әлеуметтік желілерді бақылайды, бұл қауіп-қатерді ерте анықтауға мүмкіндік береді. Жергілікті биліктің мәліметінше, дәстүрлі буллинг азайғанымен, кибербуллинг жағдайлары көбейіп келеді. Сол себепті бүгінде басты назар – балаларды онлайн кеңістікте қорғауға аударылған.

Ал Германия мектептері - мәселенің салдарына емес, оны алдын алу шараларына басымдық беріп отыр. Балаларға жауапкершілік пен цифрлық мәдениеттің негіздері үйретіледі. Оқушылар буллингке қарсы хартияға қол қояды. Сауалнамаларға сүйенсек, шамамен 15% оқушы мектепте психологиялық зорлық-зомбылыққа, бопсалауға  ұшырағанын айтады. Егер жағдай ауыр болса, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Оқу орындары медиа сауаттылықты арттыру бағдарламаларын да енгізіп жатыр.

Мектептерге арнайы білімі бар мамандар келіп, шеберлік сабақтарын өткізеді, нақты мәселелерді шешуге көмектеседі. Бұдан бөлек, елде тегін сенім телефоны жұмыс істейді - кез келген адам хабарласып, кеңес пен көмек ала алады.

Бұрын Жапониядағы мектеп жүйесінің жабықтығы буллинг жағдайларын жиі жасыратын. Бірақ белсенділердің бастамасымен 2013 жылдан бастап елде әрбір буллинг фактісін тіркеуді міндеттейтін заң қабылданды. Заң күшіне енген соң келеңсіз оқиғалар қарқынмен тіркеле бастады. Алайда билік мұны буллингтің өсуі емес, мәселенің ашық айтыла бастауы деп санайды. Мектептерде әрбір буллинг дерегін  қарайтын арнайы комитеттер құрылды, олардың құрамында мұғалімдер мен ата-аналар бар. Ал оқу бағдарламасына эмпатия мен құрмет сабақтары енгізілген. 

Оңтүстік Кореяда буллингке қарсы қатаң заңдар бар. Психологиялық қысым фактісі тіркелген жағдайда оқушыны мектептен шығару немесе ата-анасына тәртіптік шаралар қолдану міндеттелген. Мәселені жасыратындар үшін анонимді мобильді қосымшалар іске қосылған. Бұл жерде де заман ағымына сай басты назар онлайн буллингке ауған. Ресми деректер бойынша, жасөспірімдер арасындағы цифрлық қысым көрсету оқиғалары айтарлықтай өскен.

Авторы: Әйгерім Ардаққызы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:211
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 20:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see140

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see140

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see138

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see138

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see137

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see136

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see135

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see135

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see131

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see129

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see128

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see121

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see121

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see118

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see118

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see117

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see117

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары