Әлем чемпионаты: Бүгін кімдер бақ сынайды?
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Фото: ua-football.com
Мундиальдың ашылу рәсімін үш елде өткізу жоспарланған. Матч алдында турнирдің екінші ашылу салтанаты өтеді. Елорда уақытымен 23:40-қа жоспарланған ойынды Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирден көрсетеді.
Канада құрамасы бұған дейін жолдастық кездесулерде сегіз матч қатарынан жеңілмеген. Жуырда олар Өзбекстанды 2:0 есебімен жеңіп, Ирландиямен 1:1 есебімен тең түсті.
Ал Босния және Герцеговина командасы Уэльс пен Италияға қарсы плей-офф кезеңінде пенальти серияларында жеңіске жетіп, турнирге жолдама алды. Босния және Герцеговина сапында «Астана» футбол клубының ойыншысы Иван Бачиш өнер көрсетеді.
Айта кетейік, кеше Мехиконың «Ацтека» стадионында әлем біріншілігінің ашылу салтанаты өтті. Алғашқы ойында Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамасы кездесті. Матч мексикандықтар пайдасына 2:0 есебімен аяқталды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:21
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Маусым 2026 18:13 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















