Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Әлем мойындаған кинолар неге көрерменсіз қалады?

Әлем мойындаған кинолар неге көрерменсіз қалады?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Лев Толстой өз дәуіріндегі дыбыссыз кинематографияның алғашқы қадамдарына зор қызығушылық танытып, оны «мықты мылқау» деп атаған. Әсілінде, күндердің күні дәл осы «мықты мылқауға»  тіл бітіп, өнердің өрісін кеңейтетін әлеуеті барын болжаса керек сұңғыла жазушы. Бірақ бүгінгі гәп ол туралы емес. Толстой айтқан «мылқау» кино уақыт өте тіл қатқанымен, бүгінгі таңда оның кейбір туындылары көрермен назарына жете алмай қайтадан іштей тынып жатқанға ұқсайды. Сөз әлемдік кинофестивальдерде жүлде алып, сыншылардың жоғары бағасына ие болған фильмдердің отандық кинотеатрлардан көрсетілмеуі хақында. Сонымен мәселенің мәніне үңілу үшін, кино мен көрермен арасындағы бірнеше кедергіні зерделеп көрдік.

Фестиваль киносы мен прокат арасындағы алшақтық

Фестивальдік киноның табиғаты жаппай тұтынуға емес, көркем ойдың тереңдігіне, авторлық көзқарастың дербестігіне негізделеді. Мұндай фильмдер оқиғаны тікелей баяндап, дайын мағына ұсынудан гөрі, форма, пауза, бейне және үнсіздік арқылы көрермен санасында сұрақ туғызуды мақсат етеді. Сондықтан ол тез әсер беретін эмоцияға емес, ұзақ ойлануға, ішкі толғанысқа жетелейді. Ал кең прокат жүйесі көбіне драматургиясы анық, қарқыны жылдам, эмоцияны бірден жеткізетін өнімге басымдық береді. Осы айырмашылық фестивальдік кино мен жаппай көрермен арасындағы алғашқы кедергіні қалыптастырады.

«Фестивальдік кино – көңіл көтеретін контент емес, бұл бірегей туынды. Ол көрермен көңіліне сауал тастайды, сөйте отырып оған жауап іздеуге ұмтылдырады», дейді киносыншы, философия ғылымдарының докторы Айбарша Бөжеева.

Осы тұрғыдан алғанда, кинофестиваль тек фильм көрсетілетін алаң емес, авторлық ойды сақтап қалуға, жаңа есімдерді танытуға бағытталған мәдени институт ретінде көрінеді. Фестивальдер көрерменді бірден көптеп жинауды емес, киноға деген сенімді, ойлы қауым қалыптастыруды көздейді. Бұл – жаппай прокат логикасынан өзгеше, ұзақ мерзімді мәдени миссия. Осы миссияның мәнін Raindance кинофестивалінің негізін қалаушы Эллиот Гроув былай түсіндіреді:

«Табысты кинофестивальде жұмыс істеу адамға ерекше жігер береді. Таңертең төсектен тұрып, құлшыныспен жұмысқа асықтыратын басты сезім – бүкіл команда болып әлемді сәл де болса жақсартуға үлес қосып жатырмыз деген сенім. Біздің ұжымның бір бөлігі фестивальге келіп түскен фильмдерді сүзгіден өткізеді. Екінші бөлігі оларды таныту мен тарату жолдарын ойластырады. Мен фестивальді бастағанда, әрбір тас пен әрбір жапырақтың астында бүкіл әлемге айтуға тұрарлық талант бар деп білдім. Ол сенімім бүгін де өзгерген жоқ. Дарынды жаңа есімге керегі – аз ғана назар мен жігер беретін бірнеше ауыз сөз. Дәл осы ұстаным мені 1998 жылы Британдық тәуелсіз кино марапаттарын құруға жетеледі».

Иә, Мұхтар Шаханов айтпаушы ма еді:

«Бір жас дарын көтерілсе мінбеге,
Жұрт түсінбей қалмаса екен деп тұрам».

Киноның бәсекелестері көп

Бүгінгі кино тек өз ішіндегі бәсекемен шектеліп отырған жоқ. Ол ойын индустриясымен, веб-сериалдармен, стриминг платформаларымен және сан алуан жаңа медиа өнімдермен бір алаңда көрермен назарын бөлісуге мәжбүр. Қарапайым көрерменнің уақыты да, назары да шектеулі. Сондықтан сол назарды ұстап қала алатын фильмге ең алдымен тартымды, шымыр сценарий керек. Алайда дәл осы тұста кино өндірісіндегі ең әлсіз тұс көзге түседі. Дарынды сценаристер мен тәжірибелі редакторлар әлі күнге дейін еңбегіне сай ақы ала алмай келеді. Соның салдарынан қабілетті қаламгерлер киноға емес, табысы жоғары ойын индустриясына, жарнамаға немесе онлайн-сериалдар жасауға бет бұрып жатыр.

«Әбілдің» Қабылы кім?

Мәселен, Елзат Ескендірдің режиссерлігімен түсірілген «Әбіл» толықметражды көркем фильмін алайық.

Қаңтардың 10-18-і аралығында Dhaka International Film Festival аясында өткен байқауда фильмнің қоюшы-операторы Йоланта Дылевска «Үздік қоюшы-оператор», ал басты рөлді сомдаған Ерлан Төлеутай «Үздік актер» аталымдарына ие болды. 

Биыл 24-рет ұйымдастырылған Дакка халықаралық кинофестивалі – Бангладештегі ең ірі әрі беделді кино алаңдарының бірі. Байқаудың қазылар алқасына норвегиялық кинопродюсер Ингрид Лилл Хёгтун, италиялық продюсер әрі дистрибьютор Лидия Генчи, бангладештік белгілі актриса Сайеда Тухин Ара Карим, жапониялық режиссер Масахиро Ото, түркиялық режиссер Рейис Челик енді. Конкурстық бағдарламада Қытай, Иран, Үндістан, Қырғызстан және өзге де елдердің фильмдері бақ сынады.

«Әбілдің» кезекті жүлдесіне әрі фильмнің әлемдік көрермен кеңістігіндегі ауқымының кеңейіп жатқанына бек қуаныштымыз», дейді режиссер.

Фильм ХХ ғасыр соңындағы өтпелі кезеңді арқау етеді. Кеңес жүйесі күйреп, колхоз бен совхоз тараған, меншік қайта бөлінген, қоғамның іргесі босап тұрған тұстағы қазақ ауылының күйі суреттеледі. «Әбіл» жеке адамның тағдыры арқылы тұтас бір дәуірдің психологиялық ахуалын ашады. Өз жерінде өгей күй кешкен жұрттың күйзелісі, құндылықтардың күйреуі, социализмнен капитализмге өту кезіндегі екіұдай сезім, адам өмірінің арзандауы мен әділетсіздіктің белең алуы – фильмнің ішкі өзегіне айналған. Үлкен тарихи өзгерістер аясындағы қарапайым адамның үнсіз қасіреті көрерменге тура ұранмен емес, ішкі драматизм арқылы жетеді.

Режиссер Елзат Ескендірдің пайымдауынша, бұл – кездейсоқ таңдалған тақырып емес, өнерге деген көзқарастың нәтижесі.

«Кино дегеніміз – ең алдымен өнер. Ал өнер – көркемдік, концепция және тереңдіктің тоғысуы. Оның ең басты тірегі – гуманизм, адамның жаны мен жүрегі, қақы мен құқы. Француздар киноны көркем әдебиет деңгейінде қабылдауды үйренді. Олар киноны қызықшылық үшін емес, ойдың өнері ретінде таныды. Бұл жолда ұзақ күрес жүрді. Жекелеген тұлғалардың ықпалымен басталған ізденіс кейін институционалдық сипат алды. Институттар киноның өнер ретіндегі әлеуетін көтерді», дейді режиссер.

Оқи отырыңыз: 2026 жылы қандай тақырыптарда кино түсіруге болады?

«Фестивальдік кино – кинотеатр үшін шығын»

Бұқаралық ақпарат құралдарында жаңалық болып қана жарияланып жүрген «Әбіл» секілді фильмдер өте көп. Ал олардың көрсетілуіне кинотеатрлардың ықыласы бек керек нәрсе. Бірақ олардың да ыждағаты асып-тасып бара жатқан жоқ. Кинотеатр өкілдері бұл мәселені ең әуелі экономикалық тұрғыдан қарастырады. Олардың айтуынша, фестивальдік фильмдерге деген қызығушылық бірден қалыптаспайды, ал кинотеатр жұмысы көрермен саны мен зал толымына тікелей тәуелді. 

«Кинотеатр – мәдени кеңістік қана емес, күнделікті жұмыс істеп тұрған бизнес. Біз репертуарды жасағанда көрермен сұранысын ескеруге мәжбүрміз. Фестивальдік фильмдер сапасыз болғандықтан емес, оларды көруге дайын аудитория аз болғандықтан кең прокатқа бірден шыға алмайды. Мұндай фильмдерге арнайы уақыт, арнайы зал және алдын ала жұмыс қажет. Егер көрерменмен жүйелі байланыс болмаса, зал бос қалады. Ал бос зал – кинотеатр үшін шығын», дейді кинотеатр желілерінің қызметкері. 

Бейдауа бюрократия

Осы тұста көрермен саны ғана емес,  бюрократия, маркетинг тәсілі және инвестицияның қайтарымы секілді факторлар әсер ететіні даусыз. Жоғарыда пікірін білдірген режиссер Эллиот Гроув осы туралы тағы бір тұшымды ойлары бар.

Оның пікірінше, бюрократия – кино саласына ғана тән емес, бүкіл әлеуметтік-экономикалық жүйенің ажырамас бөлігі. Одан қашып құтылу мүмкін емес.

«Қай мекемемен, қай ұйыммен жұмыс істесеңіз де, белгілі бір рәсімдер мен шектеулерге тап боласыз. Мұндай жағдайда киногердің алдында үш-ақ таңдау бар: үнсіз көне салу, ашық қарсыласу немесе сол жүйемен жұмыс істеуді үйрену. Ал бәрінен қиыны – қашан ымыраға келіп, қашан қарсы тұру керегін ажырата алмау. Өйткені бір мезетте екеуін қатар жасау мүмкін емес», дейді ол.

Эллиот Гроув киноның көрерменге жетпеуінің тағы бір себебін маркетингке деген қате көзқарастан көреді. Көп жағдайда фильм түсіруге және оны прокатқа шығаруға бар күш жұмсалады да, көрсетілім аяқталған соң жарнама мен насихат та бірге тоқтайды. Кампаниялық ойлау осылайша фильмнің ғұмырын қысқартады.

Ал шын мәнінде, фильмді шығару – қысқа мерзімді науқан емес, ұзақ уақытқа арналған көрермен қалыптастырудың бастауы. Режиссердің әр фильмі бір-бірінен оқшау тұрмай, ортақ мақсатқа қызмет етуі тиіс. Бұл мақсатқа жетудің басты жолы – мықты сценарий мен тұрақты аудитория.

Ол Ұлыбританияда Кен Лоуч, Шейн Медоуз, Кристофер Нолан, Майк Ли секілді режиссерлердің, ал АҚШ-та Квентин Тарантиноның осы жолды саналы түрде таңдағанын атап өтеді. Олар әр фильмді жеке өнім ретінде емес, өз көрерменімен ұзақ байланыс орнататын тұтас дүниенің бір бөлігі ретінде қарайды. Алайда мұндай ойлау жүйесі киногерлер арасында әлі де кең тарала қойған жоқ. 

Оқи отырыңыз: Киноиндустрияның экономикадағы үлесі қандай?

Гроувтың айтуынша, тағы бір кең таралған қате түсінік – «жақсы фильм түсірсек, көрермен өзі-ақ келеді» деген сенім. Ол мұны ең қауіпті иллюзиялардың бірі санайды. Себебі фильмді көруден бөлек, оны сатып алу, жалға алу – бөлек процесс. Ал режиссер фильм түсірді делік. Сол фильмді көрерменге жеткізіп, киноға айналдыратын – дистрибуция. Бүгінде фильм жазып, қаржыландырып, түсіріп болған соң дистрибьюторлардың өздігінен есік қағатын заманы өткен. Егер режиссердің аты, тәжірибесі және өз маркетинг стратегиясы болмаса, фильмнің тағдыры фестиваль шеңберінде қалып қоюы әбден мүмкін.

Ақырында, мәселе инвестицияның қайтарымына тіреледі. Инвестор үшін кино – өнер ғана емес, қаржы салымы. Ал соңғы жылдары көптеген тәуелсіз фильмдер бұл сенімді ақтай алмай отыр. Дарынды адамдар өз ойын еркін айтып, оны таратуға қажетті ресурсқа ие болмайынша, кино саласындағы табыс орташа деңгейден аспайды. 

Соңғы жаңалықтар

Сыртқы істер министрлігінің жаңа ресми өкілі тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 12:31

Әлем мойындаған кинолар неге көрерменсіз қалады?

Кино • Бүгін, 12:25

Аралда адасқан жолаушы аман-есен табылды

Аймақтар • Бүгін, 12:17

Қостанайда жыл басынан бері 20 адамды үсік шалған

Оқиға • Бүгін, 12:03

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

Спорт • Бүгін, 11:54

Ұлыбританияда отандық жоғары білім бастамалары таныстырылды

Ғылым • Бүгін, 11:48

АҚШ-тан көшкендер саны келушілерден асып түсті: Трамп эмиграция мәселесін қалай шешті?

Қоғам • Бүгін, 11:36

Енді автокөлік жуу орындары жаңа талап бойынша жұмыс істейді

Қоғам • Бүгін, 11:27

Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелері пойызбен тегін қатынайды

Әскер • Бүгін, 11:17

Жаңа 4 фармацевтикалық зауыт салынады: Елімізде қандай дәрі-дәрмектер өндіріледі?

Президент • Бүгін, 11:02

Қазақстан өнерпаздары Нью-Делиде өнер көрсетті

Әлем • Бүгін, 10:54

Еңбек министрлігі Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

Қоғам • Бүгін, 10:43

«Shymkent Open»: Каратэ турнирінде 900-ге жуық спортшы бақ сынап жатыр

Спорт • Бүгін, 10:37

«Қайрат» – «Брюгге» матчына Борат стилінде киініп келген шетелдіктер жауапқа тартылды

Оқиға • Бүгін, 10:25

ChatGPT кәмелетке толмағандарды автоматты түрде анықтай бастайды

Digital • Бүгін, 10:13

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қаңтар 2026 13:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see143

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see142

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

07 Қыркүйек 2026 17:52see141

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see139

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see138

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see137

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see137

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see137

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see135

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see135

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see133

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see132

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see130

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see125

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see121

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see117

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары