Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Әлемде сүрбойдақ пен кәрі қыз саны 100 млн ға артты

Әлемде сүрбойдақ пен кәрі қыз саны 100 млн ға артты

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Демографияға көз жүгіртуіміздің бір себебі қазір әлемде сүрбойдақ пен кәрі қыз көбейді. Economist басылымының дерегі бойынша орда бұзар отызға жетсе де, үйленуге, үй болуға асықпайтын жастар бар және олар кедей-кепшік емес, экономикасы дамыған 30 елде көп. Мәселен, АҚШ-та қыздардың 41%-і, ал ерлердің 50%-і бойдақ. Бұған не себеп?

Виртуалды әлем адамдар арасында шынайы қарым-қатынас пен сезімге сызат түсіргендей. Тіпті әлемнің дамыған елдерінде, яғни тұрмыс тіршілігі тәуір қыз-жігіттер отбасын құруға асығар емес.

Әлемде сүрбойдақ пен кәрі қыз көбейді

Кейінгі 8 жылда жаһанда сүрбойдақ пен кәрі қыз саны 100 млн-ға артты.

Мұны Economist басылымының зерттеуі көрсетті. Мәселен, әлеуметтік желі арқылы өмірлік серігін іздейтін бұрымдылар бойы 180 сантиметрден асатын жігіттерді іздейді. Сұңғақ бойлы ерлер аз болғандықтан, бойдақ жігіттердің 85%-і бұл сүзгіден өте алмайды. Келесі критерий – білім деңгейі. Дамыған елдерде оқыған-тоқыған азаматтардың саны қыз-келіншектерге қарағанда көп емес. Яғни бұрымдылар өмірдің қызығы мен қиындығын қатар көруге қорқатын тәрізді. Сондықтан арман шіркін алдамаса, бірден бақуатты жігітке тұрмысқа шыққысы келеді. Ендігі бір сорақысы, кей елде жар таба алмай жүрген еркектер роботқа үйлену жағын ойлана бастаған. Мәселен, Жапонияда некесін қидырып жатқандар да бар.

The Economist басылымы:

«Әлемде қарым-қатынас дағдарысы басталды. Бірқатар елде қоғамның өткір мәселесіне айналды. Сауалнамаға қатысқан бойдақтардың 7% жасанды интеллектпен отбасы құруға дайынбыз деп жауап берді. Олардың айтуына қарағанда нейрожелі қазіргі бұрымдыларға қарағанда талапшыл емес. Яғни сабырлы, мейірімді және жұмыс табуды талап етпейді».

Қытайда метрода неке қидыруға болады

Қытайда да некеге тұру жағы кемшін. Былтыр 1 млн 470 мыңнан аса отбасы шаңырақ көтерген.

Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20,5% аз. Мұндай төмен көрсеткіш алып елде бұрын-соңды болған емес. Бейжің мәселені шешу үшін некені елдің кез келген өңірінде тіркеуге рұқсат берді. Бұрын жас жұбайлар туған жерінде де ғана шаңырақ көтеретін. Енді ғибадатханалар, ашық алаңдарда, тіпті метро станцияларында да арнайы неке тіркеу орталықтары ашылды. Биыл мамырда елдің демографиялық саясатына енгізілген өзгеріс өз жемісін бере бастады.  Небәрі 3-4 айда Қытайда отбасы құрғандар саны 18% артқан.

Ван Кай, күйеу жігіт:

- Біз бүгін Сичэн ауданына неке куәлігін алуға келдік. Бұл жерге келмес бұрын арнайы электрондық қосымшадан осы жерде ашық алаңда неке тіркеу орны бар екенін көрдік. Бұл саясат расында да бәрін жеңілдетеді. Осы жерге келуге 10 минут кетті. Ал тіркеудің өзі де 10 минутқа созылды. Кейін құжаттарымызды қолымызға алдық.

Алайда сарапшылар елдегі демографиялық ахуалды жақсарту үшін мұндай шаралар жеткіліксіз деп отыр. Өйткені қытайлық жас отбасылардың көбі ұрпақ қамына мүлде бас қатырғысы келмейді.

Юнь Чжоу, Демограф, Мичиган университеті социология кафедрасының доценті:

- Жастардың некеге тұруы мен балалы болу туралы шешімдері тек заңмен немесе дәстүрмен емес, олардың жеке қаржылық жағдайы мен өмірге деген көзқарасына байланысты. Қытайда жас отбасылардың көбі баланы асыра алмаймыз деп қорқады.

Жылда 30 мың қарт жалғыздықтан көз жұмады

Әлемде демографиялық ахуал әсіресе Жапонияда қиын. Күншығыс елінде бала тууға қарағанда өлім көрсеткіші 2 есе көп. Бұлай жалғаса берсе, алдағы 25 жылда жапон халқының саны 26 млн-ға азаюы мүмкін. Бұл тұтастай Австралия халқының санына тең көрсеткіш. Қазір Жапонияда қарттар үйі, күтім орталықтары тапшы. Бұл салада жұмыс істейтіндердің өздері 50 жастан асқандар. Мәселені шешу үшін роботтар жаппай қолданысқа еніп жатыр. Темір көмекшілер қарттарға күтім жасайды. Алайда оларға физикалық емес, адамның жан жылуы қажет. Financial Times басылымының дерегі бойынша Күншығыс елінде жылда 30 мың қарт жалғыздықтан қайтыс болады. Сондықтан билік қоғамдық орталықтарды көбейтіп, көршімен араласу дәстүрін қайта жаңғыртуды қолға алды. Жапония Азиядағы қарты ең көп ел ғана емес, ең қымбат әлеуметтік жүйе жүргізіп отырған мемлекеттің бірі саналады. Қазір бұл Жалпы ішкі өнімнің 10%-не тең.  Ал халық қартайған сайын, яғни үлкендер көбейсе зейнетақы төлеу, денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз ету де қиындай түседі.

10 жыл бұрын Жапонияда жылына 630 мыңнан аса отбасы шаңырақ көтерсе, қазір бұл көрсеткіш 130 мыңға аз. Отбасындағы бала саны да азайған. Сондықтан, билік әр бала үшін субсидия төлейді. Тегін балабақша, медициналық көмек және оқу гранттарымен қамтамасыз етеді. Кей компаниялар тіпті жұмыс күндерін қысқарта бастады. Алайда мұндай шаралар кейінгі 30 жылда тұралаған демографиялық өсімді қалпына келтіру үшін жеткіліксіз болып тұр әзірге. 

Жалпы халық саны азайғанда тұтас экономикаға қауіп төнеді. Өйткені экономика адамнан басталады. Демек әлеуметтік-экономикалық жағдайды көтеруден бөлек, қоғамдық құндылықтарды да қайта жаңғырту маңызды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:190
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қараша 2025 17:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see156

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see148

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see146

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see144

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see142

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see129

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see126

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see126

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see126

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see125

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see124

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see123

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see120

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see118

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see118

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see116

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see116

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see115

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see114

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары