Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Әлемі әдемі әкім әйелдер

Әлемі әдемі әкім әйелдер

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Бүгінде ұрпақ тәрбиелеумен шектеліп ғана қалмай, әр саланың тасын өрге домалатып жүрген аруларымыз аз емес. Әсіресе, билік баспалдағында бедел биігінен көрінген бұрымдыларымыздың саны артуда. Шұғылалы көктемнің шырайлы 8 наурыз мерекесі қарсаңында осы билік мінберінде жүрген әулиеаталық әкім әйелдер хақында сөз етпекпіз. 

Көне шаһарды көркейткен Қарлығаш

Былтыр Тараз қаласының көкжиегі кеңейіп, жаңадан екі аудан құрылғаны белгілі. Жаңа аумақтың тірлігін тіктеп, жұмысын жүйелеу кімге болса да оңайға соқпасы анық. Бұл тек өз ісін жетік білетін білікті мамандардың ғана қолынан келеді. Осыны жете түсінген Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков шаһардағы Жібек жолы ауданының тізгінін бұған дейін де іскерлігімен танылған Қарлығаш Арал­бековаға сеніп тапсырды. Еңбек жолын Алматы қаласындағы ASIC жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджері болып бастаған Қарлығаш Әмірқызы әр жылдары «АТФ Банк» акционерлік қоғамының бас маманы, басқарма бастығы, «Альянс Банкі» акционерлік қоғамының басқарма басшы­сы, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палата­сының директоры, облыстық Кәсіпкерлік пен индустриалды-инновациялық дамыту және туризм басқармаларының басшысы, Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің басқарма басшы­сы, Халықаралық туризм және қонақжай­лылық университеті экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы секілді мемлекеттік қызметтің түрлі саты­сынан өтіп, еңбек майданында әбден шыңдалды. 

Қазір ол осынау мол тәжірибесін Жібек жолы ауданын көркейтуге жұмсап келеді. Соның нәтижесінде аудан дамудың жаңа кезеңіне қадам басуда.

– Былтыр қала әкімнің қолдауымен аудан аумағында ауқымды жұмыстар атқарылды. Биыл да бірқатар жарқын жобаны жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Атап айтсақ, биыл 42 көшені жөндеуден өткізу, ұзындығы 23 шақырымға жуық 35 көшені жарықтандыру, 8 балалар ойын алаңшасын салу, 31 қоқыс алаңшасын жаңғырту, 78 аялдаманы жаңарту секілді ілкімді істер қолға алынады. Бұл жұмыстар­дың барлығы жоспарға сай, кезең-кезеңімен іске асырылады, – дейді Қарлығаш Әмір­қызы.

Иә, қаладағы қырық қатпар тірліктің қыбын табу оңай шаруа емес. Бұл орайда бұқараның көкейіндегісіне құлақ түріп, күрмеуі қиын мәселелардің тамырынан тап басып, түйінін тарқатып жүрген Қарлы­ғаштай әкімнің еңбегі көпке үлгі. 

Ақбастаудың ажарын ашқан Нұрсұлу

Бүгінде Жамбыл ауданы, Ақбастау ауыл­дық округінің тізгінін ұстаған Нұрсұлу Дүзе­е­ва­ның да есімі елге сыйлы. Еңбек жолында «Берік» шаруа қожалығының есепшісі, Ақбастау ауылдық округі әкімдігінің бас маманы-әскери есеп жүргізушісі, салық агенті секілді қызметтерді атқарған Нұрсұлу Лутфуллақызы аталған округті 2012 жылдан бері басқарып келеді. 

Құрамына Бірлесу-Еңбек және Шоқай ауылдары кіретін округте осыдан 20 шақты жыл бұрын тұрғындарды толғандырған маңызды мәселелер шаш етектен болған. Ауыл балаларының мектепке көктем мен күздің лайсаң күндерінде белуардан батпақ кешіп баратын сәттері де аз болмаған. Міне, осы ауылға іскер басшы Нұрсұлу Дүзеева әкім болып тағайындалғалы талай тірліктің тамырына қан жүгіріп, қаншама түйткілдің түйіні тарқатылды. Округтегі 7 көшеге тегіс асфальт төселіп, оқушылардың сабаққа барып-қайтуы жеңілдеді. Сондай-ақ Шоқай ауылының кіреберісінен жаңа мектепке барар жол салынып, Бірлесу-Еңбек ауылының Жапарбеков, Сәтбаев, Абай көшелері толығымен жарықтандырылды. Округтегі игі істер тек мұнымен шектелмей, екі ауылға да газ құбыры мен ауызсу жүйесі тартылып, қазір тұрғындар көгілдір отынның қызығын көріп келеді. 

– Қазір ауылымызда жұмыссыздықпен күрес жүйелі жүруде. Бұл бойынша ел болашағы – жастармен тікелей жұмыс істейміз. Ауылымызда 241 жас нақты жұмыс атқарып жүрсе, 137 жас өзін-өзі жұмыспен қамтыған. 12 жас азамат кәсіпкерлікті жолға қойды. Сондай-ақ округ іргесіндегі «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде Бірлесу-Еңбек ауылынан – 113, Шоқай ауылынан 8 адам еңбек етеді. Аталған зауыт басшыларының қолдауымен Бірлесу-Еңбек ауылындағы үлкен футбол алаңының сырты қоршалып, кіреберіске арка тұрғызылып, Жапарбеков, Есімов көшелеріне шағал төселді. Сонымен қатар «КнауфГипсТараз» компаниясы тарапынан округке қарасты екі ауылға да кіші футбол алаңы салынып, мешіт жанынан асхана құрылысы жүргізілді, – дейді округ әкімі. 

2021 және 2025 жылдары өткен округ әкімдерін тікелей сайлау кезінде Нұрсұлу Лутфуллақызы ең көп дауыс жинап, тұрғын­дардың қолдауына ие болды. Бұл білікті басшыға деген халық сенімінің айқын кө­рінісі екені анық. 

Көпке үлгі болған Күлжахан

Қордай ауданындағы Қарасай ауылдық округінің әкімі Күлжахан Елемесованың да іскерлігі мен тиянақтылығы алдыңғы екі әріптесінен еш кем емес. 2018 жылдан бері аталған округті басқарып келе жатқан Күлжахан Алмасқызының талап қоя білетін табандылығы – бүгінде баршаға үлгі. Осындай нағыз басшыға тән игі қасиет­терінің арқасында кейіпкеріміз 2023 жылы мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру және нығайтуға бағытталған дәстүрлі «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды. Әлбетте, бұл марапатқа дәл Күлжаханның лайық деп танылуы кездейсоқтық емес. Себебі оның басшылығымен ауылдық округтің 118 гек­тар жер теліміне алма бағын интенсивті суару жүйесімен өсіру бойынша инвестиция тартылып, спорт-сауықтыру орталығын салу, мектеп пен жолдарды жөндеу сияқты бірқатар әлеуметтік маңызды жобалар іске асырылған. 

– Алғашында өз ауылыма әкім болу оңайырақ болар деп ойлағанмын. Әсте олай болмай шықты. Дегенмен бұл жауапкер­шілігі мол қызметке өз ауылыма деген сүйіс­пеншілік алып келді десем, қателеспеймін. 

Аудан орталығынан 119 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдық округтің аумағы 24 мың гектарды құрайды. Оған Қарасай батыр және Еңбекші ауылдары кіреді. Округте бүгінде 12 ұлт өкілінен құралған 4 мыңнан астам адам тату-тәтті тұрмыс кешіп келеді. Ауылда мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен көптеген жұмыс атқарылуда. Айталық, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында округтің ауылішілік жолдары және қиылыстары толықтай орташа жөндеуден өтті. Салауатты өмір салтын дамыту мақсатымен екі ауылда да шағын футбол алаңшалары салынып, спорттық сауықтыру кешені пайдалануға берілді, – дейді Күлжахан Алмасқызы. 

Округ басшысы ауыл белсенділерімен бірге игерілмей жатқан егістік жерлері бар шаруа қожалығының иелерімен келісіп, үш қожалықтың 160 гектар жерінде «Азия сад» серіктестігінің құрылуына және бақты суару мәселесін шешуге тікелей ықпал еткен. Осылайша, ол жақта бүгінде 118 гектар жерге тамшылатып суару жүйесімен интенсивті алма бағы өсірілуде. Бұл бақтың ерекшелігі – ағаштарға зиянкестердің, бұршақ­тардың кіруіне жол бермеу үшін оған тіректер орнатылған. Ауыл­дық округтің климаттық жағдайы бау-бақша өсіруге қолайлы. Бүгінде «Азия сад» серіктестігі 30 адамды тұрақты, 300 адамды маусымдық жұмыспен қамтуда. Компанияның жылдық кірісі де күн санап артып келеді. Алдағы уақытта өнімнің көлемі мен сапасын ұлғайтып, алманы шетелге экспорттау көзделіп отыр.

Абырой асқарындағы Ақсана

Ауыл тұрғындарының тұрмысын түзеп, әл-ауқатын арттыруға күш салып жүрген нәзік жанның бірі – Мойынқұм ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округінің әкімі Ақсана Қалыбаева. 

Ақсана Жамбылқызы бұл қызметке 2023 жылы келді. Оған дейін Шу, Мойынқұм аудандарының білім, ішкі саясат бөлім­дерінің тізгінін ұстап, мемлекеттік қыз­меттің қазанында қайнап, қарым-қабілетін жан-жақты шыңдады. Соның нәтижесінде қазір жамбылдықтардың ыстық ықыласына ие. Бұл сөзімізге округ әкімі тарапынан жүзеге асқан жемісті жұмыстар дәлел. Басқасын былай қойғанда, 1 300-ден аса тұрғыны бар елді мекенде соңғы 6 жылда бірде-бір қылмыс тіркел­мепті. 

– Ауылымызда соңғы 6 жылдың беде­рінде бірде-бір қылмыс жасалған жоқ. Пробациялық есепке де ешқандай азамат алынбады. Себебі тәртіп сақшыларымен бірге жастармен жүйелі жұмыс істеп, жиі рейд шараларын жүргіземіз. Нәтижесінде, жастарымыз теріс тірліктен аулақ болып, ауылымызды дамыту жолында жұмыла еңбек етіп жүр. Мәселен, олар өздері қаржы жинап, мешіт жанынан қатымхана салып берді. Одан бөлек, ауылда бос тұрған ғимаратты жөндеп, күрес және бокспен шұғылданатын зал ашты. Осындай озық ойлы жастарымыздың болғаны – біз үшін мақтаныш, – дейді Ақсана Жамбылқызы. 

P.S.

Әрине, бұл жауапкершілік жүгін арқалап, халық артқан сенімді ақтап жүрген нәзікжанды әкімдердің бір парасы ғана. Бұл қатарда Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округінің әкімі Жанар Нұрмұратқызы, Меркі ауданындағы Аспара ауылдық окру­гінің тірлігін тіктеген Гаухар Оспанбекова сынды мемлекеттік қызметтің биік мін­беріне көтерілген майталман мамандар да бар. Аталған ауыл әкімдерінің бағасын алдағы уақыт пен көзіқарақты жұртшылық беріп жатар. Ал біз өз тарапымыздан ел игілігі жолында атқа қонып, тізгін ұстаған әулиеаталық ару әкімдерімізге тек толайым табыс пен жемісті жұмыс тілейміз! 

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:251
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Наурыз 2026 07:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары