Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Алғашқы жарнасыз үй алу мүмкін бе?

Алғашқы жарнасыз үй алу мүмкін бе?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Суретті түсірген – Алмас МАНАП, «EQ»

Ипотека сарапшысы Гүлбибі Жақсыбайдың сөзінше, қазір алғашқы жарнаны талап етпейтін бағдарлама жоқ. Коммерциялық банктердің, тіпті ең төменгі пайызбен берілетін мемлекеттік бағдарламалардың өзіне ең кемі 10% алғашқы жарна керек.

«Сатып алушы алғашқы жарнаны қаншалық көбірек салса, несиенің артық төлемі де, ай сайынғысы да азая береді. Дені сау, еңбекке жарамды адамның өзін айтпағанда, ерекше қажеттілігі бар немесе әлеуметтік осал топқа жататын жандардың өзінен алғашқы жарна талап етіледі. Биыл алғашқы жарнаны талап етпейтін бір ғана «Наурыз әскери» бағдарламасы шықты. Оған дейін де, одан кейін де мұндай мүмкіндік болған жоқ», дейді ол.

Сонда жарнамасы жер жаратын «ипотека мамандары» адамдарға қалайша үй алып беріп жүр? Гүлбибі Жақсыбайдың айтуынша, олар алдымен адамдарға тұрғын үй несиесін рәсімдейді. Содан кейін «ешқандай жарна төлемейсіз» деп шақырып алып, 10–20% жарнаны екінші деңгейлі банк­тен ақшалай несие шығару арқылы рәсімдеп беріп жүр. Сөйтіп, «алғашқы жарнасыз үй» деген жарнама іс жүзінде екі бірдей несиені қатар төлеуге әкеледі.

«Тұрғын үй несиесі мақұлданған соң, келесі қадамы – алғашқы жарнаның орнына ақшалай несие алып беру. Мәселен, үйдің ай сайынғы төлемі – 250 мың теңгені, ақшалай несиенің айлық төлемі 200 мың теңгені құрайды делік. Алдымен ипотекалық брокер тұтынушыға ай сайын 450 мың теңге төлеп, жарнасыз үй алуға мүмкіндігі бар екенін айтады. Бірақ неге олай екенін ашып айтпайды. Кеңсеге келгеннен соң ғана жарнаны қарызбен толтыруға үгіттей бастайды. Үй алуға үміті оянған адамды бұған көндіру қиын емес. Бірақ осынша соманы төлеуге кез келген адамның қауқары жете бермейді. Ай сайынғы ақшаны таба алмай, тығырыққа тіреліп, үш айдан соң банк үйді алып қойып жатқан жағдайлар жетерлік», дейді сарапшы.

Сондықтан Гүлбибі Жақсыбай желіде кездескен әрбір ақпаратты тексеріп алу маңызды екенін айтады. Сонымен қатар кеңес алғанда ақылы болса да нақты әрі нәтижелі жұмыс істейтін, салада тәжірибесі бар мамандарға жүгінген жөн.

«Егер ақылы кеңеске мүмкіндігі болмаса, Отбасы банктен бастап екінші деңгейлі банктердің менеджерлерінен тегін кеңес алуды ұсынамын. Сондай-ақ кеңес барысында қысылмай, толғандырған барлық сұрақты қою қажет. Мәселен, нақты қанша пайыз алғашқы жарна керек екенін анықтап алған дұрыс әрі жарнаны несие арқылы салғысы келмейтінін ашық айтуы керек. Себебі ол жерде де ақшалай несиені ұсынуы мүмкін. Шын мәнінде, қаржылай қор жинағаннан артық тиімді құрал жоқ. Мәселен, 20 млн теңге тұратын үйдің 10% жарнасы 2 млн теңге болады. Үй алатын ниеті бар адам кем дегенде осы қаржыны жинауы керек. Әрине, алғашқы жарна 5 млн теңгені құрап, сатып алушының қалтасында
4 млн теңге тұрса, жетпейтін қаражатты бөліп төлеу арқылы рәсімдесе –  дұрыс. Бірақ алғашқы жарнаны толықтай ақшалай несиемен жабу – қауіпті қадам», деп түсіндірді ипотека сарапшысы.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдас­ты­ғының мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы тоқсанында берілген ипо­текалық несиелердің 85 пайыз­дан астамы мемлекеттік қолдау бағдарламалары арқылы рәсімделген. Нарықтағы өсімнің негізгі бөлігі Отбасы банкіне тиесілі. Банк берген ипотекалық несиелер көлемі өткен жылмен салыстырғанда 54 пайызға артқан. Ал екінші деңгейлі банктердің ипотека нарығындағы үлесі керісінше қысқарып, 15 пайызға да жетпеген. Сарапшылардың айтуынша, бұл тұрғын үй несиелеу нарығында мемле­кет­тік бағдарламалардың артқанын көрсетеді.

Биыл ипотекалық несиелер бойынша жалпы орташа мөлшерлеме 10 па­йызды құраған. Дегенмен, жеңілдетілген ипотекаға өтінімдерді мақұлдау деңгейі өткен жылмен салыстырғанда аздап төмендеген. Айта кетейік, 2027 жылдан бастап ипотекалық несиелер бойынша шекті мөлшерлемелерді өзгерту жос­парланып отыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Шілде 2026 08:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары