Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Бастапқы жарнасыз несие

Бастапқы жарнасыз несие

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында несие беруді жүйелі жүзеге асырып келеді. Несие мөлшерлемесі – 1%. Бастапқы жарна – 0%. Биыл бағдарлама алғашқы болып өтінім берген 200 отандасымызға жаңа баспана сыйлады.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Бағдарламаға ауылдар мен аудан орталық­тарына жұмыс істеуге келген тұрғындар қатыса алады. Несие қаражатын үй сатып алуға немесе салуға пайдалануға болады. Несие­нің ең жоғары сомасы – 2 500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 9 830 000 теңге, мерзімі – 15 жылға дейін.

Сонымен қатар ауыл тұрғындары көтерме жәрдемақы да алады. Бұл биыл 100 АЕК немесе 393 200 теңге көлеміндегі біржолғы төлем болды. Ол үйді жабдық­тауға, алғашқы қажетті заттарды сатып алу­ға көмектеседі.

Қаржыландыруды мемлекет жүзеге асырады. Бағдарламаға техникалық, кәсіптік, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ кемінде үш жыл еңбек өтілі бар тұрғындар қатыса алады. Қатысушылар білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, агроөнеркәсіп кешені, мәдениет, спорт, ауылдық округтер әкімдері аппараттарындағы мемлекеттік қызмет (әкімдер мен олардың орынбасарларын қоспағанда) сынды сұранысқа ие салаларда жұмыс істеуге тиіс.

Жыл сайын жергілікті әкімдіктер жоғары­да аталған бағыттар жөнінде сұраныс­қа ие мамандар тізімін жасайды. Несиелер дәл осы тізім аясында беріледі. Сондықтан бағдарламаға қатысқысы келетін азаматтар ең алдымен, өз елді мекенінің әкімдігіне барып, қай мамандықтардың қажет екенін нақтылауы керек. Егер әкімдік, мысалы, дәрігер немесе агроном қажет екенін растап, тұрғынды тұрғын үй мәселесін шешуде қолдауға дайын болса, онда маманға ба­ғыт­та­ма береді. Осыдан кейін ауыл тұр­ғыны Baspana Market (otbasybank.kz) порталында өтінім бере алады.

«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы Қостанай облысының тұрғыны, үш баланың әкесі Валерий Барышевке бастапқы жарнасыз өз үйін сатып алуға мүмкіндік берді. Бірнеше жыл бұрын университетті тәмамдаған жас ма­манға қалада өз мамандығына сай жұмыс табу, баспана мәселесін шешу қиынға соқты. Пәтерақы қымбат, бастапқы жарнаға қара­жат жинау мүмкін емес. Сол себепті Калинин ауылдық округінің әкімдігіне маман болып жұмысқа орналасып, ауылда өз бағын сынап көруді ұйғарған. Сол жерде «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы туралы білген.

– «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы болмағанда, біз әлі де баспанасыз жүретін едік. Тұрғын үй мәселесін шешуге арналған мүмкіндікті барынша пайдалану керек. Қалада жылдар бойы жалдамалы пәтерде тұруға болады, ал ауылда осылай тез арада  бас­паналы болып, балаларды жайлы ортада өсіруге мүмкіндік бар, – дейді қуанышымен бөліскен В.Барышев.

«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының операторы – «Отбасы банк». Банк өтінім қабылдау мен несие беру үдерісін толығымен онлайн форматқа ауыстырды. Өйткені көптеген ауыл банк бөлімшелерінен алыс орналасқан. Қашықтан қызмет көрсету аза­маттардың уақытын үнемдеп, мемле­кеттік қолдауға қол жеткізу үдерісін едәуір жеделдетті. Сонымен қатар «Отбасы банк» әкім­діктермен деректер алмасуды автомат­тан­дырды. Бұл келісу мерзімдерін қыс­қартуға, қаражат бөлу ашықтығын арт­тыруға, клиенттерге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді. Бағдарлама қатысушылары өтінім мәртебесі мен хабарламаларды онлайн алады, сондай-ақ несиені мерзімінен бұрын онлайн өтей алады. Бағдарлама өз тиімділігін дәлелдеді. Ол өңірлерде, ауылдық жерлерде білікті кадрларды ұстап қалуға нақты көмектесіп отыр. Кейінгі екі жылда осы бағ­дарламаның арқасында 7 188 отба­сы баспана мәселесін шешті. 2023 жылы 17,7 млрд теңгеге 3 483 несие берілді, 2024 жылы 29,6 млрд теңгеге 3 705 несие рәсімделді. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:198
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 08:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары