Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Жемісті жеті жыл

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Аллергиямен ауыратындар саны артып барады дәрігер қандай кеңес береді

Аллергиямен ауыратындар саны артып барады дәрігер қандай кеңес береді

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АЛМАТЫ, 29 наурыз – Sputnik. Аллергиямен ауыратындар саны артып барады. Ауру қалай, қайдан пайда болады, ал сақтану жолы қандай? Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханасы аллергология бөлімінің меңгерушісі Айгерім Құлышева айтып берді.

"Аллергиямен ауыратындар саны артты"

Қазір қоғамда кең тарап кеткен дерт – аллергия ауруы. Әсіресе маусымдық аллергиядан зардап шегетіндер көп. 20 жылдан астам адам саулығына араша болып жүрген дәрігер-аллерголог Айгерім Мұратқызы соңғы жылдары бұл аурудың тым дендеп кеткенін айтады.

"Аллергиямен ауратындар саны өте көбейді. Мысалы біздің бөлімше 30 орынға арналған, алдыңғы жылдары 30 науқас жататын. Қазіргі уақытта 80 адам аллергиямен ауырып, ем қабылдайды. Біздің бөлімше шұғыл көмек көрсетеді. Бір айда 140-150 адамды емдеп шығарамыз. Бұрындары айына 70-80 адам емделіп шығатын", - дейді ол.

Аллергияға аса мән бермей, дәстүрлі емес ем қабылдап, өзіміз диагноз қойып, білгенімізше дәріханадан дәрі сатып алып, емделіп жүре береміз. Ал оның арты неге әкеп соғарын жете түсіне бермейміз. Түсініп тұрсақ та, дәрігерге баруға уақыт таппаймыз.

"Ана тамшыны, мына тамшыны мұрынға сеуіп алып жүре беретіндер өте көп. Ғаламтордан көріп сол емді жасайтындар қаншама. Ең жеңіл түрі деп "Дипроспан" деген гармонды қабылдап алып жүре береді. Әрине, бұл өте күшті препарат. Бірақ оны салғанда алғашқы жылы көмектеседі. Жылдан жылға зияны бар, бара-бара бір аптаға да көмектеспейді. Бұл - гармондық дәрі. Бүйрекүсті бездеріне қауіпті", - дейді дәрігер-аллерголог.

Аллергия неден пайда болады

Бұл аурумен ауырғандардың көзі қышып, үздіксіз түшкіре береді. Тіпті тілі мен кеңсірігі қышып, маза бермейтін де кездері бар. Үздіксіз түшкіре бергеннен адам кейде ауа жетпей тұншығатын да сәттер болады.

"Қазіргі заманда жастар табиғи өнімнен көрі фасфуд, энергетиктер қабылдайды. Электронды темекілер тартады. Екіқабат әйелдер жүктілік кезінде ерте немесе кеш токсикоз болады, бұл құрсақтағы балаға әсер етеді. Бала туғанда аллергиядан зардап шегуінің бір жолы осыдан да болады", - дейді Айгерім Мұратқызы.

Маусымдық аллергия басталысымен басқа облыс, басқа аймаққа уақытша кетіп қалып жататындарды көргеніміз бар. Тіпті шетел асып кететіндер де қаншама.

"Қазіргі уақытта ең өзектісі – маусымдық аллергия. Қар еріп, шаң-тозаң ауаға көтерілісімен адамдарда аллергия қозады. Кейбір кісілер еңбек демалысын осы уақытқа дәлдеп, шетелге де кетіп қалып жатады. Өйткені бұл жерде өскен өсімдік басқа жақта өспеуі мүмкін. Кейде қатты қиналып жүрген науқастарға "тұратын жеріңізді ауыстырып көріңіз" деп те кеңес береміз", - дейді аллерголог.

Дәрігердің кеңесіне құлақ асып, жан сауғалап көшіп кететіндер де бар, тәуекел етіп тұрғылықты жерінен кетпейтіндер де жеткілікті.

"Пойыздағы жолсеріктер бізге келіп үнемі ем қабылдап жүреді. Солар "Алматыда жүргенде аллергиямыз қозып әрең жүреміз, рейспен Алматыдан шығысымен аллергиямыз мүлде басылып қалады" деп айтып жатады", - дейді Айгерім Құлышева.

Аллергияны емдеу жолдары

Аллергия қозбайтын қыс мезгілінде арнайы медициналық сараптама тапсыру керек, дейді маман.

"Қазіргі уақытта жергілікті поликлиникаға барып, аллергоорталыққа жолдама алу керек. Сосын зертханаға барып, иммунодиагностикадан өтеді. Ол жерде аппарат арқылы қандай тозаңға аллергиясы қозады соны анықтап береді. Сол тозаң арқылы иммунотерапия, яғни иммунитетін жақсартамыз. Бұл аллергия асқынбаған кезде жасалатын ем шара. Бірақ үш айда қабылдаған дәрі бір жылға ғана арналған. Өкінішке қарай, бір жыл тәуір болып жүрген адам келесі жылы салғырттық танытып, қайтып келіп ем қабылдамай қояды", - дейді аллергология бөлімінің меңгерушісі.

Қыс уақытында аллергия мазаламайтындықтан адамдар дәрігер көмегіне жүгіне бермейді, болмаса ауруханаға баруға уақыт таппайды.

"Біз стационарда емдейтін болғандықтан бізге ауруы асқынған адамдар келеді. 80% науқастың аллергиясы асқынып түседі. Бұл негізі амбулаториялық жолмен емделетін ауру. Аллергияда мұрын бітеліп, тамақ ісінеді. Науқастар лор, терапевтерге барып жүреді. Кейіннен әсері болмағандықтан бізге келеді", - дейді ол.

"COVID аллергияға қатты әсер етті"

Аллергиямен ауыратындардың саны неліктен артты? Маманның айтуынша, бұған ковид індеті де себебі болған. Өйткені адамдардың иммунитеті төмендеген.

"Ковид иммундық жүйеге қатты зиянын тигізді. Ковидпен ауырғандарда тек аллергия емес, онкология, инсульт ауруы көбейіп, тіпті жасарып кетті. Тағы бір жағдайды айта кетейін, аллергиямен ауыратын кейбір әйелдерде жүктілік кезінде бұл ауру тоқтап та қалған оқиғалар болған. Ал кейбір мүлдем аллергиямен ауырмағандар жүкті кезінде аллергиядан зардап шеккен кездері де болды", - дейді дәрігер-аллерголог.

Дер кезінде аллергияны емдемесе, асқына келе демікпе ауруына әкеп соғуы мүмкін. Шөп қайнатып ішіп, емделіп жататындар да бар. Бұл - өсімдік, сол себепті одан да сақ болу керек, дейді маман.

Дәріден болатын аллергия

Қазіргі уақытта Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханасы аллергология бөлімінде жағдайы ауыр үш адам жатыр. Олар дәріден аллергия болғандар.

"Дәріден де аллергия болатындар көбейіп кетті, анафилактикалық шок болатындар да артып кетті. Дәрігерге барып кеңес алуға уақыты жоқ, өздері үйде ем қабылдап, ауыр жағдайға түсетіндер бар. Өздеріне укол сала салады немесе дәріханалардағы ем-шара бөлмелеріне барып, ем қабылдай береді. Көбісі үй жағдайында ем қабылдайтындар", - дейді Айгүл Мұратқызы.

Бұған дейін алып жүрген антибиотиктің өзінен аяқасты аллергия болуы мүмкін.

"Қазір көпшілігі өздері жамбасына антибиотик сала салады. Тіпті сіз бұған дейін қабылдап жүрсеңіз де, міндетті түрде бірінші проба жасау керексіз, әсіресе антибиотиктерді бірден сала салуға болмайды. Ол дәрі қанша уақыт қоймада жатыр, бізге жеткенше сақтау жағдайы талапқа сай болды ма, біз ол жағын білмейміз ғой", - дейді дәрігер.

Лайелла синдромы: 30 жастағы жігіттің жаны әрең қалды

Былтыр аллергология бөліміне 30 жастағы жігіт ауыр жағдайда түскен. Орда бұзар азаматты ажалдан аман алып қалу үшін дәрігерлер бірнеше консилиум жасап, бар күшін салып, біртіндеп өмірге оралтқан.

"Ол жігіт Лайелла синдромымен түсті. Бұл дәрілік аллергияның ең ауыр түрі. Қала тұрғыны емес. Ыстығы көтерілген. Дене қызуы түспегеннен кейін жекеменшік клиника дәрігеріне қаралған. Парацетомол қабылдаған. Біртіндеп денесіне бөртпелер шыға бастайды, ыстығы сол күйі түспей жағдайы нашарлай берген. Жедел жәрдем инфекциялық ауруханаға апарған, олар бұл кісіні аллергия деп шығарып салған. Содан арада үш күндей уақыт өтіп кетеді, жігіттің жағдайы тіпті нашарлай береді", - дейді Айгерім Мұратқызы ауыр науқастың естен кетпес оқиғасымен бөлісіп.

Науқас аяғын басып жүруден, тамшы су ішуден, тіпті кіші дәрет сындырудан да қалады.

"Денесіндегі терісі күлдіреп кеткен. Көзінің айналасы да бөртіп, іріңдеп, тіпті денесі иістеніп кеткен. Жансақтау бөліміне жатқыздық. Жалпы Лайелла синдромы әлем бойынша өте ауыр диагноз. Одан адам өліп кетуі мүмкін. Содан профессорлар, дерматологтар, басқа да мамандар бар, бірнеше консилиум жасадық. Ол жігітте бүйректің асқынған ауруы болды. 24 күнде аяғынан тік тұрып, үйіне аман-есен жазылып шықты", - дейді ол.

Аллерголог маусымдық аллергиясы бар адамдарға сол кезеңде үйден көп шықпауға кеңес береді. Далаға шыққан жағдайда беті-қолыңызды тез жуып, үйіңізді ауа тазартқышпен тазартып тұрыңыз. Ешқашан өз бетіңізбен ем қабылдамаңыз, міндетті түрде дәрігерге уақтылы қаралыңыз. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Наурыз 2026 13:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see152

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see150

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see150

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see150

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see149

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see148

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see145

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see145

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see144

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see143

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see143

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see142

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see142

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see141

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see141

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see140

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see140

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see138

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see138
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары