Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Алмалық ауылы алмалы бақтағы 10 гектарға апорт көшеттері отырғызылды

Алмалық ауылы алмалы бақтағы 10 гектарға апорт көшеттері отырғызылды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде Алматы апортын қайта жандандыру мақсатында ауқымды жоба қолға алынды, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін осы жоба аясында Қазақ жеміс-жидек және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Талғар аймақтық филиалында 10 гектарға 2080 түп апорт көшетін отырғызу жұмыстары басталды. 

Бастама Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Астана 20» мемлекеттік қорының және Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының қолдауымен жүзеге асып жатыр.  Жоба «Астана 20» қоры тарапынан қаржыландырылып отыр. Апорт жобасын қолдауға тартылған инвестиция көлемі 163 миллион теңгені құрайды.

«Алма» туралы айтқанда алма ағашының қазақ топырағына тән екенін әлемге әйгілі еткен академик Аймақ Жанғалиевтың есімі қатар аталады. Биолог-ғалым Қазақстан алманың отаны екенін ғылыми түрде дәлелдеп қана қоймай, оның 130-дан астам тұқымы болғанын растайды.  Алатау бөктерінде алма­ның 150-ден астам сор­тын анықтап, құжаттандырған академиктің ғылымдағы іргелі істері жалғасын тауып жатыр. 

Қазақ жеміс-жидек және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Теміржан Айтбаевтың айтуынша,  Президенттің тапсырмасына орай іске асып жатқан жоба аясында үш жыл қатарынан Алматы облысында «ҚазҚСҒЗИ» ЖШС «Талғар» филиалы, «Байсерке-Агро» компаниясы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті және Алматы қаласы аумағындағы жалпы аумағы 110 гектарға апорт бақтарын жайқалту жоспарланып отыр. Осыған орай ғалымдар Апорт сұрпын телітуші материал ретінде жабайы алма ағашының 11 перспективалы түрін іріктеп алынған. Былтыр және биылғы жылы «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде гермоплазма (тұқым) жинау мақсатында екі ғылыми экспедиция ұйымдастырылды. Апорт көшеттері Жоңғар Алатауының генетикалық резерваттарынан жиналған Сиверс жабайы алмасының (Malus sieversii) тұқымдарынан алынып,  өсірілді.

90 жылға жуық тарихы бар еліміздегі бірден-бір помологиялық бақтың директоры, phd Сағи Солтанбеков қазіргі кезде помологиялық бақта 1700 сорт үлгілері сақталғандығын атап өтті. Айтуынша, осы сорттардың ішінде апортты жандыру жұмыстары 2011 жылы қолға алынған. Ғалым атап өткендей, апортқа ең жақсы тамырсабақ – Сиверс алмасы. Елімізде сиверс алмасын зерттеудің заманауи әдістері академик Мағжан Исиннің есімімен байланысты. Бүгінде әлемнің еш елінде кездеспейтін Сиверс алмасының орманы бізде елімізде орналасқан. Сағи Солтанбековтың айтуынша,  ғалымдар үшін де, ғылым үшін де сиверс алмасының тарихы ғана емес, ғылыми маңызы да зор. Бұл түрдің ДНҚ құрылымы ерекше әрі көптеген ауруға төзімді келеді. Ғалымдар теңіз деңгейінен белгілі бір биіктіктегі мониторлық алаңдардан  сиверс алмасының генетикалық резерватына қарай 30 формасын жинап,  ДНҚ сараптамасына сәйкес оның 11-інің апортқа жақындығын анықтаған. Осыларды тамырсабақ етіп, апортты жандандыру ісінде қолданып жатыр.

«Апорт – өте кірпияз жеміс. Ол бір жыл күтім көрмесе, жемісін бермейді. Болжамға қарай, қайта жанданған апорт 7-8 жылдан кейін алғашқы өнімін бере бастайды. Өміршеңдігі 50-70 жылды құрайтын апорт ағашынан орта есеппен 40-60 кг алма алуға болады. Қазіргі кезде апорттың табиғи ерекшелігіне орай 1 гектарға 208 түп ағаш отырғызылып жатыр. Жақсы күтім болса, 1 гектардан 10-15 тоннаға дейін жеміс алуға болады. Бұл жоба ғылыми және аграрлық маңызымен қатар мәдени мазмұнға да бай. Апортты алқаптарды көбейтетін болсақ, еліміздің ұлттық бренді ретінде экономиканың да, азық-түлік қауіпсіздігінің де кепілі бола алады. Ал апорттың генетикалық сұрпын сақтап оны дамытуға бұл жоба үлкен серпін береді» дейді С.Солтанғалиев.

«Сауықтыру және көбейту биотехнологиясы зертханасының меңгерушісі, профессор Светлана Долгихтың айтуынша,  зерттеулер барысында жабайы алма мен сиверс алмасының ДНҚ сараптамасы алынған. «Генетикалық сараптама барысында сиверс алмасы мен апорттың бір кластерге жататыны анықталды. Бұл нәтиже апорт тарихын әлі де зерттеу қажеттігіне меңзейді. Бүгінде апорт Еуропа елдері, Үндістан, Ұлыбритания, тағы да басқа елдерде өседі. Бірақ ол жемістер дәл осы 900-1400 биіктікте, дәл осы экологиялық белдеудегідей қасиетке ие емес. Осы аумақтағы топырақтың құнары, ылғалдылығы апорттың генетикалық дамуына қолайлы мекен болып отыр» деп атап өтті профессор.

«Талғар» өңірлік филиалы, in vitro генофонд зертханасы және Апорт сортын жаңғырту қатарындағы бау-бақша дақылдары биотехнологиясы зертханасының ғалымдары вируссыз питомниктердің ғылыми негізделген жүйесін құруға негіз болатын алма сорттары мен тамыр сабақтарының вируссыз пребазиссіз генофондын құрумен де айналысады. Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік тапсырысын орындау шеңберінде ғалымдар еуропалық және Жерорта теңізі өсімдіктерін қорғау ұйымы және жаңа сорттарды қорғау жөніндегі Халықаралық одақ ретінде халықаралық ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес құнды бес сортты және бес қорды сауықтыруды, бес қорды генотиптеуді жүргізді. Екі жылдық жұмыс нәтижесінде вируссыз пребазис гендік қоры құрылды, олардың морфологиялық сипаттамалары бар генетикалық паспорттары жасалды, молекулалық зерттеулер зертханасы іске қосылды.

Қазақ ұлттық аграрлық ғылыми-зерттеу университетінің ғылыми-зерттеу институттарының жұмысын үйлестіру орталығының жетекшісі  Мұрат  Қалмағамбетов алма бақтағы тәжірибе жұмыстарының барысымен таныстырып өтті. Айтуынша, алма бақ студенттердің теориялық сабақтарды тәжірибемен ұштастыруына кең мүмкіндік береді. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің агробиология  факультетінің студенттері алма баққа келіп, апорт сортын жандандырудың әдіс-тәсілдерін үйренеді. Сорттарды сұрыптау, суғару технологиялары, басқа да өндірістік бағыттағы жұмыстар барысымен танысып, тәжірибе жинайды.

Қазіргі кезде ғалымдар авторлық патент алып, молекулярлы генетикалық технологиялармен жабдықталған зертханада замануи тәжірибелерін жалғастырып жатыр. Ал жоба шеңберінде инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіліп, суару жүйелері жаңартылды. Су жинайтын бассейн салынды. Бау-бақша аумағы қоршалып, ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2025 10:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары