Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Алматы маңындағы Барыс автобазары мемлекетке толық қайтарылуы мүмкін

Алматы маңындағы Барыс автобазары мемлекетке толық қайтарылуы мүмкін

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Автобазар Алматы облысының Қарасай ауданында, республикалық маңызы бар тасжолдың бойында орналасқан. Оның жалпы аумағы 36 гектардан асады. 2023 жылы сот шешімімен 11 гектар жер мемлекетке қайтарылған болатын. Қазіргі уақытта қалған 25,5 гектардан астам жер телімін қайтару мәселесі қаралып жатыр.

Фото: Еламан Тұрысбеков / Kazinform

Ақпараттық технологиялар заманында автобазарға арнайы барып көлік іздейтіндер азайғандай көрінуі мүмкін. Соған қарамастан, «Барыс» әлі де жұмыс істеп тұр: келушілер саны бұрынғыдай көп болмаса да, мұнда сатушылар да, сатып алушылар баршылық. Дегенмен, байқағанымыздай қазіргі уақытта базардың жағдайы айтарлықтай мәз емес. Алып аумақта ескі көліктер, Қытайдан әкелінген су жаңа машиналар тізіліп тұрса да, іс жүзінде базар аумағының бір бөлігі ғана жұмыс істеп тұр. Кейбір учаскелер бос қалып, шөп басып кеткен, жан-жақта құрылыс қоқыстары үйіліп жатыр. Сондай-ақ аумақта кәуапханалар, асханалар, нотариалдық қызмет орындары, темір дүңгіршіктер мен уақытша коммерциялық құрылыстар орналасқан.

Фото: Еламан Тұрысбеков / Kazinform

Мұнда көлікті алғашқы жарнасыз сатып алудан бастап, Жапония мен АҚШ-тан қосалқы бөлшектер алдыруға дейінгі түрлі ұсыныстар жазылған баннерлер қаптап тұр. Ал аптап ыстықта балмұздақ сатып жүрген саудагерлер базардағы бейберекет сауданың бейнесін көрсетеді. Көліктер ретсіз қойылған, ал сатушылар базарға кіргені үшін шамамен 2500 теңге төлейді. Базар күн сайын таңнан кешке дейін жұмыс істейді және адамдар көліктерін қалдырып кете алады.

Фото: Еламан Тұрысбеков / Kazinform

Жер мемлекетке қалай қайтарылып жатыр

Біз базардың қазіргі жағдайы мен болашағын нақтылау үшін облыс әкімдігіне жүгіндік. Алматы облыстық жер қатынастары басқармасының жауабына сәйкес, 2004-2018 жылдар аралығында жер учаскелері Б.Назарбаевқа автобазар ашу үшін жер заңнамасының талаптарын бұза отырып берілген. Атап айтқанда, конкурс өткізілмеген және жер телімдері ауыл шаруашылығы мақсатындағы санаттан заңсыз ауыстырылған.

Фото: Еламан Тұрысбеков / Kazinform

Осы деректер негізінде Қарасай ауданының прокуратурасы 2023 жылғы 10 қаңтарда жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы талап арыз түсірді. Қарасай аудандық сотының 2023 жылғы 17 сәуірдегі шешімімен 11,5 гектар жер ауданның жер қорына қайтарылды.

2025 жылдың қарашасында прокуратура «Auto market Karasay» ЖШС-не тиесілі қалған 25,5 гектардан астам аумақты қайтару туралы жаңа талап арыз берген.

Фото: Еламан Тұрысбеков / Kazinform

Алайда Б.Назарбаев 2025 жылдың қарашасында қайтыс болып, мұрагерлік рәсімделмегендіктен, прокуратураның талаптары бастапқыда сот тарапынан қараусыз қалған. Бүгінде мұрагерлер кәмелетке толмағандықтан 2026 жылғы 4 ақпанда арыз Алматы облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. 2026 жылғы 1 сәуірде сот прокуратураның талап арызын қанағаттандырып, азаматтық-құқықтық мәмілелерді толығымен жарамсыз деп таныды.

Фото: Еламан Тұрысбеков / Kazinform

Бірақ Қарасай ауданының кәсіпкерлік бөлімі қазіргі уақытта сот шешімі әлі заңды күшіне енбегенін нақтылады. Түпкілікті құқықтық шешім апелляциялық шағым қаралып біткеннен кейін немесе шағымдану мерзімі өткен соң белгілі болады.

Фото: Еламан Тұрысбеков / Kazinform

Базардың орнына не салынбақ?

2025 жылдың жазында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жер телімі мемлекетке қайтарылған соң, оның орнында индустриялық аймақ құру жоспарланып отырғанын айтқан болатын. Оның сөзінше, аумақты пайдаланудың бірнеше нұсқасы қаралған, бірақ өндірісті дамытуға басымдық берілген.

Фото: Еламан Тұрысбеков / Kazinform

— Бұл өте ыңғайлы орын. Алайда базар аумағының бірнеше меншік иесі бар және олардың кейбірімен сот процестері жүріп жатыр. Егер біз істі жеңіп, 36 гектардан астам жер телімін облыс қарамағына қайтара алсақ, бұл жерде өнеркәсіптік индустриялық аймақ құру жоспарда бар, - деді өңір басшысы.

«Барыс» автобазарының тағдыры сот процестерінің аяқталуына байланысты. Егер қалған аумақ мемлекет меншігіне біржола өтсе, оны пайдалану бойынша нақты жоспарлар бекітіледі. Әзірге базар үйреншікті тыныс-тіршілігін жалғастырып жатыр. Мұнда әлі де көліктер сатылып келеді, асханалар жұмыс істеп тұр.

Фото: Еламан Тұрысбеков / Kazinform Фото: Еламан Тұрысбеков / Kazinform

Еске салайық, 2023 жылы сот «Барыс» автокөлік базарының жер учаскелерін сатып алу-сату шартын жарамсыз деп таныды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:117
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Мамыр 2026 15:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары