Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Алматы облысында ауыр жүк тасымалдайтын тіркемелер өндірісі іске қосылады

Алматы облысында ауыр жүк тасымалдайтын тіркемелер өндірісі іске қосылады

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Өндіріс индустриялық-өндірістік «Алтын таға» кешені базасында орналастырылады. Мұнда жеке цех қалыптастырылып, жақын арада арнайы жабдықтарды жеткізу және монтаждау жұмыстары жүргізіледі.

Фото: Үкімет

«Алтын таға» кешені өңірдегі негізгі өндірістік нысандардың бірі саналады. Мұнда қалалық және жоғары кернеулі электр беру желілеріне арналған темірбетон тіректер шығарылады. Кәсіпорынның тәулігіне орташа өндірістік қуаты 300-ден астам конструкцияны құрайды, бұл елдегі инвестициялық жобалардың шамамен 90%-ының қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Фото: Үкімет

Кәсіпорында заманауи технологиялық шешімдер енгізілуде.

— Бұл цех PIR сэндвич-панельдерін өндіретін заманауи желімен жабдықталған. Мұндай өндірістік желі Қазақстанда алғаш рет іске қосылып отыр. Өндірістік қуаты жылына 1,5 млн шаршы метр панель шығаруға мүмкіндік береді. Өнімнің басты артықшылығы — жоғары жылу оқшаулау және энергия тиімділігі, бұл ғимараттарды жылыту мен пайдалануға кететін шығындарды айтарлықтай азайтады. Гигроскопиялық қасиеттерінің болмауы панельдердің қызмет ету мерзімін 50 жылға дейін қамтамасыз етеді, — деді кәсіпорынның коммерциялық директоры Валерий Ухватов.

Фото: Үкімет

Сонымен қатар кәсіпорын жыл сайын 500 мың шаршы метрге дейін тротуар плиталарын, шамамен 6 мың дана машина жасау өнімдерін, 6 мың тоннадан астам металл конструкцияларын және 1,5 млн шаршы метрге дейін сэндвич-панель шығарады.

Фото: Үкімет

Кешенді дамытудың басым бағыттарының бірі — отандық өнеркәсіп үшін стратегиялық маңызы бар ауыр жүк тасымалдайтын тіркемелер өндірісін іске қосу.

— Біз 200 тоннаға дейінгі жүк көтергіш тіркемелер өндірісін жолға қоюды жоспарлап отырмыз. Біздің бағалауымыз бойынша, Қазақстанға жыл сайын негізінен Қытайдан шамамен 2 мыңға жуық тіркеме мен кран-балка әкелінеді, ал мұндай техника ел ішінде өндірілмейді. Біздің мақсатымыз — ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп, экспортқа шығу, — деді компания директоры Әлішер Нұрмағанбет.

Фото: Үкімет

Қазіргі уақытта кәсіпорында өңірдің 300-ден астам тұрғыны жұмыспен қамтылған.

Өндіріс алаңымен танысу барысында Қанат Бозымбаев тиісті мемлекеттік органдарға шығарылатын ұзын өлшемді автомобиль тіркемелері мен стационарлық көтергіш механизмдерді сертификаттау және сынақтан өткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Фото: Үкімет

Сонымен қатар вице-премьер кәсіпорында шығарылатын темірбетон өнімдерін су саласын дамытудың кешенді жоспары аясында ирригациялық желілерді жаңғыртуда, сондай-ақ ЭКСЖ ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымды жаңартуда кеңінен қолдануды тапсырды. Бұл жүзеге асырылып жатқан жобалардағы отандық қамту үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кетелік Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алматы облысында су ресурстарын тиімді пайдалану және ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізген еді. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:123
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 23:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары