Алматы Ташкент пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АЛМАТЫ, 27 тамыз – Sputnik. Алматы – Ташкент халықаралық бағытында "Әйелдер вагоны" іске қосылады, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ.
1 қазаннан бастап алғаш рет №1/2 "Алматы – Ташкент" халықаралық пойызының құрамында "Әйелдер вагоны" қатынай бастайды.
"Бұл қызмет ішкі теміржол бағыттарында да жолаушылар арасында жоғары сұранысқа ие. "Әйелдер вагоны" іске қосылғаннан бері оны 946 мыңнан астам жолаушы пайдаланды", – деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов.
Қазіргі уақытта пойыз күн сайын қатынайды:
Алматы станциясынан жөнелуі – 19:05;
Ташкент станциясына келуі – 12:53 (Ташкент уақытымен);
Ташкент станциясынан жөнелуі – 14:41 (Ташкент уақытымен);
Алматы станциясына келуі – 08:51.
Жаңа вагон іске қосылғаннан кейін "Әйелдер вагондарының" жалпы саны 14-ке жетеді:
1.
№77/78 "Алматы – Маңғыстау";2.
№351/352 "Алматы – Маңғыстау";3.
№45/46 "Павлодар – Түркістан";4.
№37/38 "Маңғыстау – Семей";5.
№47/48 "Атырау – Астана";6.
№33/34 "Ақтөбе – Алматы";7.
№3/4 "Астана – Алматы";8.
№71/72 "Астана – Шымкент";9.
№353/354 "Астана – Семей";10.
№23/24 "Ақтөбе – Алматы";11.
№25/26 "Алматы – Шымкент";12.
№613/614 "Орал – Маңғыстау";13.
№81/82 "Нұрлы жол – Орал";14.
№1/2 "Алматы-2 – Ташкент"."Әйелдер вагонында" жеті жасқа дейінгі ұл балаларды қоса алып жүруге рұқсат етіледі. Бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады, ал жолаушыларға тек әйел жолсеріктер қызмет көрсетеді.
Ұлттық тасымалдаушының хабарлауынша, жолаушылар билет сатып алар кезде кассирге "Әйелдер вагонын" таңдағанын айтуы керек. Сондай-ақ билетті bilet.railways.kz ресми сайтынан онлайн сатып алуға болады. Билет рәсімдеу кезінде орынның әйелдер вагонына тиесілі екенін білдіретін "ЖН" белгісіне назар аудару қажет.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:61
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Тамыз 2026 12:53 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















