Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Алматы облысында дауыс берушілер тізімі миллионнан асады

Алматы облысында дауыс берушілер тізімі миллионнан асады

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бүгін еліміз бойынша жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы облысында дауыс беруге құқығы бар азаматтар тізіміне 1 029 611 адам енгізілген. Оның ішінде 5871 адам алғаш рет дауыс бере алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірде 677 референдум учаскесінің жұмысы ұйымдастырылған. Барлық учаскелер қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, дауыс беру кабиналары, стационарлық және тасымалды жәшіктер, сондай-ақ комиссия мүшелері мен байқаушыларға арналған жұмыс орындары дайындалған. Дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады. Одан кейін дауыстарды санау рәсімі басталады.

Облыс орталығы – Қонаев қаласында да өңірдегі басқа учаскелердегідей №949-ші референдум учаскесінде жұмыс таңғы сағат 07:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен басталды. Қонаев қаласы «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы Базарбай Оралбаев игі тілегін білдіріп, бата берді. Ақсақал елге тыныштық, бірлік пен береке тілеп, азаматтарды жауапкершілік пен парасаттылыққа шақырды.

Алматы облысының әкімі референдумда өз таңдауын жасады

Учаскелерде пандустар орнатылып, арнайы көрсеткіштер мен ыңғайлы дауыс беру кабиналары жасақталған. Қажет болған жағдайда учаскелік комиссия мүшелері азаматтарға ақпараттық көмек көрсетуге дайын. Денсаулығына байланысты учаскеге келе алмайтын азаматтар үшін тасымалды жәшік арқылы үйде өз таңдауын жасау мүмкіндігі ұйымдастырылған. Өңірде 2320 мүмкіндігі шектеулі азаматтың деректері нақтыланып, олардың қай учаскеге тіркелгені тексерілді.

Өңірде инватакси қызметі де ұйымдастырылды. Облыс орталығында екі арнайы көлік қызмет көрсетеді. Сонымен қатар 214 елді мекенді қамтитын 24 инватакси жұмыс істейді. Бұдан бөлек, 15 сурдоаудармашы және әлеуметтік қызметкерлер тартылған. Референдумды өткізуге өңірде бір облыстық, екі қалалық, тоғыз аудандық және 677 учаскелік комиссия қатысып жатыр. Комиссиялардың құрамында 4781 адам жұмыс істейді. Дайындық кезеңінде олардың барлығы арнайы оқытудан өтті.

«Ел дауысы»: Сайлаушылар таңертеңнен бастап белсенді дауыс беріп жатыр

Дауыс беру барысын қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бақылай алады. Мейрамгүл Айтованың айтуынша, Алматы облысында референдумды бақылау үшін 16 өңірлік және 11 республикалық үкіметтік емес ұйым аккредиттелген. Олар учаскелерде бақылаушы ретінде қатысуға құқылы.

Өңірде азаматтардың уақытша болатын орындарында орналасқан 36 учаске жұмыс істейді. Оның 15-і әскери бөлімдерде, 16-сы стационарлық емдеу-профилактикалық мекемелерде, 4-еуі тергеу және уақытша ұстау изоляторларында, ал бір учаске арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында орналасқан. Егер бұл учаскелерде тізімге енгізілген барлық азамат дауыс берсе, учаскелік комиссия дауыс берудің аяқталғанын мерзімінен бұрын жариялай алады.

Айта кетейік, заң талаптарына сәйкес өңірдегі жеті учаскеде дауыс беру таңғы сағат 06:00-де басталды. Қалған учаскелерде дауыс беру кесте бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады. Учаскелер жабылғаннан кейін дауыстарды санау рәсімі басталады.

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ұландықтар референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс беруді аяқтады

Референдум • Бүгін, 10:33

Бекбаева: Учаскелерде ерекше қажеттілігі бар жандарға жағдай жасалды

Референдум • Бүгін, 10:33

Референдум күні Атырауда екі бірдей үшем дүниеге келді

Референдум • Бүгін, 10:20

Үш сағаттың ішінде 2 миллионнан астам адам дауыс берді

Референдум • Бүгін, 10:20

Алматыда тәуелсіз байқаушылар заңбұзушылықтар тіркелмегенін мәлімдеді

Референдум • Бүгін, 10:15

Маңғыстауда бір әулеттің келіндері референдумға қатысты

Референдум • Бүгін, 10:10

Маңғыстау облысында 261 референдум учаскесі ашылды

Референдум • Бүгін, 10:07

ІІМ: Референдум кезінде елдегі жағдай полицияның толық бақылауына алынған

Референдум • Бүгін, 10:06

101 жастағы Алматы тұрғыны референдумда дауыс берді

Референдум • Бүгін, 10:00

Референдум мен жәрмеңке бір жерде: Атырауда дауыс беру ерекше форматта өтіп жатыр

Референдум • Бүгін, 09:57

Қарағандыда үлгілі жұп референдумда таңдау жасады

Референдум • Бүгін, 09:55

Шиеліде даңқты диқанның 9 келіні дауыс берді

Референдум • Бүгін, 09:51

Бүгін еліміздің ірі қалаларында қоғамдық көлікпен қатынау тегін болады

Референдум • Бүгін, 09:47

Референдум: Ұлытау облысында 127 учаске жұмысын бастады

Референдум • Бүгін, 09:46

Шетелдегі ел азаматтары референдумға қатысып жатыр

Референдум • Бүгін, 09:38

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Наурыз 2026 10:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары