Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Алматы облысында жеміс жидек пен көкөністі өңдейтін зауыт ашылды

Алматы облысында жеміс жидек пен көкөністі өңдейтін зауыт ашылды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Еңбекшіқазақ ауданының Тескенсу ауылында салынған жобаға 9,5 млрд теңге инвестиция салынды. Агроөнеркәсіп кешенінде жылына 70 мың тонна өнім өңделеді. Бүгін өндірістің бірінші зауыты пайдалануға беріліп, екіншісінің іргетасы қаланды, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жобаны «Alpecon Group» ЖШС іске асыруда. Алғашқы кезеңінде өңделген 70 мың тонна өнімнен 13 мың тонна жеміс-жидек пен көкөніс шырынының концентраты, пюре мен паста әзірленеді. Мұның бәрі толығымен Түркия еліне экспортқа шығарылады. Ал екінші кезеңде алма қалдығынан пектин дайындалмақ. Бұл көрші елдерде әлі қолға алынбаған. Тек Германия, Қытай, АҚШ сияқты мемлекеттерде жақсы дамыған. Жоспар бойынша 1000 тонна пектин және 3000 тонна алма талшығы дайындалып, Корея мен Жапония елдеріне жіберіледі. Жобаның басты серіктесі Түркияның бұл саладағы жетекші компаниясы – «Göknur Gıda». Ал «Байтерек» ҰИХ еншілес ұйымдары, Қазақстанның Даму Банкі мен «Даму» қоры қаржылық қолдау көрсетті.

Ауқымды жобаның салтанатты ашылуына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, жаңа зауыттың іске қосылуымен құттықтады.

«Өңіріміз әлемдегі алма ағаштарының түпкі отаны екені баршаға белгілі. Ғасырлар бойы бұл аймақ жеміс-жидек өсірудің басты орталығы болып келді. Бүгін осы үрдіс жаңа сатыға көтеріліп, өндірістік экожүйе тағы бір игі жобамен толығып отыр. Кәсіпорынның іске қосылуы жергілікті шаруалар үшін тұрақты нарық алаңын қалыптастырып, шетелдік тұтынушыларға дайын өнім жеткізетін экспорт тізбегін құруға мүмкіндік береді. Бұл – елімізді шикізатқа тәуелділіктен арылтып, дайын өнім шығаруға бағытталған индустриялық саясаттың нақты жемісі. 30 гектар аумақты алып жатқан өндіріс кешенінің техникалық мүмкіндіктері өте жоғары. Маңыздысы сол, бұл жобаның халыққа әкелетін әлеуметтік пайдасы орасан зор. Жаңа зауыттың іске қосылуы арқылы өңірде 100-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Болашақта олардың саны бірнеше есе артады», – деген аймақ басшысы осынау игі іске үлес қосқан барша маманға, инженерлер мен құрылысшыларға, инвесторларға және серіктестерге алғыс айтты.

«Alpecon Group» ЖШС-ның бас директоры Самат Балабеков кәсіпорынның ашылуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканың шикізаттық емес секторын дамыту, экспорт әлеуетін арттыру бойынша берген стратегиялық тапсырмасына сәйкес келетінін атап өтті.

«Басты мақсатымыз – 2028 жылға қарай шикізат өндірісін, цифрлық технологияларды, маман даярлауды, ғылыми зерттеулер мен экспортты біріктіретін алғашқы толық циклді агроөнеркәсіп кластерін қалыптастыру.
Бүкіл экожүйені құрған кезде Жетісу өңірінен Түркістан облысына дейін қабылдау пункттері болады. Оған 10 000-ға дейін фермер мен 500 мыңға жуық ауыл шаруашылығы саласының қызметкері тартылады. Бірлескен жұмыстың арқасында еліміздің экономикалық дамуына елеулі үлес қосатынымызға сенімдімін», – деді Самат Жұмабайұлы.

Шара барысында жаңа нысанның лентасы қиылып, тұрғындар мен қонақтар зауыттың өндіріс цехтарын аралап көріп, технологиялық қуатымен танысты.

Аймақ басшысы Марат Елеусізұлы компания басшылығымен және жоба серіктестерімен бірге екінші зауыттың іргетасына уақыт капсуласын салды. Болашақта жеміс сақтау қоймаларынан бастап, цифрлық басқару платформасы мен маман даярлау академиясы бар толық циклді агроөнеркәсіп кластері бой көтереді.

Бұл жоба тек Алматы облысының ғана емес, еліміздің өңдеу өнеркәсібін ілгерілетуге, экспорт әлеуетін арттыруға зор мүмкіндік береді. Ең бастысы, халықтың әл-ауқатының жақсаруына ықпал етіп, ел игілігіне қызмет етеді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Маусым 2026 21:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары