Алматы облысындағы Букреев шыңы маңында турист құздан құлап кетті
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Алматы облысындағы Букреев шыңы маңында құтқарушылар жарақат алған туристі теңіз деңгейінен 3010 метр биіктіктен эвакуациялады. Құздан құлап, басынан жарақат алған бойжеткенді алып шығу үшін тікұшақ жұмылдырылды, деп хабарлайды Tengri Travel тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Зардап шеккен туристі таулы аймақтан эвакуациялау операциясына ТЖМ-нің "Барыс" республикалық жедел-құтқару жасағы мен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары қатысты.
Алдын ала мәлімет бойынша, бойжеткен құздан құлап, басынан жарақат алған. Ол өздігінен қозғала алмаған. Құтқарушылар жеткенге дейін куәгерлердің бірі оған алғашқы көмек көрсеткен.
Зардап шеккен адамды эвакуациялау үшін "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы тартылды. Бойжеткен таулы аймақтан "Медеу" тікұшақ алаңына жеткізіліп, одан әрі медициналық көмек көрсету үшін ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырылды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:63
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Шілде 2026 14:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















