Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

“3020 метр биіктікте“ шетелдік турист Алматы тауларында адасып кетті

“3020 метр биіктікте“ шетелдік турист Алматы тауларында адасып кетті

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Алматы тауларына кезекті саяхат құтқарушыларды шақыртумен аяқталды. БАӘ-нен келген турист адасып, қайтар жолды таба алмай қалған, деп хабарлайды Tengri Travel.

Видео

Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-арнасында түнде "Бүркіт ұясы" сарқырамасы маңында БАӘ-нен келген турист жоғалып кеткенін хабарлады. Оған құтқарушылар көмекке келді.

"Өткен түні Алматының Медеу ауданында, 3020 метр биіктіктегі "Бүркіт ұясы" сарқырамасы маңында Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары таудан түсіп келе жатып бағытынан адасқан БАӘ азаматына көмек көрсетті", - деді ТЖМ.

Құтқарушылар туристі таудан тауып алып, қауіпсіз жерге дейін ертіп келді, оны туыстары күтіп алды. Медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ кеңесі

ТЖМ тауға шығар алдында келесі ережелерді сақтау қажеттігін тағы да еске салады:

маршрутты алдын ала зерттеу; ауа райы жағдайын ескеру; жақындарыңызға жорық туралы ескерту; таңбаланған соқпақтардан шықпау.

Сарапшылар бұған дейін де ескерткен: егер бірнеше күндік маршрут жоспарласаңыз, бұл туралы ТЖД (112) немесе ТЖМ-ге хабарлау қажет.

Сонымен қатар мамандар тауға шығар алдында ескеру керек пайдалы кеңестерін бөлісті:

жолға жалғыз шықпаңыз; киім мен аяқ киімді ауа райы жағдайына және маршруттың ерекшелігіне қарай таңдаңыз. Алыстан жақсы көріну үшін ашық түсті киімдерге басымдық берген абзал; жылы киім, алғашқы көмек қобдишасын, қолшам, пауэрбанк және термос алыңыз; жорық басталғанға дейін топтың барлық қатысушысын суретке түсіріп алыңыз.

Алматы ТЖД күрделі әрі бірнеше күндік маршруттар үшін кәсіби нұсқаушының көмегіне жүгінген дұрыс екенін еске салады. Бір күнде бірнеше қашық нүктені аралауды жоспарламаған жөн - бағытты өз физикалық мүмкіндіктеріңіз бен ауа райына қарай таңдау керек. Сондай-ақ жоспарланған жолдан ауытқымау және көру аймағында қалатын жерлерді таңдау ұсынылады.

Егер адасып кетсеңіз, сабыр сақтап, үрейге бой алдырмау маңызды. Топтан қалып қойып, оның мүшелерімен байланыса алмасаңыз, 112 нөмірі бойынша құтқарушыларға қоңырау шалып, мүмкіндік болса, оларға өз координаттарыңызды жіберу қажет.

Орналасқан орныңызды жібергеннен кейін сол жерден кетпеу керек. Кейін байланыс үзілсе немесе телефон сөніп қалса да, құтқарушылар соңғы алынған координаттарды негізге алып, іздеуді сол нүктеден бастайды.

Алматы ТЖД мәліметінше, жыл басынан бері құтқарушылар тауға 250-ден астам рет шыққан. Тоғыз айға жуық уақыт ішінде 380-нен астам туристке көмек көрсетілді, оның ішінде 100-ден астамы бала. 60-тан астам адам түрлі жарақат алды.

Салыстырмалы түрде: былтыр құтқарушылар 410 рет шыққан. Ол кезде 600-ден астам туристке көмек қажет болған, оның ішінде 88 бала бар, ал 69 адам жарақат алған.

Тағы оқыңыз: Түркияда турист шағаланы ұстап алды: оқиғаға қатысты СІМ пікір білдірді

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Тамыз 2026 22:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары