Алматы тауларында 2860 метр биіктікте мотоциклмен келе жатқан турист құлап қалды
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Алматы тауларында мотоциклмен келе жатып құлаған турист құтқарылды.
Оқиға Медеу ауданындағы теңіз деңгейінен 2860 метр биіктікте орналасқан «Үш ағайынды» шыңында болған. 1988 жылы туған ер адам тау соқпағымен мотоциклмен жүріп келе жатып құлап, қолын жарақаттаған.
Оқиға орнына Алматы қаласының Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары аттанды. Олар туристпен байланысқа шығып, геолокация арқылы оның нақты тұрған жерін анықтаған.
Құтқарушылар зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жарақаттанған қолын таңған. Кейін оны таудан түсіріп, «Алма-Арасан» экобекетіне жеткізді.
Экобекетте турист жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Дәрігерлер оның сол қолы сынғанын анықтап, медициналық мекемеге жеткізді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:69
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Тамыз 2026 21:40 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















