Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Алматы тау кластерін дамыту бағытында қандай жұмыстар атқарыла бастады

Алматы тау кластерін дамыту бағытында қандай жұмыстар атқарыла бастады

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

2025–2029 жылдарға арналған кешенді жоспар қолданыстағы тау шаңғы курорттарын кеңейтуді және оларды біртұтас жүйеге біріктіруді көздейді. Жоба аясында 30 аспалы жол мен 161 шақырымдық шаңғы трассаларын салу жоспарланып отыр.

Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжановтың айтуынша, бұл – қазіргі инфрақұрылымға түсетін жүктемені азайтуға және жыл ішіндегі туристік ағынды 5 миллион адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Ал редакция сауалына жауап берген Алматы қаласы туризм басқармасының мәліметіне сәйкес, қазір кешенді жоспар аясындағы бірқатар нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Құжаттар дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін жобаларды одан әрі іске асыру форматы айқындалады және жұмыс мерзімдері нақтыланады.

Туристік маршруттар мен кемпинг аймақтары

Бүгінгі таңда 1000 шақырымнан астам таулы жаяу жүргіншілер маршруты цифрландырылған. Оның 850 шақырымнан астамы абаттандырылды. Сонымен қатар 16 кемпинг аймағы құрылды. Барлық маршруттар 2GIS сынды цифрлық платформаларға біріктірілген, бұл туристерге бағытты алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Абаттандыру жұмыстары аясында он тау бағытында белгілер мен қауіпсіздік элементтері: түсті таңбалар, ақпараттық тақтайшалар мен ескерту белгілері орнатылған. Туристерге қолайлы болу үшін демалыс орындары, қоршаулар, өткелдер, күркелер, орындықтар жасақталған. Сонымен қатар қаланың ең көрікті табиғи нысандарының бірі — «Алма-Арасан» термалды бұлағын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды.

Туристерге жағдай жасау үшін жетуі қиын таулы аймақтарға — Сол жақ Талғар, Күншуақ алаңы және Өтпелі (Проходное) шатқалдарында қосымша үш кемпинг аймағы салынды. Олар автономды энергиямен қамтамасыз ету үшін күн панельдерімен жабдықталған. Ал Үлкен Алматы шыңы, Қаныш Сәтбаев шыңы және Жастар шыңында тауға шыққан адамдарды есептейтін автоматты есептегіштер орнатылды.

Санитарлық-қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында Қимасар, Тұйықсу және Күміссу бұлақтарының маңында су алу орындары жабдықталды. Ал Фурманов шыңының етегіндегі 2550 метр биіктікте орналасқан әткеншек қайта жөндеуден өтті. Туристерді ақпараттандыру мақсатында тау тақырыбына арналған жалпы тиражы 27 500 дана полиграфиялық өнімдер — атлас, карта және брошюралар шығарылған. Сондай-ақ, 100-ден астам туристік нысан мен 10 маршрутты қамтитын аудиогид жасалды.

Биыл тағы 350 шақырым тау соқпақтарын абаттандыру жоспарланып отыр. Бұл тау маршруттары желісін қалыптастыру бойынша жоспарланған жұмыстарды 100% орындауға мүмкіндік береді.

Экотуризмді дамыту аясында Үлкен Алматы көліне дейін ұзындығы 5,3 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолын салу да қарастырылған. Құрылыс жұмыстары 2026 жылдың мамыр-желтоқсан айларында жүргізілуі тиіс.

- Бұл шараларды іске асыру Алматының Орталық Азиядағы жетекші таулы туристік бағыттардың бірі ретіндегі позициясын нығайтуға, қауіпсіз әрі экологиялық демалыс форматын қамтамасыз етуге, сондай-ақ туристік ағынның тұрақты өсуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді, — деп атап өтті туризм басқармасы.

Автожолдар құрылысы, электр және сумен жабдықтау

Алматы тау кластерін дамытудың кешенді жоспары аясында Үлкен Алматы көлі бағытындағы «Алматы — Космостанция» автожолының 8-ден 34-шақырымына дейінгі учаскесін жөнделмек. Оның ұзындығы – 26 шақырым. Қазіргі оның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.

- Тау рельефі мен аумақтың инженерлік дайындығының күрделілігін ескере отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстары шамамен 2027–2028 жылдары жүргізіледі, — деп мәлімдеді ведомство.

Сонымен қатар таулы аумақтарды электрмен және сумен жабдықтау мәселелері бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары басталған. Мамандар қажетті қуат көздерінің бар-жоғын және инженерлік желілерді тартудың оңтайлы нұсқаларын бағалап жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында Алматы тау кластерінің базасында тау шаңғысы туризмін дамыту жоспары іске асатынын мәлім етті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:289
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Наурыз 2026 15:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see127

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары