Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Қазақстанда азық түлік бағасын тұрақтандыру бағытында қандай жұмыстар қолға алынды

Қазақстанда азық түлік бағасын тұрақтандыру бағытында қандай жұмыстар қолға алынды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Бұл шаралар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының күрт қымбаттауына жол бермей, жеткізілім тұрақтылығын қамтамасыз етуге және халық үшін негізгі өнімдердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Тұрақтандыру қорлары – азық-түлік қауіпсіздігінің тірегі

Бүгінде еліміздің барлық өңірінде тұрақтандыру қорлары көкөніс, жарма, ұн, май, қант, жұмыртқа және ет секілді негізгі азық-түлік өнімдерінің қорын жасақтап отыр. Бұл мақсатқа миллиардтаған теңге бөлінген.

Мәселен, Астанада айналым қаржыландыру тетігі арқылы 10,7 млрд теңге бағытталып, 33 мың тоннадан астам азық-түлік сатып алынды. Алматыда әкімдік ірі сауда желілерімен келісім жасап, үстеме бағаны 15%-дан асырмауға уағдаласты және отандық өндірушілерден тікелей жеткізілім жүйесін енгізді.

Шымкентте әлеуметтік павильондар желісі қарқынды дамып, тұрғындарға ең төменгі үстемемен сату жүйесі жолға қойылған.

Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері тұрақты өткізіліп, тауарлар нарық бағасынан 15-20% арзан сатылады. Сондай-ақ маусымаралық кезеңде картоп, сәбіз, пияз және қырыққабатты сатып алу тетігі іске асырылған.

Ақмола облысында баға тұрақтылығын сақтау мақсатында 3,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 8 мың тоннадан аса өнім қоры жасақталды.

Павлодар облысында тұрақтандыру қоры шамамен 14,5 мың тонна өнімді қамтиды, ал әлеуметтік нанның бағасы 96 теңге деңгейінде ұсталып тұр.

Қостанай облысында 14 мың тонна әлеуметтік маңызы бар тауар қоры бар, мұнда үстеме баға 10-15%-дан аспайды.

Солтүстік Қазақстан облысы бағаны ұстап тұру үшін 12,7 мың тонна өнім мен 5,7 млн жұмыртқа сатып алған. Сауда үстемесіне қатаң бақылау орнатылған.

Жамбыл облысында 12 мың тоннадан астам қант, 6 мың тонна картоп және 7,5 млн жұмыртқа қоры бар.

Осындай қорлар Ақтөбе, Атырау және Қызылорда облыстарында да жасақталып, «әлеуметтік нан» бағдарламасы мен тұрақты ауылшаруашылық жәрмеңкелері жүзеге асырылуда.

Шығыс Қазақстан облысында 10 мың тоннадан астам көкөніс сатылымға шығарылған.

Ал Батыс Қазақстан облысында тұрақтандыру қорын қалыптастыруға 4,5 млрд теңге бөлініп, жыл басынан бері 350-ден астам жәрмеңке өткізілді. Бағаны негізсіз көтеру фактілері әкімшілік жолмен тоқтатылып отыр.

Жетісу және Түркістан облыстарында әлеуметтік дүкендерде тауарлар нарықтағы бағадан 10-15% арзан, ал Маңғыстау облысында соңғы жылдары 4,8 млрд теңге бөлініп, 10 мың тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар өнім қоры жасақталған.

Тепе-теңдік қағидаты: нарық пен мемлекеттің үйлесімі

Қазақстанның баға тұрақтандыру жүйесі мемлекеттік реттеу мен нарықтық еркіндік арасындағы тепе-теңдікке негізделген.

Өңірлік тұрақтандыру қорлары — нарықтағы ауытқуларды тежеудің сақтандыру буфері. Ал әлеуметтік павильондар халықтың сапалы әрі әділ бағамен өнімге тікелей қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар мемлекеттік органдар сауда үстемесін тұрақты бақылауда ұстап, ереже бұзғандарға заң шеңберінде шара қолданады.

Сарапшылардың пікірінше, бағаны тұрақтандырудағы басты фактор — логистиканы тиімді ұйымдастыру және өнімді дер кезінде сатып алу. Маусымаралық кезеңде фермерлермен жасалатын форвардтық келісімшарттар көкөніс қорын тұрақты ұстап, бағаның өсуіне жол бермейді. Ең жоғары нәтиже өндірістік қуаты мен сақтау инфрақұрылымы дамыған өңірлерде байқалады.

Келешек бағыты – цифрландыру және ашықтық

Мамандар жүйенің тиімділігін арттыру үшін қойма және тоңазытқыш инфрақұрылымын кеңейту, қорлар бойынша цифрлық мониторинг енгізу және өңірлер арасында деректермен алмасудың бірыңғай платформасын құру қажеттігін айтады.

Бұл бастамалар азық-түлік айналымының ашықтығын арттырып, қорларды басқарудың дәлдігін қамтамасыз етеді.

Осылайша, Қазақстанда бағаны тұрақтандырудың кешенді моделі қалыптасуда. Тұрақтандыру қорлары, әлеуметтік павильондар, жәрмеңкелер мен форвардтық келісімшарттар арқылы өңірлер бағаның өсуін тежеп, негізгі азық-түліктің қолжетімділігін қамтамасыз етіп отыр. Бұл шаралар инфляцияны тежеумен қатар, азаматтардың мемлекетке және оның әлеуметтік қолдау жүйесіне деген сенімін арттырады.

Еске салсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет азаматтардың тұрмыс сапрасын жақсарту және еліміздің экономикалық жағдайын тұрақтандыруға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асырып жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:140
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қараша 2025 21:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see168

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see160

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see159

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see156

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see155

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see151

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see142

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see141

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see139

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

20 Қыркүйек 2026 22:21see137

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see135

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see134

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

20 Қыркүйек 2026 22:18see133

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

21 Қыркүйек 2026 18:03see132

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

21 Қыркүйек 2026 17:58see129

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see128

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

21 Қыркүйек 2026 14:36see120

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

21 Қыркүйек 2026 17:46see120

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see120

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары