Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Азық түлік бағасын тұрақтандыру ортақ міндет

Азық түлік бағасын тұрақтандыру ортақ міндет

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қосымша құн салығының көтерілуі қоғамда пікір алуандығын туғызып қана қоймай, бастапқы дүрмекпен кей жағдайда қисынсыз қымбатшылыққа да бастайтынын болжау қиын емес еді. Бұл үдеріс бір арнаға түскенше құзырлы мекемелер тарапынан бақылау, қадағалау, реттеу жұмыстары әлбетте қажет. Өйткені өзі ештеңе өсірмейтін мегаполис тұрғындары үшін азық-түліктің бағасын тұрақтандыру ісі аса өзекті.

Сурет: freepik.com

Қазір Алматыда 51 базар, 200-ден астам супермаркет пен шамамен 4,5 мың осындай шағын сауда нүктесі жұмыс істейді. Үкіметтің пәрменімен мегаполисте бейінді басқармалар, сауда департаменті мен аудан әкімдіктерінің өкіл­дерінен тұратын арнаулы бақылау топтары құрылып, әрекет жасап отыр.

Ең бастысы, биылдан бас­тап әлеуметтік маңызы бар, ең күн­делікті қажетті азық-түліктің тізімі 19-дан 31 атауға дейін кеңейтілді. Бұған қосымша көкөніс пен жеміс (қызанақ, қияр, алма), еттің түрлері, сүт өнімдері, шай мен балықтың бес түрі енгізілді. Осы тізімдегі азық-түліктің барлығы бақылауға алынып, жеткізушілермен, сауда желілерімен жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бақылау жұмыстары жөнінде айтсақ, биылғы 5 қаңтардан бас­тап ҚҚС мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға көтерілгенімен, Алма­тыда күнделікті ең қажетті тамақ түр­лерінің күрт қымбаттауы тір­келмеген. Дегенмен сауда желілері негізінен тез өтетін тауарлардың бағасын қайта жаңартып жатқаны­мен, әлеуметтік маңызы бар өнім­дердің бағасы бірқалыпты деуге болады.

Азық-түліктің бағасын ұстап тұру мақсатында Алматы әкім­дігі биылғы көктем айларында оңтүс­тік өңірлерден, сондай-ақ көр­шілес Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстаннан қосымша ерте пісетін көкөніс әкелуді де жос­парлап отыр. Бұл баға теңгері­мін сақтап, нарықты жеткілікті көлемде күн­делікті қажетті көкөністермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алматы қаласында әлеу­мет­тік маңызы бар азық-түлік тауар­ларының (ӘМАТ) баға­сын ұстап тұру барысында көп жұмыс істеліп жатыр. 2025 жыл­дың қорытын­­ды­сы бойынша қалада ӘМАТ-қа қа­тыс­ты тұтыну бағаларының индексі 8,9% болды, бұл республикалық деңгеймен (8,6%) шамалас. Сол тұрғыда қаланың жергілікті ат­қа­рушы органдары сыртқы, ішкі факторларға қарамастан, азық-түлік нарығындағы жағ­дай тұрақты екенін алға тартып
отыр.

Мәселен, 2025 жылы Алматы­да бағаның күрт өсуіне жол бермеуге бағытталған біраз жұмыс атқарылды. Негізгі құралдың бірі айналым қарыздары мен фор­вардтық келісімшарттар болды. Осы тетіктер аясында қалаға әр өңірдегі тауар өндірушілерден тікелей 26 мың тоннадан астам өнім жеткізілді.

Сонымен қатар үлкен сауда же­лісінің бірі – «Магнуммен» ­15 атаудағы ӘМАТ-ты белгілен­ген бағамен сату жөнінде келісім ­жасалды. Олардың қатарына бака­лея, сүт, ет пен көкөніс өнімдері кіреді. Қазір осы желі арқылы ­10,4 мың тоннадан астам көкөніс пен ­600 тоннадан астам өзге өнім сатылды.

Отандық өндірушілермен ынты­мақтаса жұмыс істеуге көп көңіл бөлініп, олармен көкөніс, қант, жұмыртқа мен тауық етін Алматыдағы сауда желілері мен азық-түлік базарларының сөре­сіне тікелей жеткізуді көздейтін келісім жасалды. Бұл әрекеттер өз нәтижесін беріп, екі ортада пайда тауып келген делдалдар тізбегін қысқартып, бағаны бірқалыпты ұстауға мүмкіндік берді.

Баға саясатына демалыс күндері өтетін жәрмеңкелер де елеулі үлес қосып жүргендіктен, ендігі жерде қала билігі жәрмеңкелерді үш күн қатарынан өткізуді ұйғарып отыр. Өткен жылы қалада 430 жәрмең­ке өтіп, онда орташа қаладағы қа­лыпты бағадан 10–15% төмен бағамен 85 мың тоннадан астам өнім сатылды. Жәрмеңкелер қала тұр­ғындары арасында кәдімгідей сұра­нысқа ие болып, әлеуметтік қол­дау ісіне септігін тигізіп келеді.

Мемлекет тарапынан жүргізі­ліп жатқан бақылау жұмыста­ры­на тоқталатын болсақ, 2025 жылы ӘМАТ бойынша делдал­дық жүйені тергеп-тексеру мен шекті сауда үстемесін (15%-дан аспауға тиіс) сақтау жөніндегі өңір­лік комиссияның 26 отырысы өтті. Құзырлы мекемелер тек­серістерінің нәтижесінде 535 әкім­шілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 47,1 млн теңге айып­пұл салынып, жауапсыз 38 делдал тізім­нен шығарылды.

Тақырыпқа орайлас мына бір бас­тамаға тоқтала кеткен жөн, ақ­параттардың айғақты болуы үшін Өңір­лік коммуникация­лар қыз­метінің мамандары қала­дағы үл­кен базарлар мен супер­маркеттегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын бақылап қайтқаны туралы хабар таратты.

«Алматыдағы азық-түліктің баға­сын бақылап қайтқандағы көр­ген-түйгеніміз, қосымша құн салығының мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға көтерілгеніне қарамастан, ең керекті тауарлардың бағасы өспеген. Нан, жұмыртқа, көкөніс, сүт өнімі, қант пен сұйық майдың бағасы сол қалпы. Базардағы сатушылар да азық-түліктің аса көп қымбаттамағанын алға тартып отыр», дейді ӨКҚ өкілдері.

Қала билігі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын бақы­лап, қадағалап отыр, оларды тұ­рақ­­тандыру жұмысы жалғаса береді.

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Сыртқы істер министрлігінің жаңа ресми өкілі тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 12:31

Әлем мойындаған кинолар неге көрерменсіз қалады?

Кино • Бүгін, 12:25

Аралда адасқан жолаушы аман-есен табылды

Аймақтар • Бүгін, 12:17

Қостанайда жыл басынан бері 20 адамды үсік шалған

Оқиға • Бүгін, 12:03

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

Спорт • Бүгін, 11:54

Ұлыбританияда отандық жоғары білім бастамалары таныстырылды

Ғылым • Бүгін, 11:48

АҚШ-тан көшкендер саны келушілерден асып түсті: Трамп эмиграция мәселесін қалай шешті?

Қоғам • Бүгін, 11:36

Енді автокөлік жуу орындары жаңа талап бойынша жұмыс істейді

Қоғам • Бүгін, 11:27

Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелері пойызбен тегін қатынайды

Әскер • Бүгін, 11:17

Жаңа 4 фармацевтикалық зауыт салынады: Елімізде қандай дәрі-дәрмектер өндіріледі?

Президент • Бүгін, 11:02

Қазақстан өнерпаздары Нью-Делиде өнер көрсетті

Әлем • Бүгін, 10:54

Еңбек министрлігі Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

Қоғам • Бүгін, 10:43

«Shymkent Open»: Каратэ турнирінде 900-ге жуық спортшы бақ сынап жатыр

Спорт • Бүгін, 10:37

«Қайрат» – «Брюгге» матчына Борат стилінде киініп келген шетелдіктер жауапқа тартылды

Оқиға • Бүгін, 10:25

ChatGPT кәмелетке толмағандарды автоматты түрде анықтай бастайды

Digital • Бүгін, 10:13

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қаңтар 2026 13:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары