Қазақстанда қандай азық түлік арзандады
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Қазақстанда соңғы айда инфляция қарқыны баяулай бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық статистика бюросының ресми сайтына сілтеме жасап.
Наурыз айында айлық инфляция деңгейі 0,6% құрады. Ақпанмен салыстырғанда бағаның өсу қарқыны 0,5% тармаққа баяулады. Бір айдың ішінде арзандаған азық-түліктің ішінде қияр (– 22,6%), пияз (- 10,9%), қызанақ (– 2,6%), қырыққабат (– 1,9%), қарақұмық жармасы (– 1,2%) мен шоколадқа малынған кәмпиттер (– 0,9%) бар. Ал тәтті бұрыш (10,7%), банан (5,4%), қызылша мен сәбіз (4,2%), майлылығы 2-3% айран (2,3%), бал (1,8%), қантты печенье мен сиыр бауыры (1,3%) қымбаттады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында шаңсорғыш (8,2%), үтік (7,7%), смартфон (2,7%), автомобильдер (2,3%), әйелдер сөмкесі (2,1%) арзандаса, алтын сақина, ас үй пеші (5,5%), теледидар (4,1%), сымсыз құлаққаптар (2,2 %), корвалол (1,7%), қолға жағатын крем (1,4%) мен цементтің (1,3%) бағасы көтерілді.
Жалпы, азық- түлік тауарларының бағасы 0,7%, ақылы қызметтер – 0,6%, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,5% өсті.
"Жылдық инфляция мәні 2026 жылдың наурызында 11% құрады және ақпанмен салыстырғанда 0,7 пайыздық тармаққа баяулады. Азық-түлік тауарларының бағасы 11,7%, азық-түлік емес тауарлар – 11,3%, ақылы қызметтер – 10% өскен", - дейді статистика мамандары.
Айта кетері, инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:32
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Сәуір 2026 22:51 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















