Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Алматыда LRT үшін тіректерді бұза бастайды байланыс пен жарық не болады

Алматыда LRT үшін тіректерді бұза бастайды байланыс пен жарық не болады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

25 шілдеден бастап Алматыда LRT-ның бірінші желісін салу үшін Төле би көшесіндегі ескі бағандарды бөлшектеу басталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"165 ескі баған бөлшектеледі": не болды?

Алматы әкімдігі 25 шілдеден бастап Төле би көшесінің Момышұлы көшесінен Жароков көшесіне дейінгі аралығында шығыс бағытта бұрынғы байланыс торабының қолданыстағы 165 тірегі алынып тасталатынын хабарлады. Олардың орнына сыртқы жарықтандырудың жаңа тіректері орнатылады.

Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы (ЖҚҰО) мәліметінше, қазіргі уақытта ескі тіректерде мыналар орналасқан:

электр тарату желілері, байланыс желілері, интернет-провайдерлер, жарнамалық конструкциялар мен басқа да инженерлік коммуникациялар.

Бұл ретте құрылыс аяқталғаннан кейін әуе желілері жаңа тіректерге қайта ораналастырылмайды.

Жарық пен интернет не болмақ?

Әкімдік бұған дейін цифрландыру басқармасы байланыс операторларына, интернет-провайдерлерге, коммуналдық кәсіпорындар мен инженерлік желілердің басқа да иелеріне коммуникацияларды алдын ала көшіру қажеттігі туралы ескерткенін атап өтті.

Алайда кейбір ұйымдар осы уақытқа дейін бұл жұмыстарды орындамаған, ал кейбір желі иелерін билік анықтай алмаған.

Осыған байланысты ЖҚҰО инженерлік коммуникациялардың барлық иесіне тағы да үндеу жасады.

"Инженерлік желілердің зақымдануына, сондай-ақ электрмен жабдықтау, байланыс және интернет қызметінің үзілуіне жол бермеу мақсатында ЖҚҰО барлық меншік иесі мен пайдаланушы ұйымға қайтадан үндеу жасап, 2026 жылы 24 шілдені қосқанда аталған учаскеде орналасқан өздеріне тиесілі желілерді алып тастау немесе басқа орынға көшіру жұмыстарын аяқтауға шақырады", – деп хабарлады орталық.

Автобус оқиғасы

Бұған дейін желіде Төле би көшесіндегі бірнеше шақырымдық кептелістің видеосы тараған болатын. Кадрлардан LRT құрылысына байланысты жұмыс жүріп жатқан учаскеде автобустар мен жеңіл көліктердің қиыршық тасқа түсіп кеткенін көруге болады.

Әкімдік бұл оқиға Төле би мен Брусиловский көшелері қиылысында болғанын хабарлады. Ол жерде жол қызметтері жол төсемін ашқан, ал шұңқырды уақытша қиыршық таспен толтырған.

"Алматыэлектротранс" ЖШС мәліметінше, қозғалыс кезінде автобустың артқы дөңгелектері бос учаскеге түсіп кеткен.

"Автобус салмағымен қиыршық тас шөгіп, салдарынан дөңгелектері кіріп кетіп, автобус қозғалысын жалғастыра алмады. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, автобус шанағының көзге көрінетін зақымдануы анықталған жоқ", – деп хабарлады компания.

Алматыэлектротранс алдын ала тексеріс жүргізуші тарапынан ешқандай заңбұзушылықты анықтамағанын атап өтті. Автобус қосымша техникалық байқауға жіберілді.

Бұл ретте әкімдік болған жағдайға кім жауап беретінін және жолда жұмыс жүргізген мердігер ұйымға қатысты шара қолданылатын-қолданылмайтынын нақтыламады.

Алматыдағы LRT құрылысы

Бұған дейін Алматыда Төле би көшесінің Саин көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейінгі аралығында трамвай рельстерін бұзу басталды. Әкімдік бұл жұмыс болашақ LRT желісі құрылысына дайындықпен байланысты екенін хабарлады. 2015 жылы трамвай қозғалысы тоқтағаннан бері алынбаған рельстер LRT құрылысының алдағы процесін жеделдету үшін алынып жатыр.

2026 жылғы мамыр / Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм

2026 жылғы мамыр / Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм

LRT-ның бірінші желісі қай жерден өтеді?

Ұзындығы 18,3 шақырым болатын LRT-ның бірінші желісі Алатау ауданының индустриялық аймағын Алматы-2 теміржол вокзалымен байланыстырады. Маршрут Бауыржан Момышұлы және Төле би көшелерімен, кейін Абылай хан даңғылымен "Райымбек батыр" көлік-ауысып міну торабына дейін өтеді.

Желіде 34 жолаушылар платформасы қарастырылған: 12 аралдық және 22 жағалаулық типте. Табан ені 1435 миллиметр болады.

Төле би көшесінде 4 аралдық және 15 жағалаулық бекет орналасады. Момышұлы көшесінде 5 аралдық және 5 жағалаулық бекет қарастырылған. Абылай хан даңғылында 3 аралдық және 2 жағалаулық бекет пайда болады. Алматыда LRT қашан іске қосылады?

Бастапқыда құрылысты 2027 жылдың сәуірінен 2029 жылдың сәуіріне дейін жүргізу жоспарланған еді. Кейін жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы желіні 2027 жылдың аяғына қарай іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлады.

Сондай-ақ билік пойыздардың байланыс желісіз – бекеттерде қуатталатын аккумуляторлармен жүру нұсқасын қарастырып жатыр.

Пойыздар қандай болады?

Әкімдіктің соңғы мәліметі бойынша, жылжымалы құрам 285 жолаушыға дейін тасымалдай алады, ал орташа қозғалыс жылдамдығы сағатына 35 шақырым болады.

Бұл ретте қазіргі техникалық-экономикалық негіздеме тек инфрақұрылым құрылысын қамтиды. Вагондар құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін бөлек жоба бойынша сатып алынады.

Құрылысты кім қаржыландырады?

LRT желісінің құрылысын жеке инвестициялар есебінен жүзеге асыру жоспарланған.

Басқарма бұған дейін жобаның жалпы бюджеті жобалау жұмыстары аяқталып, құрылыстың сметалық құны есептелгеннен кейін анықталатынын хабарлады.

LRT жүйесін BRT және метромен байланыстыруы мүмкін

Алматы жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы LRT оқшауланған жүйе болмайтынын атап өтті. Ол Алматының біріңғай көлік жүйесінің бір бөлігі ретінде жобаланып жатыр.

"Мақсат – жолаушының тез әрі ыңғайлы ауысып мінуіне және жүйені біртұтас желі ретінде қабылдауына жағдай жасау. Болашақта LRT батыс және шығыс көлік-ауысып міну тораптарын байланыстырады, онда метрополитен, BRT, такси, сондай-ақ қалалық және қала маңындағы автобус бағыттары, қалааралық автобус рейстері біріктіріледі", - деп түсіндірді ведомство.

Еске салсақ, 2025 жылдың желтоқсанында Алматыда қаланы 2040 жылға дейін дамытудың Бас жоспары бойынша қоғамдық тыңдау өткен болатын. Сол кезде "Алматыбасжоспар" ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов LRT желісі "Барлық" бекетінен бастап Төле би көшесімен Алматы-2 вокзалына дейін және одан әрі Абылай хан даңғылымен "Шығыс қақпасына" (Восточные ворота) дейін жалғасатынын айтты.

Садуов құрылысты жеделдету үшін EPC-келісімшарт жасау мүмкіндігін атап өтті (бұл жағдайда мердігер нысанды жобалауға да, құрылысына да жауапкершілікті өз мойнына алады).

Тағы оқыңыз: Сағатына 20 шақырымнан жылдамырақ: әкімдік Алматыдағы LRT параметрлерін нақтылады

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:197
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Шілде 2026 18:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары