Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Сауда серіктестігіне серпін

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Алматылықтардың газ есептегіштері ауыстырыла бастайды тұтынушылар үшін не өзгереді

Алматылықтардың газ есептегіштері ауыстырыла бастайды тұтынушылар үшін не өзгереді

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қыркүйектен бастап Алматыда газ есептегіштерін көрсеткіштерді автоматты түрде жіберетін құрылғыларға ауыстыра бастайды. Ауыстыру тегін жүргізіледі. Бұл туралы "QazaqGaz Aimaq" АҚ алматылық филиалының өткізу және газбен жабдықтау режимі қызметінің бастығы Нариман Хасенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Көрсеткіштер автоматты түрде жіберіледі

Нариман Хасеновтің айтуынша, қыркүйектен бастап Алматыда газ есептегіштерін деректерді қашықтан жіберу мүмкіндігі бар құрылғыларға ауыстыру жұмыстары басталады.

Оның сөзінше, бағдарлама 2029 жылға дейін есептелген. Осы уақыт ішінде 155 мыңға жуық есептегішті ауыстыру жоспарланып отыр. Шығындарды газбен жабдықтаушы ұйым өз мойнына алады.

"Тұтынушыға көрсеткіштерді бақылаушыға тапсырудың қажеті болмайды. Бұл құрылғылар газ тұтыну туралы деректерді серверге автоматты түрде жіберіп отырады", – деді Хасенов ӨКҚ брифингінде.


Есептегіштер бірінші кезекте тұрмыстық тұтынушыларда, соның ішінде негізінен жеке үйлерде ауыстырылады.

Қанша үй газсыз отыр?

Ресми мәліметтерге сәйкес, Алматыны газбен қамту деңгейі 99,6 пайызға жеткен. Дегенмен, қалада әлі де жаңа желілерді тартуды қажет ететін үйлер бар.

Бұл ретте әкімдік нақты қанша үйдің газсыз отырғанын әзірге білмейді. Алматы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының жылу және газбен жабдықтау бөлімінің бас маманы Темірлан Жансақовтың айтуынша, әңгіме негізінен Медеу ауданы мен қазір ЖТҚ (жеке тұрғын үй құрылысы) санатына ауыстырылып жатқан бұрынғы саяжай алқаптары туралы болып отыр.

"Бізде негізінен газ тартылмаған аудандар – бұл Медеу ауданы және бұрын саяжай болып, қазір ЖТҚ-ға өткен алқаптар. Мұндай үйлер негізінен газсыз қалып отыр", – деді ол.

Оның сөзінше, шілдеден бастап мамандар аудандық әкімдіктермен бірлесіп, үйлердің нақты санын анықтау үшін аралау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қалған үйлерді жылыту маусымына дейін газға қосып үлгере ме деген сұраққа басқарма өкілі жауап бере алмады.

"Алдымен бүгінде жалпы қанша үйге газ тартылмағаны туралы цифрды шығару керек. Содан кейін алдағы іс-қимылдар пысықталады", – деп жауап берді басқарма өкілі.

Жеке үйді газға қалай қосуға болады?

Брифингте жеке үйді газға қосу тәртібі түсіндірілді.

"QazaqGaz Aimaq" өкілі Айбек Қасымовтың түсіндіруі бойынша, алдымен техникалық шарттарды алу қажет. Өтінімді eGov Mobile арқылы беруге болады. Ол үшін иесінің жеке куәлігі, жер теліміне құжаттар, үйдің техникалық паспорты және газ тұтынудың гидравликалық есебі қажет болады. Техникалық шарттарды алғаннан кейін меншік иесі жобаны дайындап, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мамандандырылған ұйымға жүгінуі тиіс. Бұл шығындарды үй иесі өз қалтасынан төлейді. Қасымовтың айтуынша, Алматыда осындай 80-ге жуық ұйым жұмыс істейді. Осыдан кейін үйде жабдықтың газдануын бақылайтын сигнализаторлар орнатып, табиғи ауа алмасу үшін желдету каналдарын қарастыру қажет. Үйге газ тарту қанша тұрады?

Алматыда үйді газға қосудың бірыңғай құны жоқ. "QazaqGaz Aimaq" өкілдері техникалық шарттарды тегін беретінін, қолданыстағы газ құбырына алғашқы қосу мен газды алғашқы жіберу жұмыстарын тегін орындайтынын түсіндірді.

Негізгі шығындар жобалау мен монтаждауға жұмсалады, бұл үшін меншік иесі бөлек төлейді. Олардың құнын мамандандырылған ұйымдар белгілейді.

"Сома жобалау және монтаждау жұмыстарына байланысты. Оны мамандандырылған ұйымдар бәсекелестік нарық жағдайында өз бетінше анықтайды. Жобаланатын газ құбырының ұзындығы, диаметрі, қысымы, құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі мен күрделілігі ескеріледі", – деді "QazaqGaz Aimaq" өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Айбек Қасымов.

Сондықтан компаниядағылар тіпті шамаланған құнды да атай алмады.

Кімдер көмек ала алады?

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын тұрғындар үшін жеке бағдарлама жұмыс істейді. Газ компаниясы өкілдерінің айтуынша, олар үшін жабдықтар мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының шығындарын өтеу қарастырылған.

Брифинг барысында бағдарламаға қатысу мүмкіндігі туралы білу үшін тұрғындар әлеуметтік қорғау органдарына жүгінуі қажет екені айтылды.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Алматы ЖЭО-2-ні жыл аяғына дейін газға көшіру уәде етілді

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:97
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Тамыз 2026 15:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see139

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see131

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see128

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see127
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары