Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Алматыда пойызда уланғандар мән жайды баяндады

Алматыда пойызда уланғандар мән жайды баяндады

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Алматыда пойызда уланып, жансақтау бөліміне түскен екі жеткіншек бүгін палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды 24KZ. «Ауруханадағы 11 баланың жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты», – дейді дәрігерлер. Тілшіміз вагондағы кино түсірілімінде болған ересек адамдармен кездесіп қайтты. Олар әлі де бастары айналып, жағымсыз иістен айыға қоймаған.

Нұргүл Мейірханованың фильмдердің көпшілік сахнасына түсіп, қосымша табыс тауып жүргеніне көп жыл болған. «Үнемі жақсы өтетін», – дейді ол. Кешегі түсірілімге де әдеттегідей жиналған. Алайда вагонның суығы сүйектен өткені өз алдына, газдан уланып, ауруханадан бір-ақ шыққан.

Нұргүл Мейірханова, зардап шегуші:

- Үш вагон болды. Екеуі жылытылмаған, өте суық. Біреуінде біз тоңып отырдық, демімізден бу шығып тұрды, кеше өте суық болды. Ал екінші вагонда корейлік түсірілім тобы отырды. Олар отырған вагон жылы болды. Үшінші вагонда түсірілім жүріп жатқан, мен кіргенде вентилі бар үлкен газ баллонды көрдім, шынымды айтсам, қорықтым. Десе де жақындап, жылынуға тырыстық. Сол кезде екі қыз есінен танып құлады. Олардың бетіне су бүркіп, есін жиғызуға тырысты.

Куәгердің айтуынша, шетелдік киностудия өкілдері түсірілімге қатысушылардың телефондарын жинап алған. Айтуларынша, фильм 2000-шы жылдарды бейнелейді. Суық болғанына қарамастан түсірілім тобы жеткіншектерге сырт киімі мен аяқкиімін шешіп, вагонның жоғарғы қабатына жатуды талап еткен. Сол жерде болған Роман Муратовтың айтуынша, 50 шақты адам газбен жылитын пештің жанында 30 минуттай отырған.

Роман Муратов, куәгер:

- Балалар да есінен тана бастады. Бойымызды үрей биледі. Сол кезде ғана бәріміз газдан уланғанымызды түсіндік. Содан соң бізді жылы вагонға апарды. Біз сонда 20-30 минуттай отырып, Алматы-2 вокзалына дейін бардық. Өйткені медициналық көмек тек сонда болды. Менің де басым айналып, әлсіреп қалдым. Вокзалға түскенде аяғым дірілдеп, жүре алмай қалдым. Бір кезде есімнен танып қалдым. Содан соң біреу қатты сілкіп оятып: «Ұйықтама! Газдан улансаң, оянбай қалуың мүмкін!» – деді.

Бірінен кейін бірі жағдайы нашарлай бастаған адамдар Алматы-2 вокзалынан жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Алматыдағы балалар шұғыл медициналық көмек орталығына түскен 11 баланың екеуі жансақтау бөліміне жатқызылған еді. Бүгін олар палатаға ауыстырылды.

Құрметбек Тоқтарұлы, Алматыдағы балалар шұғыл медициналық көмек орталығы директорының орынбасары:

- Балалардың жағдайы орташа ауырлықта. Тұрақты. Жансақтау бөлімінде жатқан екі бала бүгін токсикология бөлімшесіне ауыстырылды. Қазіргі таңда балалардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Түсірілімге қатысушыларды Алматыдағы «Кастинг ВВ» агенттігі шақырған. Олар арнамызға сұхбат беруден бас тартты. Оқиғаға байланысты кеше Желілік полиция басқармасы Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ал ауруханадағы балаларға дүйсенбі күні қорытынды сараптамалар жасалады. Үйлеріне шығару туралы сол сараптамадан кейін белгілі болады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Мұхит Құдықбаев

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:288
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Желтоқсан 2025 21:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары