Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Алматыдағы тарихи Қызыл Таң : не өзгереді және оған қанша қаражат жұмсалады

Алматыдағы тарихи Қызыл Таң : не өзгереді және оған қанша қаражат жұмсалады

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Алматы орталығындағы тарихи "Қызыл Таң" маталар үйінің ғимараты ауқымды өзгерістен өтеді. Тарих және мәдениет ескерткішін халықаралық сән және дизайн орталығына айналдыру жоспарланған. Tengrinews.kz жобаның жоспары мен құны туралы білді.

Не болды?

Нысан төңірегінде бұрынғы жалға алушыларды мәжбүрлеп шығаруға және бұзылуы мүмкін деген қауесеттерге байланысты ұзақ уақыт бойы дау-дамай басылмады. Бұған дейін қала билігі ғимараттың сақталатынын және жаңғыртылатынын растаған болатын.

"Қызыл Таңның" тағдыры туралы қысқаша

2004 жылдан бастап нысан "Қызыл Таң" маталар үйі" ЖШС жеке компаниясының сенімгерлік басқаруында болды. Алайда 2023 жылы сот жаңғырту бойынша міндеттемелердің орындалмауына байланысты шартты бұзды. Сот процестері бес жылға созылып, нәтижесінде ғимарат "Almaty Creative" ЖШС-не берілді. Сот шешіміне қарамастан, шығару процесі ұзаққа созылды: тіпті 2026 жылдың қаңтарында бұрынғы жалға алушылар әлі де сол жерде болды.

16 сәуірде Алматы қалалық туризм басқармасы ғимараттың ақыры босатылғанын хабарлады:

"Жалға алушыларды ғимараттан шығару процесі толық аяқталды, жалға алушылар иеленген үй-жайларды босатты", – деді басқарма өкілдері.

2026 жылғы қаңтар / Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм "Қызыл Таңда" не өзгереді?

Жаңғыртудан кейін ғимарат заманауи сән хабына айналады деп күтіледі.

"Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін ғимаратта сән индустриясын, дизайнды және қолөнер өндірісін дамытуға бағытталған креативті орталық (fashion & creative hub) құру жоспарланған", – деді туризм басқармасындағылар.

Осылайша, қарапайым дүкендердің орнына мұнда қазақстандық дизайнерлер мен қолөнершілерді қолдауға арналған платформа құру жоспарланып отыр.

2026 жылғы қаңтар / Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм

Хаб идеяны әзірлеуден бастап дайын өнімді сатуға дейінгі толыққанды экожүйе ретінде жұмыс істейтін болады. Биліктің жоспары бойынша, бұл жергілікті брендтердің халықаралық деңгейге шығуына көмектеседі.

"Кеңістік дизайнерлерге, жергілікті брендтерге, қолөнершілер мен шығармашылық топтарға инфрақұрылым ұсынады, сондай-ақ өнімді әзірлеуден бастап оны ілгерілету мен коммерцияландыруға дейінгі толық циклді қамтамасыз етеді", – деп хабарлады басқармадағылар.

2026 жылғы қаңтар / Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм

Басқарма жоспарына сәйкес, хаб келесі мүмкіндіктерді береді:

жергілікті брендтерді біріктіру және олардың танымалдылығын арттыру; шоурумдарға, шеберханаларға және көрме алаңдарына қолжетімділік беру; халықаралық сән апталықтары мен байерлік сессияларға қатысуды ұйымдастыру; шетелдік дистрибьюторлар және маркетплейстермен байланыс орнату. 2026 жылғы қаңтар / Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм

Жобаны әзірлеу кезінде билік халықаралық тәжірибеге: еуропалық кластерлерге (Амстердамдағы Fashion for Good, Лондондағы Design District) және азиялық хабтарға (Сеулдегі DDP, Гонконгтегі PMQ) сүйенді. Әкімдіктегілер мұндай платформа отандық сән экспортының өсуін қамтамасыз ететініне сенімді.

"Жобаны іске асыру Алматыда жергілікті креативті қауымдастықты қолдап қана қоймай, сонымен қатар отандық дизайнерлердің халықаралық нарықтарға жүйелі түрде шығуын қамтамасыз ететін заманауи платформа құруға мүмкіндік береді, бұл креативті экономиканы дамытудың жаһандық трендтеріне сәйкес келеді", – деп хабарлады туризм басқармасы.

"Қызыл Таңды" жөндеуге қанша қаражат жұмсалады?

Хаб құрылмас бұрын ғимаратты жаңғырту жоспарланған. Басқарма жобаның қазірдің өзінде іске асыру сатысында екенін хабарлады.

"Нормативтік-жобалық құжаттамаға сәйкес жөндеу-жаңғырту жұмыстарының сомасы 572,2 миллион теңгеге бағаланып отыр", – деп хабарлады басқарма.

2026 жылғы қаңтар / Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм

Басқарма әлі мердігерді таңдаған жоқ – ол ашық конкурс арқылы анықталады.

Сонымен қатар, Мәдениет және ақпарат министрлігі ғылыми-жобалық құжаттаманы келісті, бірақ оған ғимараттың ішкі көрінісі мен дизайны кірмеген. Басқарма бұл шешімдерді мамандар кейінірек дайындап, таныстыратынын атап өтті.

Қашан басталып, қашан аяқталады?

Басқарма ғимаратты жаңғыртуға әлі кіріспегенін хабарлады. Қазіргі уақытта нысанда жөндеуге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда:

инженерлік желілер тексеріліп жатыр (тексеру жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден басталды); конструкциялардың жай-күйін нақтылау үшін бос ғимаратқа техникалық аудит жүргізіліп жатыр. 2026 жылғы қаңтар / Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм 2026 жылғы қаңтар / Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм

Ведомствода бұл шаралар болашақта апатты жағдайларды болдырмауға көмектесетінін түсіндірді. Жұмыстың нақты кестесін билік кейінірек жариялайды:

"Жаңғырту жұмыстарының басталу мерзімі тексерулер аяқталып, алынған мәліметтерге талдау жасалғаннан кейін нақтыланады", – деп хабарлады ведомство.

"Қызыл Таң" ғимаратының ішінде не болады?

Басқарманың жауабында ғимарат ішінде мына нысандарды орналастыру жоспарланғаны нақтыланған:

Студиялар мен шеберханалар: жоспар бойынша мұнда дизайнерлер, қолөнершілер және креативті продакшн мамандары жұмыс істейді. Шоурумдар мен көрмелер: коллекцияларды таныстыруға, маркеттер мен экспозициялар өткізуге арналған кеңістіктер. Ивент-аймақтар: сән көрсетілімдеріне, презентациялар мен халықаралық байерлермен кездесулерге арналған алаңдар. Білім беру орталығы: әлемдік деңгейдегі сарапшылардың қатысуымен өтетін шеберлік сабақтары мен лекцияларға арналған залдар.

"Нысан тек мәдени-көрмелік қана емес, сонымен қатар экономикалық функцияны да атқарады. Ол креативті кәсіпкерлікті дамытудың және қазақстандық дизайнерлер мен брендтерді ішкі және сыртқы нарықтарда жүйелі түрде ілгерілетудің платформасына айналады. Бұл ретте экспортқа және халықаралық сән индустриясына интеграциялануға басымдық беріледі", – деп түйіндеді басқармадағылар.

2026 жылғы қаңтар / Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм "Қызыл Таң" маталар үйі туралы не білу керек?

Алматы қаласының туризм басқармасы мәліметінше, "Қызыл Таң" маталар үйі – Алматыдағы сәулет ескерткіші. Ол 1896 жылы XIX ғасырдың аяғындағы Верныйдың бас сәулетшісі Поль Гурдэнің жобасы бойынша салынған. 1912 жылы сәулетші Андрей Зенков ғимаратқа ішінара қайта жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бастапқыда бұл нысан көпес Исхак Габдулвалиевке тиесілі болып, сауда үйі ретінде қызмет еткен.

Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм

Кеңес дәуірінде мұнда әскери басқару органдары орналасса, 1931 жылдан бастап "Торгсин" дүкені жұмыс істеді. 1979 жылы ғимарат тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды, ал 1981 жылы жаңғыртудан кейін мұнда "Қызыл Таң" маталар дүкені ашылды.

Енді нысан тарихында жаңа кезең басталғалы тұр.

Tengrinews.kz редакциясы нысан төңірегіндегі жағдайды бақылауды жалғастырады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Сәуір 2026 10:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары