Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Алматыдағы жылу электр орталықтары қашан газға ауысады

Алматыдағы жылу электр орталықтары қашан газға ауысады

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Жыл басында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Алматыға жұмыс сапарымен келіп, ЖЭО-2 және ЖЭО-3 құрылыс алаңдарын аралап шықты. Ведомство басшысы ЖЭО-2 нысанында оң динамика бар екенін айтса, ал ЖЭО-3 құрылыс алаңындағы жағдайды қатаң сынға алған болатын. Министр кей жұмыстардың кестеден қалып келе жатқанын атап өтті. 

Осы орайда, Kazinform агенттігі энергетикалық тораптарға иелік ететін «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС), сондай-ақ құрылыс қарқынын бақылау ұстап отырған Энергетика министрлігіне жүгініп, Алматы экологиясы үшін маңызы жобалардың қандай сатыда екенін сұрады.

АлЭС даму және құрылыс жөніндегі басқарушы директоры Ержан Бурамбаевтың жауабына сәйкес, ЖЭО-2 нысанын газға көшіру жобасының дайындық деңгейі – 64%. Қазіргі уақытта қадаларды құю, іргетасты орнату, су жылыту қазандықтарын монтаждау және гидравликалық сынақтан өткізу жұмыстары аяқталған. Қазандықтардың түтін шығаратын айналмалы құбырларының металл конструкцияларын монтаждау процесі жүріп жатыр.

– ЖЭО-2 жұмыс алаңында қазіргі уақытта 1500-ге жуық адам еңбек етіп жүр. Нысанды газға көшіруге қажетті материалдар мен жабдықтар 99% көлемінде сатып алынып, мекенжайға жеткізілді, - деді ол.

Фото: Алматы әкімдігі

Сонымен қатар Ержан Бурамбаев екінші жылу электр орталықты газға толық көшіріп, оны пайдалануға беру 2026 жылдың желтоқсан айына жоспарланғанын атап өтті. Оның айтуынша, құрылыс-монтаждау жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр және белгіленген мерзімдерден ауытқу күтілмейді. Бекітілген кестеден қалыс қалу деректері жоқ.

Ал агенттік сауалына берген жауабында Энергетика министрлігі ЖЭО-2 бойынша бас корпус аймағында үш газ турбинасы, төрт су жылыту қазандығы орнатылып, гидравликалық сынақтар аяқталғанын хабарлады. Қазір қазандықтың бас корпусын жабу жұмыстары қалған. Ведомство министр тарапынан сын айтылған ЖЭО-3 бойынша да жауап берді. Бұл жылу электр орталығы да 2026 жылдың соңына дейін толық газға ауысуы тиіс.

– ЖЭО-3 нысанында Ansaldo Energia компаниясының турбинасы мен генераторының алғашқы жиынтығы іргетасқа орнатылды. Турбинамен мен генераторының екінші жиынтығы мердігер қоймасына жеткізілді. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың жұмыс сапары барысында берген ескертулері мен тапсырмаларына сәйкес, екі жоба бойынша да жұмыс кестелеріне түзетулер енгізілді. Мердігер ұйымдар тарапынан қосымша жұмыс күші мен техника жұмылдырылып, жұмыстар екі ауысымда ұйымдастырылды, - делінген министрлік жауабында.

Еске салайық, Алматының жылу электр орталықтарын газға ауыстыру мәселесі көп жылдан бері талқыланып келеді. 2020 жылы Үкімет Алматы ЖЭО-2-ні газдандыру жобасы мақұлданды. 

2022 жылы 25 қарашада «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) мен Еуропа Қайта құру және Даму банкі (ЕҚДБ) арасында «Қоршаған ортаға тигізетін әсерін барынша азайту арқылы Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту» жобасын қаржыландыру туралы кредиттік келісім жасалды. Аталған мәміленің сомасы – 130 млрд теңге. 

2023 жылы Алматының ЖЭО-2 нысанын көмірден газға ауыстыру тендерін консорциум жеңіп алды. Консорциум құрамына үш қытайлық компания кіреді: Dongfang Electric International Corporation, Powerchina Sepco1 Electric Power Construction Co., Ltd және Powerchina Hebei Electric Power Engineering Co., Ltd. 

ЖЭО-2-ні газға көшіру бойынша құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталды. Алматы экология департаментінің мәліметінше, жоба жүезе асқан соң, ауаға тарайтын зиянды заттардың мөлшері жылына 37 мың тоннадан 2,7 мың тоннаға дейін азаяды. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:230
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Наурыз 2026 12:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары