Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Алматылықтарға ауруханаға бармай ақ денсаулығына қаратуына мүмкіндік туды

Алматылықтарға ауруханаға бармай ақ денсаулығына қаратуына мүмкіндік туды

Arasha.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Алматылықтарға ауруханаға бармай-ақ медициналық кеңес алуына мүмкіндік туды. Ол үшін 1312 нөміріне хабарласу жеткілікті. 
Алматы қаласында цифрланған медициналық қызметтердің жаңа бір түрі – Almaty Digital Medical Center (ADMC) базасы жұмысын бастады. Заманауи медициналық орталықтың операторлары тұрғындардан қоңырау қабылдап, дәрігерлері онлайн кеңес береді. Бірінші желіде медициналық білімі бар мамандар отырса, екінші желіде лицензиясы бар дәрігерлер жұмыс істейді. Атап айтқанда, терапевт, педиатр, гинеколог, уролог, хирург, психиатр және басқа да мамандар кеңес беруге әзір.  

Мұндай орталық Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Цифрландыру басқармасының қолдауымен құрылған екен. Мақсаты – әрбір тұрғынға медициналық көмекті жылдам әрі қолжетімді ететін бірыңғай цифрлы экожүйе қалыптастыру. ADMC платформасына қаланың 8 емханасы қосылған. 

Цифрландырылған медорталық негізінен шұғыл көмекті қажет етпейтін науқастарға кеңес береді. Сондай-ақ, дәрігерге жазылуына, дәріхана мен зертханаларды табуына, қажет жағдайда бейінді мамандарды тауып беруге көмектеседі. Емханаға тіркелудің тәртібін түсіндіреді. Мұндай онлайн қызмет емханадағы кезекті, шұғыл көмек көрсету жүктемесін азайтуға септігі тиеді деген оймен жасалған. Сондай-ақ, науқастарды нақты уақыт режімінде бақылап отыруға мүмкіндік бермек. Қазан айының өзінде ғана орталыққа 50 мыңнан астам қоңырау келіп түскен екен. 

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, орталық көбіне жүкті әйелдерді бақылауда ұстауға ерекше көңіл бөлетін көрінеді. Ай сайын 3200-ден аса жүкті әйелді бақылауда ұстап отыратын көрінеді. Босанғаннан кейін де 42 күн бойы бақылауда болады екен. Әсіресе, босанғаннан кейінгі жай-күйді бақылау көрсеткіші әлдеқайда өсіп, 28%-дан 81%-ға дейін артқан. 

Жүкті әйелдерден бірге созылмалы ауруға шалдыққан науқастарға да бақылау күшейтілген. Орталықтың арқасында ондай пациенттерді қарау мен бақылау көрсеткіші 27%-дан 48%-ға дейін өскен екен. 

Орталыққа кез келген тұрғын хабарласа алады. Бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірі – 1312.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 8 қыркүйектегі жолдауында цифрландыру мен жасанды интеллектіні экономиканың түрлі салаларына жаппай енгізуді, сол арқылы халықтың өмір сапасын жақсартуды тапсырған еді. Медицина қызметтері халық өмірі мен ұлт денсаулығына тікелей әсер ететін қызмет түрі болғандықтан, оның сапасын жақсарту және қолжетімділігін оңайлату аса маңызды. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Желтоқсан 2025 14:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары