Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Алты ғасырға ұласқан еңбек әулеті

Алты ғасырға ұласқан еңбек әулеті

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы саласына 6 ғасырын арнаған еңбек династиясы тұрады.

Әке жолын қуған Мұрат Қаражұманов өмір бойы механизатор болып жұмыс істеп келеді. Қазір оның ізін ұлы басып, мал фермасында еңбек етеді. 

Мұрат Қаражұманов егін шаруашылығына 40 жылға жуық өмірін арнаған жан. Біраз жыл комбайн тізгіндеді. Ал қазір қырдағы астықты жүк көлігіне артып қырманға тасиды. Ол үшін биыл кезекті орақ науқаны аяқталды. Білікті механизатор бос уақытында Абайдың шығармаларын оқып, көңілге тоқиды.

Мұрат Қаражұманов, механизатор:

- Абай атамыздың айтқаны бар ғой: «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген. Сол сияқты мынау еңбектің бүкіл осының бәрі еңбектің арқасы. Мынау енді қанша істеген еңбегіміздің нәтижесін көріп жатырмыз. Биыл ауа райының қолайсыздығына қарамастан астықты жинап, уақытында қоймаға құйып алдық. Биылғы өніміміз жақсы шықты. Сол бәрі еңбектің арқасы ғой. Таңның атысы, күннің батысы сол жұмыста трактор тізгінінде жұмыс істеп келдім тер төгіп. 

Бұл әулеттің ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы еңбек өтілі 600 жылдан асады. Оның ішінде Мұрат Қаражұмановтың қосқан үлесі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, үшінші дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Ұрпақ сабақтастығын ұлы Мақсат та үзбей, өзін осы саладан тапты. Кішкентай кезінен әкесін үлгі тұтқан ол қазір мал фермасында жұмыс істейді. 

Мақсат Мұратұлы, мал азығын дайындау цехының операторы:

- Әкеміз еңбекқор. Әкеміз осы кішкентай кезімізден ақыл үйретіп, тәрбиелеп, соған әкемізге қарап, үлгі алып, жұмысында жақсы жұмыс істеп бізге үйретіп келе жатыр. Үйде таңғысын ерте кетіп, кешкісін қараңғы түскенде келеді жұмыстан. Әкемізге қарап, осы шаруашылықта жұмыс атқарып келемін. 

Қаражұмановтар отбасы «Мәмбетов және К» командиттік серіктестігінде жұмыс істейді. Биыл олар 26 мың гектар жерге дән сіңіріп, мол өнімге қол жеткізді. Қазір орақ науқанын толық аяқтап, астықты шашау шығармай жинап алды.

Құсайын Ахметов, "Мәмбетов и К" командиттік серіктестігінің атқарушы директоры:

- Дәнді дақылдар жоғары нәтиже көрсетті. Мысалы, қатты бидай әр гектарынан орташа есеппен 30 центнерден өнім берді. Майлы дақылдар да жақсы шықты. Бұл ретте мемлекеттің қолдауы зор болды. «Кең дала» бағдарламасының арқасында көкөтемгі және күзгі дала жұмыстарын уақытылы атқардық. Біздің компанияда Қаражұмановтар династиясы көптен бері жұмыс істейді. Олардың еңбегі ерен. 

Осы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен солтүстік қазақстандық диқандарға 160 млрд теңге қаржылай қолдау көрсетілді. Шаруаларға «Кең дала» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несиелер берілді. Осының арқасында биыл облыс бойынша 6 млн тоннадан астам астық жиналды. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:213
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2025 02:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары