Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Алтын дәуірден кейін : Ұлыбритания Қытаймен қарым қатынасты жаңа деңгейге шығарудың жолын іздеп отыр

Алтын дәуірден кейін : Ұлыбритания Қытаймен қарым қатынасты жаңа деңгейге шығарудың жолын іздеп отыр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

«Алтын дәуірден» – жаңа шындыққа

Дүйсенбі күні Ұлыбритания парламентінде Қытаймен болашақ қарым-қатынасқа арналған тыңдаулар өтті. Сарапшылар басты сұраққа жауап іздеді: «Алтын дәуір» деп аталған ынтымақтастық кезеңінен кейін Пекин британ саясатында қандай рөл атқаруы тиіс?

«Алтын дәуір» термині Ұлыбритания мен Қытай арасындағы қатынастарға қатысты 2010 жылдардың ортасында пайда болды. Сол кезде премьер-министр Дэвид Кэмерон Пекинмен экономикалық байланысты күшейтіп, инвестициялар мен сауданы кеңейтуге басымдық берді.

Алайда онжылдықтың соңына қарай риторика өзгерді. АҚШ пен Қытай арасындағы бәсекелестіктің күшеюі және қауіпсіздік пен технология мәселелеріне байланысты алаңдаушылықтың артуы британ саясатын айтарлықтай қатаңдатты. Енді Лондонда Пекиннің ықпалы өскен жағдайда ұлттық мүддені қорғау қажеттігі жиі айтылады.

Осы жағдай аясында былтыр билікке келген лейбористер үкіметі принциптер мен прагматизм арасында тепе-теңдік табуға тырысып отыр. Премьер-министр Кир Стармердің кабинеті экономикалық ынтымақтастықты қайта жаңғыртып, қытай инвестициясын тартуға мүдделі. Дегенмен, ол стратегиялық маңызды салаларда қатаң бақылауды сақтап, демократиялық құндылықтарға адалдығын ерекше атап өтті. 

Сақтық танытқанымен, екі ел арасындағы байланыс соңғы уақытта жандана түсті. Ресми кездесулер жиілеген, бірақ олардың мазмұны әзірге жария етілмейді. Дегенмен британ саяси элитасы ішінде Пекинмен қатынасты қалпына келтіру қаншалықты орынды деген сұраққа келгенде бірыңғай пікір жоқ.

Фото: Видеодан алынған скрин

«Бірізді саясат жоқ»: хаостың арасындағы прагматизм

Гонконгтың бұрынғы губернаторы, қазір Лордтар палатасының мүшесі Кристофер Паттен тыңдауларда Ұлыбританияның Қытайға қатысты әлі күнге дейін бірізді және тұрақты стратегия қалыптастырмағанын айтты.

— Қытайдың бізбен қарым-қатынасын қалай шебер құрып отырғанын көру біз үшін оңай, бірақ біз өз тарапымыздан оған қалай қарайтынымыз түсініксіз. Бәрі ретсіз және үкімет Қытайға қатысты маңызды шешім қабылдауға қабілетсіз сияқты көрінеді, — деді ол.

Паттеннің айтуынша, Лондонның Қытаймен саяси қайшылықтар экономикаға ауыр соққы әкеледі деген қорқынышы шындыққа жанаспайды.

— Біздің саясатта ұзақ уақыттан бері бір жаңсақ пікір бар — егер Қытаймен келіспесек, экспорт пен экономикалық байланыс міндетті түрде зардап шегеді. Бірақ фактілер бұны растамайды, — деді ол.

Ол тіпті шиеленіс кезеңдерінің өзінде екі ел арасындағы сауда көлемі өскенін еске салды. Паттеннің пікірінше, Қытай ең алдымен прагматикалық мүддесін басшылыққа алады — саяси ахуалға қарамастан, өзіне пайдалы тауарды сатып алады. Сондықтан Лондон өз принциптерін қорғау кезінде Пекинді «ренжітіп алудан» қорықпауы керек.

Қытай Ұлыбританияны «Батыс альянсының бөлігі» ретінде көреді

«Британ-Қытай орталығының» төрайымы Изабель Хилтон Қытай Ұлыбританияны жеке саяси күш ретінде емес, Батыс коалициясының элементі ретінде қабылдайтынын айтты.

— Қытай үшін Ұлыбритания ірі сауда серіктесі емес, бірақ ол әлі де ғаламдық ықпалға ие: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі ретінде, әлемдегі бесінші экономика және әсіресе жоғары білім беру саласындағы қызмет көрсетуші ел ретінде. Стратегиялық тұрғыдан Ұлыбритания Қытай үшін маңызды, себебі ол НАТО мүшесі және АҚШ-тың жақын одақтасы болғандықтан, Пекин оны не бейтараптандыруы, не ескеруі керек күш ретінде көреді, — деді Хилтон.

Оның айтуынша, Еуропалық одақтан шыққаннан кейін Лондонның Қытай алдындағы ықпалы айтарлықтай әлсіреген.

— Біз ЕО құрамында болғанда, Қытай үшін ең ірі сауда блогының бөлігі едік. Сондықтан Еуроодақтан шығу — ықпалымыздың едәуір төмендеуіне алып келді. Бұл бізді Қытайдың ықтимал қысым түрлеріне әлдеқайда осал етті, — деді ол.

Фото: VCG

Қытай – қарсылас, бірақ жау емес

Британдық барлау қызметінің бұрынғы қызметкері Найджел Инкстер тыңдауларда Қытайды жау емес, стратегиялық сын-тегеурін ретінде қарастыруға шақырды.

«Менің ойымша, Қытай Ұлыбритания үшін Кеңес Одағы секілді экзистенциалдық қауіп төндіріп тұрған жоқ. Қытай – бұл сын-қатер, кей жағдайда қауіп төндіруі мүмкін, бірақ біз елемей өте алмайтын және өзара әрекеттесуге тиіс ел», — деді ол.

Инкстердің айтуынша, Пекинде «Шығыс өркендеп, Батыс әлсіреп барады» деген түсінік орныққан, сондықтан Қытай барған сайын белсендірек әрекет ете бастады.

«Мені алаңдататыны — АҚШ-та Қытайдың даму шегіне жеткені туралы пікірдің таралуы. Бұл көзқарас олардың Қытайға қатысты саясатын, әсіресе сауда саласында қалыптастырып отыр. Қытайды бағаламау қауіпті, өйткені оның нақты әрі елеулі мүмкіндіктері бар», — деп ескертті сарапшы.

Парламентті жасырын шетелдік ықпалдан қорғау

Терроризм және ұлттық қауіпсіздік саласындағы сарапшы Джонатан Холл Ұлыбритания парламентін жасырын шетелдік ықпалдан қорғауды күшейту қажет екенін айтты. Оның пікірінше, Қытайды Ұлыбританияның жаңа «Шетелдік ықпалдарды тіркеу» тетігінің күшейтілген деңгейіне енгізу керек.

Бұл жүйе АҚШ-тағы «шетел агенттерін тіркеу туралы заңға» ұқсас және шетел үкіметтерінің мүддесінде әрекет ететін лоббистер мен кеңесшілердің қызметін ашық етуге бағытталған.

Бағдарлама екі деңгейден тұрады:

саяси деңгей — шетел мемлекеттерінің атынан жүргізілетін кез келген лоббистік әрекетті тіркеу;

күшейтілген деңгей — Ұлыбританияның ұлттық мүдделеріне қауіп төндіретін елдерге арналған.

Қазір бұл тізімге Ресей мен Иран кіреді. Холлдың Қытайды қосу жөніндегі ұсынысы Лондонның Пекин ықпалына қатысты алаңдаушылығының күшейгенін көрсетеді.

Тыңдаулар барысында қатысушылар ұлттық қауіпсіздік, адам құқықтары мен экономикалық мүдделер арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажеттігін атап өтті. Пекинге қатысты саясатта Германия мен Жапонияның теңгерімді, прагматикалық тәсілдері мысал ретінде келтірілді. Сондай-ақ Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония және Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықты нығайтып, Қытаймен өзара іс-қимылдың келісілген стратегиясын әзірлеу қажеттігі айтылды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 22:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары