Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Амалмен келген амандық

Амалмен келген амандық

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Бұл күні ел-жұрт бір-біріне «Бір жасың құтты болсын!», «Амал мерекесі құтты болсын!», «Амалға аман жетуіңізбен!» деп ақжарма тілегін айтады. Амал мерекесінің мән-маңызы жыл өткен сайын артып келе жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Күні кеше Ұлттық музейде Наурызнама онкүндігі шеңберінде «Амал мерекесі – ізгілік пен бірліктің белгісі» атты мәдени-танымдық іс-шара өтті.

Дүние жаңаратын күн

Тағылымға толы іс-шара Көрісу күні – Амал мерекесінің тарихи және мәдени маңызын кеңінен таныстыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен қоғамдағы ізгілік пен бірлік идеяларын насихаттау мақ­сатында ұйымдастырылды. Біз бі­летін Көрісу күнінің тарихы ту­ралы халық арасында әртүрлі бол­жам мен пікірлер бар. Ерте заманда қатынайтын негізгі көлік құралы ат пен арба болғандықтан, қыстың ұзақ әрі қатал кезінде, кейде үш айдан алты айға дейін екі жақтағы жұрт бір-бірімен байланыса ал­маған. Көктем келіп, қар еріп, күн жылынғанда, ана ауыл мен мына ауылдың адамдары қайта қауы­шып, бір-бірімен көрісетін болған. Бұл кезең көбіне наурыз айының орта­сына тұспа-тұс келіп, осы­лайша, Амал мерекесі, яғни Көрісу күні қа­лыптасты деген болжам айты­ла­ды. Танымдық іс-шарада осындай игі мерекенің маңызы ай­тылып, дәстүрлі рәсімдер таныс­тырылды. Қонақтар қазақ халқының бата беру, үлкенге құр­мет, кішіге ізет таныту, қол алысып көрісу секілді ұлттық салт-дәс­түр­­­лердің сахналық көрінісіне куә болды.

Мерейлі жиынға Ұлттық му­зей қызметкерлері, музей қо­нақ­та­ры мен өнерпаздар қатысты. Атап айтсақ,  «Бозоқ» мемлекеттік тари­хи-мәдени музей-қорығы, «Гера­ль­дикалық зерттеулер орта­лығы» республикалық мемлекеттік ме­кемесі мен ЮНЕСКО қамқор­лы­ғындағы Халықаралық мәде­ниет­­терді жақындастыру орталы­ғының қызметкерлері, Астана қа­ла­сы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ Достық үйі өкілдері арнайы қатысып, ҰҚК Шекара қызметінің ансамблі, Астана қала­сы әкімдігіне қарасты «Наз» мем­лекеттік би теат­рының әнші­лері, К.Байсейі­това атындағы Қазақ ұлт­тық өнер университетінің сту­денттері өнер көрсетіп, мерекелік іс-шараның сә­нін келтірді. Жиын ба­сында Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы Амал мерекесін тату­лық пен бауырмалдықты дәріп­тейтін ерекше күн деп атап, қонақ­тарды Наурыз мейрамының ал­­ғашқы күнімен құттықтады.

– Сіздерді қазақтың дәстүрлі жыл қайыруы бойынша жаңа жылдың басталуымен құттық­тай­мын. Халқымыздың есебі бо­йынша бүгін – наурыз мерекесінің алғашқы күні. Бүгін қазақтың дәстүрлі жыл санауы бойынша жаңа жылдың бастауы саналатын Наурыз айының алғашқы күні. Бұл күн халқымыздың көне дәстүрін­дегі Амал мерекесімен де тұспа-тұс келеді. Наурыз – табиғаттың жаңарып, күн мен түн теңелетін ша­ғы, халқымыздың рухани жаң­ғы­рып, ұлттық құндылықтарын қайта дәріптейтін ерекше кезең. Бұл күндері адамдар бір-бірімен көрісіп, амандық сұрасып, өкпе-ренішін ұмытып, ағайын-туыс, көрші-қолаңның арасын жақын­дата түседі. Көрісу амалы – қыстан аман шыққан елдің бір-біріне деген құрметін білдіріп, татулық пен ынтымақты нығайтатын игі дәстүр. Ол адамдардың өзара сый­ластығын арттырудан бөлек, та­би­ғатқа, қоршаған ортаға деген жылы қарым-қатынасты да қалыптас­ты­рады. Наурыз – ұлтты ұйыстыра­тын, елді бірлікке шақыратын, өт­­кен мен бүгінді жалғайтын ме­ре­ке. Сондықтан бұл мейрам әр ша­ңы­раққа шаттық, береке мен молшы­лық әкеліп, халқымыздың бірлігі мен болашағының жарқын болуына қызмет етсін. Наурыз құт­ты бол­сын! – деп лебізін білдірді Ұлт­тық му­зей директоры Б.Әбдіғалиұлы.

Амал мерекесі – татулықты, ба­уырмалдықты және өзара құр­метті нығайтатын ежелгі дәстүр­лердің бірі. Десе де, бұл ғұрыптың нақты қай кезеңде пайда болғаны туралы ғылыми тұрғыдан жүйелен­ген тұжы­рым әлі толық қалыптас­па­ған. Сондай-ақ оның алғаш қай өңірде кеңінен тара­лып, қай уа­қыт­тан бастап дәстүрлі түр­де атап өтіле бастағаны жө­нінде де нақты деректер аз кездеседі. Соған қара­мас­тан бұл күн ұрпақ­тар са­бақтастығын жалғап, ұлт­тық бірегейлікті сақтауға қыз­мет ететін маңызды ру­ха­ни құндылық ретінде ерек­шеленеді. Ата-бабадан қал­ған асыл мұраны қа­дір­лейміз десек, ежелден келе жатқан мерекені ел ішінде кеңінен насихаттауымыз керек. Белсенді ұзақ өмір сүру орталы­ғы­ның қа­тысушысы Анипа Ибраева да осын­дай пікірде.

– Біраз уақыт ұмыт қалып, ха­лық жадынан алыстай бастаған бұл мереке бүгінде қайта жаңғырып, ел арасында кеңінен дәріптеле бас­тады. Қыстың қытымыр суығынан аман шыққан халық бір-бірімен қауышып, мәре-сәре болып төс қағыстырып көріскен. Бұл дәстүр «көрісу» деп аталады. Адамдар бір-бірін құшақтап көрісіп, жылы ле­бізін білдіріп, татулық пен ба­уыр­мал­дықтың үлгісін көрсетеді. Бе­реке мен бірлікті ту еткен хал­қымыздың бұл тамаша дәстүрі әр шаңыраққа қуаныш, әр жүрекке жылулық сыйлайды. Көрісу күні – халқымыздың ғасырлар бойы жал­ғасып келе жатқан тағылымды салты, ұлттық бірегейлігіміздің жарқын көрінісі, – дейді ақжау­лықты Анипа әжей. 

Көрісу – ғасырлардан жеткен мереке

Көрісу дәстүрі, әсіресе Батыс Қазақстан өңірінде үздіксіз сақ­талып, кеңінен тойланып келгені белгілі. Кеңес үкіметі тұсында көп­теген ұлттық дәстүріміз сияқты бұл мереке де біраз уақыт назардан тыс қалып, ұмыт бола бастаға­ны­мен, Батыс өңірінде оның жұрнағы сақталып қалды.

Шын мәнінде, Амал мерекесі тек Батыс Қазақстанға ғана тән дәс­түр емес. Ескі жазбалар мен әде­би мұраларға назар аударсақ, бұл дәстүр қазақ даласының көп­теген өңірінде болғанын көруге болады. Мәселен, қазақтың ұлы ойшылдары Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларында елдің қыстан аман шығып, бір-бірімен көрісіп жататыны туралы деректер кездеседі. Бұл кезде адам­дар бір-бірінен «Ел аман ба, жұрт тыныш па, мал-жан аман ба?» деп сұрасып, қымызмұрындық жасап, қауышып жататын болған. Ұлттық музейдің «Қазақстан тарихы» бө­лі­мінің аға ғылыми қызметкері Сы­рым Серікқазыұлы бұл игі дәс­түр 80-жылдардың соңына қарай қайта жаңғыра бастағанын негізге алып, мерекенің мазмұнына ерек­ше тоқталды. Тарихшының ай­туынша, бүгінде ұлттық құндылы­ғымыз жаңаша сипатта жалғасын тауып келеді.

– Бұл дәстүр ерте кезде бүкіл қазақ даласында кең құлаш сермеп атап өтілген. Оны Абайдың, Шә­кә­рімнің, Мәшһүр Жүсіптің шы­ғармаларынан көре аламыз. Амал мерекесі шамамен 70 жыл бойы тойланбай, халық жадынан біртін­деп алыстай бастады. Тек 80-жыл­дардың аяғына қарай қайта жан­данды. Нақтырақ, Маңғыстау өңі­рінде Отпантауда ұлыстың ұлы күні көктемнің алғашқы мерекесі ретінде бастау алды. Қазір Амал мерекесі ел арасында қайта жан­данып, кеңінен насихатталып ке­леді. Әсіресе, Батыс Қазақстан өңірінде, оның ішінде Ақтөбе, Ақ­тау және Маңғыстау аймақтарында бұл дәстүр ерекше аталып өтеді. Ал Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстан өңірлерінде бұл мереке­нің насихатталуында әзірге баяу­лық байқалады. Бұл жағдай табиғи ерекшеліктермен де байланысты. Себебі кей өңірлерде қыс ұзаққа созылып, көктем кешірек келетін­діктен, мерекені атап өту дәстүрін­де белгілі бір айырмашылықтар кездеседі, – дейді С. Серікқызұлы.

Тарихшы Сырым Хасеновтің айтуынша, Мәшһүр Жүсіп Көпей­ұлы өз жазбаларында қазақ ара­сын­да сегіз күнге созылатын «Нау­рызнама» дәстүрі болғанын атап өтеді. Ескі күнтізбе бойынша бұл сегіз күндік Наурызнама шамамен 14-22 наурыз аралығына сәйкес келеді екен. Сондай-ақ кемеңгер ақын Абайдың інісі Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлы Ахаттың жазбаларында да бұл туралы деректер кездеседі. Оның айтуын­ша, бұрынғы есеп бойынша 14 нау­рыз ескіше 1 наурыз деп қабыл­да­нып, көктемнің басталғанын білдіретін күн ретінде саналған. Оның жазбасында: «14 наурыз – ескіше 1 март. Әкей айтты: бүгін ескіше 1 март – қазақша Жаңа жыл Ұлыстың ұлы күні. Жаңа жылдың бұрынғы аты – Наурыз, бұл парсы тілінде жаңа күн дегенді білдіреді» делінген. Этнографтар Жаңа жыл басының Ұлыс екеніне «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болады. Үлкен кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» деген мысалды дәлел ретінде келтіріп жүр. Бұл деректер қазақ халқының дәстүрлі жыл қайыру жүйесінде көктемнің басталуы мен жаңа жылдың келуі ерекше мәнге ие болғанын көрсетеді.

– Көрісу күнін 1 наурыздан басталып екі апта бойы жалғасса, 14 наурызда Көрісу күнімен ұш­тасып, одан әрі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына ұласар еді, – деді Сырым Хасенов.

1989 жылдан бастап, идеоло­гия­лық тұрғыдан көптеген кедергі­ге қарамастан, Наурыз мереке­сін қайта тойлау туралы бастама кө­теріліп, арнайы шешім қабыл­дан­ды. Соның нәтижесінде көп жыл бойы ұмыт қалған Наурыз мей­рамы қайта жаңғырып, халық­тық мереке ретінде тойлана бас­тады. Бұл іске қазақ мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін терең зерттеген этнографтардың бірі Өзбекәлі Жәнібеков ерекше атсалысты. Тарихшы түйін сөзіне осы мысалды дәйек етті.

– Өзбекәлі Жәнібеков Наурыз­дың түп-төркіні мен оның аста­рын­да жатқан дәстүрлерді жақсы түсінді. Соның ішінде Көрісу не­месе Амал мерекесінің де мәні зор екенін білді. Алайда сол кездегі саяси-идеологиялық жағдайға байланысты бұл дәстүрді толық дәріптеуге уақыт қажет болды. Себебі ол кезде еліміз әлі тәуел­­сіз­дігін жарияламаған еді. Сондықтан бұл үрдіс біраз уақытқа кешеуілдеп, тек кейінгі жылдары ғана кеңінен жандана бастады, – деді ол.

Сонымен, 14 наурыз – адам­дар­дың бір-бірімен төс қағысып көрісетін күні ғана емес. Бұл күн – достық пен татулықты, ауызбір­ші­лік пен бауырмалдықты нығайта­тын ерекше күн. Ұлыстың ұлы күні осындай ізгі дәстүрден басталуы хал­қымыздың бірлігі мен бауыр­мал­дығын айшықтай түседі.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:212
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Наурыз 2026 06:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see161

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see150

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see150

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see150

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see148

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see146

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see142

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see141

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see138

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see136

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see132

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see132

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see127

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see123

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see123

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see122

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see121

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары